"Менің атым-Тәуелсіздік" 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің атым-Тәуелсіздік" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»

Педагогтің аты-жөні:

Жоламанова Лунара Асылханқызы

Күні:


Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Менің атым – Тәуелсіздік»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

ТЖ2 6.1.2.2 Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Шығарманың негізгі идеясын түсіндіреді.

Көпшілік оқушылар үшін:

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

б) «Ой толғау»

«Тәуелсіздік» деген кезде ойымызға не келеді?

Дискриптор:

-Өз пікірін жазады;

Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин


(Ұ) «Блум түймедағы»әдісі арқылы оқушылардың алдыңғы білімін пысықтаймын.

1.Қарапайым сұрақ. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

2.Анықтаушы сұрақ. Егер мен қателеспесем, Алматы қаласында болды ма?

3. Талқылау. Желтоқсан оқиғасы неліктен болды?

4. Шығармашылық. Қалай ойлайсыңдар, желтоқсан оқиғасы болмағанда, боздақтарымыз қыршын кетер ме еді?

5. Бағалаушы. Жастардың әрекетін қалай бағалайсың?

6.Қолданбалы.  Қазіргі қоғамда Қайрат, Ләззат, Сабира сынды жастар кездесе ме?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды

ҚР Туының суреті арқылы бағаланады. Әр дұрыс жауапқа сурет жіберіледі.

ҚР Туының суреті

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

  1. мин.

1-тапсырма

«Мені тыңда» стратегиясы

Шығармадағы басты ой анықта, негізгі идеяны түсіндір.


Оқылым

Тыңдалым

Шығарманы оқып, ұстаз орындауында тыңдайды.

. Дескриптор:

-Шығарманы жүргізе отырып, тыңдайды

-шығарманың негізгі ойын анықтайды;

-негізгі идеяны түсіндіреді;



ҚР Туының суреті



2- тапсырма.

 «Балық қаңқасы» тәсілі

Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықта, талда, өзіндік пікіріңді айт.

  1. Идеясы – Тәуелсіздік

  2. Дәлелдер – Алып таулардың құлағанын көрдім; Халықтың жылағаны;

  3. Империяның көз жасы;



Жесірлік салған қайғы-мұң;

Анасының кісен, құлдық туралы айтпауы;

3.Себептер – Халықтың бодандықта болуы;

6 жасар баланың қиындықты сезінуі, үнсіз түсінуі;

4.Қорытынды.Тәуелсіздік – еліміздің таңы. Анасының ездікке емес, ерлікке тәрбиелеуі.Тәуелсіздік жолындағы қиыншылықтар.

Айтылым. Берілген тапсырмаларды орындандап, сұрақтарға жауап береді.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушының айтылым дағдысы қалыптасады.


Дескриптор:

- Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды;


-Өзіндік пікірін айтады

-Себептерін табады

-Қорытынды ой түйіндейді.

ҚР Туының суреті



Бекіту

«Әріптер сөйлейді» «Тарих» сөзіндегі әр әріпке Тәуелсіздікке байланысты түйінді ой айту.

Т- Тәуелсіздік – елім тірегім!

А – ата-бабамыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен алып берген дархан даласы

Р – руы күшті батыр ел

И-игілікті істің нәтижесі

Х – халықтың асыл арманы

Бұл шығарманың негізгі идеясы қандай?

Дәл осы бөлімнен Қожа қандай бала болып көрінді?

Жазылым.

Жұмыс дәптерлеріне негізгі ұғымның анықтамасын жазып алыңдар.

Дескриптор:

-Жұмыс дәптерлеріне негізгі ұғымның анықтамасын жасап, жазып алады.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.


«Мен не білемін?»әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Сурет» әдісі арқылы бағалайды. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліген сай, тілі жеңіл, түсінікті қолданамын.Қабілеті жоғары оқушыларға проблемалық, жетелеуші  сұрақтар көбірек беремін. Кері байланыс парағын толтыру арқылы білімдерін нақтылаймын.Оқушылардың деңгейлеріне сай тапсырмалар мен дескерипторлар құрамын.Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.

Оқушылардың ойын жүйелі жеткізу қабілеттерін білдірген өзіндік пікірлері , кестедегі берілген үзіндіге сай көтерілген әлеуметтік мәселені анықтатамынмын, шығарманың негізгі идеясын, себебін, фактілерге сүйене отырып, дәлелдер келтіріп қорытындылауға үйретемін.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

  1. «Блум түймедағы» стратегиясы жеңілден күрделіге қарай қойылған сұрақтар ой шақырып, сабақтың тақырыбын сәтті болжады.


  1. «Мені тыңда» стратегиясы арқылы шығармадағы көтерілген ақпаратты анықтап, өзіндік пікір білдірді.

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1.  «Рафт» стратегиясы – оқушы рольге еніп, өз ойын жазады. Бала айтатын ойын қағаз түрінде жазып, келесі оқушы жалғастырады.


2.  «Өлең жазу» – берілген тақырыпта өз ойларын жазып, өлең шығарса ,бір-біріне таратып, пікір алмасады.


Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



1.Келесі сабағымда «Жылдар сөйлейді» әдісі арқылы сабағымды тарихпен байланыстырып, ой қозғау жүргіземін.

2.Тапсырмалаларды күрделендіре түсемін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2021
543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі