Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Менің досым.Сабақ жоспары. Қазақ тілі.7-сынып.Арман ПВ баспасы.ҚМЖ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бөлім: |
Сүйіспеншілік пен достық |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
|
Сыныбы:6 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Менің досым |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
7.3.4.1-эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу.(дискуссивті эссе); |
Сабақтың мақсаты: |
-эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазады.(дискуссивті эссе); |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту |
Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру Оқушыларды түгелдейді, оқу құралдарын тексереді. Үй тапсырмасы сұралады. |
Мұғаліммен амандасады, оқу құралдарын дайындайды. «Сәлемдесу»
әдісі |
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады |
Оқулық, жұмыс дәптерлері |
Жаңа сабақ |
Ойқозғау.
1-тапсырма Сынып «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
2-тапсырма. Сынып Бірге қайталайық
|
Достарың мың болса да, аз деп біл, Дұшпаның біреу болса да сақтан. (Құтып) Шын достық жүрген жерде қожайын мен құлдың құны бірдей болады. (С.Сарайи) Оқушылар нақыл сөздер бойынша өз ойларын айтады. «Менің досым» тақырыбына диалог құрыңдар. Балалар 5 минут дайындалып, өздерінің досы туралы диалог құрады. Дискуссивті эссе жазу алгоритмі. Эссе құрылымы: Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Эссе құрылымындағы ескерілетін ұғымдардың түсініктері: Тезис – негізгі идея, тақырыпқа қатысты қысқа да нұсқа түйінді ой, көзқарас (сөйлем). Тезиске қатысты пікір – жазып отырған адамның тақырыпқа байланысты ақпаратты «ой сүзгісінен өткізуін», мәлімет пен деректерге негіздеуін қажет ететін, соған арқау болатын жеке пікірі (сөйлем, ой). Пікірге қатысты аргумент – тезиске, айтылған пікірге түсінік беріп, көтерілген мәселені әр қырынан қарастыру (сыни талдау, жинақтау, дәйектеу, дәлелдеу және т.б.). Ой тұжырымы – көтерілген мәселе, берілген сұрақ немесе тақырыпқа байланысты тезисті (түйінделген ой, көзқарас, ұстанымды) қорытындылау: жалпы қорытынды шешім немесе өзіндік ұсыныс, өзіндік тың пікір (жазба иесінің ойлау ерекшелігіне орай, ой қозғайтын сұрақ, көпшіліктің ойын қозғауды көздеген екіұшты пікір болуы да мүмкін). Нақты түсініп, білу үшін осы түсініктердің үлгісін көрсетіп, мысал келтірсек, эссе жазып үйрену жеңіл болар деп ойлаймыз. Балаларға дайын жазылған эссе үлгісі беріледі. |
Дескриптор: -нақыл сөздер бойынша өз ойларын айтады; -жұптасып диалог құрады; -ээсе құрылымы мен жазылу жолдары туралы біледі. ҚБ. «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Дәл таптың!» сөздері арқылы ынталандыру. |
«Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы |
3-тапсырма. Жеке жұмыс |
«Достықтың екі заңы болады» не «Достық еш заңға бағынбайды» деген екі пікірдің бірін дәлелдеп, дискуссивті эссе жаз.
|
Дескриптор: - -эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды; -тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын анықтайды; -себептеріне өз көзқарасын жазады - көтерілген мәселе бойынша дәлелдерді айқын көрсетіп жазады |
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК |
Сабақты бекіту |
«Автор орындығы» |
Оқушылар жазылған эсселерді ортаға шығып оқиды. Оқушылар бір-бірін бағалайды. |
Дескрипторға сәйкес бірін-бірі бағалайды. |
Оқулық |
Үй тапсырмасы |
|
Достық туралы өлең шумақтарын жазу. |
|
Оқулық |
Сабақ соңындағы рефлексия |
Рефлексия «Бөлмедегі заттар» әдісі
|
Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді. |
|
|
Әдеби-дәлелдеме эссе
... Түркі халқының атақ-даңқы ӛшпесін деп, Мені қаған етіп отырғызған еді.
Ең болмаса бай халыққа отырмадым. Іші ассыз,
Сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым.
... Бағым болғандықтан, Сәті түскендіктен,
Ӛлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым...
«Күлтегін» жырындағы осы жолдардың қазіргі Қазақстанмен байланысы бар ма?
Күлтегін – екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы,
«кӛк түріктің кӛк семесері» атанған атақты батыры. «Күлтегін» жырында оның түрік халқына қаған болып, билік еткен жылдарындағы мемлекет жағдайын алға ӛрлеткені жайлы айтылады. Менің ойымша, жыр жолдарын қазіргі Қазақстанмен байланыстыруға болады, яғни Күлтегін қаған мен Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Назарбаев арасындағы ұқсастық.
Біріншіден, Н. Назарбаев та Күлтегін қаған сияқты елінің әлеуметтік- тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін бірқатар жұмыс атқарған. Олардың ел басқаруының алғашқы жылдарында халықтың тұрмысы мүшкіл еді.
«Күлтегін» жырында:
Іші ассыз, Сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым, - десе, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы басылымдарының бірінде: «Қазақстан 90- жылдардың орта шенінде қалған дағдарысты жағдай республиканың барлық әлеуметтік табыстарын апат шегіне апарып қойды. ...Осының барлығы Қазақстан халқының айтарлықтай бӛлігінің ӛмір сүру деңгейі күрт тӛмендеп кетуіне алып келді», - деген тарихи естелік – осы күндердің айғағы. Екеуі де азат халқының осындай хал-ахуалын кӛтеруге күш салды. Жырдағы:
Ӛлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым, - деген жолдардың қазіргі уақытта елбасының түн ұйқысын төрт бөліп жасаған реформалары, заңдары, стратегиялық
жоспарлары еліміздің өмір сүру деңгейі минимумынан тӛмен табысы бар азаматтардың санының азайып, халықтың әлеуметтік жағдайын кӛтеруімен байланысы бар. Осылайша қаған мен президент ең бірінші халқының тоқтығын қамдаған.
Екіншіден, ел басқарушылар халқының тұрмыс жағдайын кӛтергеннен кейін, ел іргесінің беріктігін ойластыра бастады. Жырдағы «Тату елге жақсылық қылдым, - деген жолдардан Күлтегін қағанның кӛршілес елдермен жақсы қатынас орната алғандығы кӛрінеді. Сол сияқты Елбасының дүние жүзіндегі антиядролық қозғалысқа бастама көтеруі, елімізде болып жатқан әртүрлі деңгейдегі саммиттер, халықаралық іс-шаралар әлем елдерімен бейбіт, тату өмір сүруді ұстанғанын кӛрсетеді. Сондықтан екі басшы да жасампаздықтарымен ұқсас.
Түйіндей келе, қай дәуірде болмасын ел жағдайын ойлаған басшылар идеясында өзара ортақтастық бар. Олардың мақсаты - халқының қуаныш пен шаттыққа толы бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету. Жер бетіндегі елдермен төрт құбыласы тең өмір сүру. Күлтегін қаған мен елбасы Н.Назарбаевтың ел басқарудағы мүдделері өзгелерге үлгі болуға тұрарлық.
Әдеби-дәлелдеме эссеге құрылымдық талдау
КІРІСПЕ
Тақырыпты түсіну сөйлемі:
Күлтегін – екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семесері» атанған атақты батыры. «Күлтегін» жырында оның түрік халқына қаған болып, билік еткен жылдарындағы мемлекет жағдайын алға өрлеткені жайлы айтылады.
Тақырыптың өзектілігі:
Менің ойымша, жыр жолдарын қазіргі Қазақстанмен байланыстыруға болады,
Тезис:
яғни Күлтегін қаған мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н. Назарбаев арасындағы ұқсастық.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
-
абзац
Тезисті қолдаушы пікір
Біріншіден, (сөз оралымы) Н. Назарбаев та Күлтегін қаған сияқты елінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін бірқатар жұмыс атқарған.
Аргументке дейінгі баяндау (уақыт, мекен, жағдай, қатысушылар т.б.) Олардың ел басқаруының алғашқы жылдарында халықтың тұрмысы мүшкіл еді.Аргумент
-
«Күлтегін» жырында:
Іші ассыз, Сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым, - десе, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы басылымдарының бірінде: «Қазақстан 90- жылдардың орта шенінде қалған дағдарысты жағдай республиканың барлық әлеуметтік табыстарын апат шегіне апарып қойды. ...Осының барлығы Қазақстан халқының айтарлықтай бӛлігінің ӛмір сүру деңгейі күрт тӛмендеп кетуіне алып келді»,
-
Жырдағы:
Өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым, - деген жолдардың қазіргі уақытта елбасының түн ұйқысын тӛрт бӛліп жасаған реформалары, заңдары, стратегиялық жоспарлары (аргументтер)
Талдау (анализ)
-
- деген тарихи естелік - осы күндердің айғағы. Екеуі де азат халқының хал- ахуалын кӛтеруге күш салды.
-
еліміздің ӛмір сүру деңгейі минимумынан тӛмен табысы бар азаматтардың санының азайып, халықтың әлеуметтік жағдайын кӛтеруімен байланысы бар. Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Осылайша қаған мен президент, ең бірінші, халқының тоқтығын қамдаған.
-
абзац
Тезисті қолдаушы пікір
Екіншіден, (сөз оралымы) ел басқарушылар халқының тұрмыс жағдайын кӛтергеннен кейін, ел іргесінің беріктігін ойластыра бастады.
Аргумент
-
Жырдағы «Тату елге жақсылық қылдым,
-
дүние жүзіндегі антиядролық қозғалысқа бастама көтеруі, елімізде болып жатқан әртүрлі деңгейдегі саммиттер, халықаралық іс-шаралар
Талдау (анализ)
-
деген жолдардан Күлтегін қағанның көршілес елдермен жақсы қатынас орната алғандығы көрінеді.
-
әлем елдерімен бейбіт, тату өмір сүруді ұстанғандығын көрсетеді.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Сондықтан екі басшы да жасампаздықтарымен ұқсас және басқаларға үлгі бола алады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӚЛІМ
Түйіндей келе, қай дәуірде болмасын ел жағдайын ойлаған басшылар идеясында ӛзара ортақтастық бар (тезиске оралу).
Олардың мақсаты - халқының қуаныш пен шаттыққа толы бейбіт ӛмір сүруін
қамтамасыз ету. Жер бетіндегі елдермен төрт құбыласы тең ӛмір сүру (негізгі бӛлім абзацтарының түйіні)
Эссені қорытындылаушы сөйлем
Күлтегін қаған мен елбасы Н.Назарбаевтың ел басқарудағы мүдделері өзгелерге үлгі болуға тұрарлық.