Материалдар / Менің мамандығым - тәрбиеші
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Менің мамандығым - тәрбиеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбесіндегі барлық педагогке үлкен көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2020
336
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің мамандығым – тәрбиеші

Бұл өмірде көптеген мамандық түрлері бар және сол мамандық түрлерінің әрқайсысы өз қылығымен ерекшеленеді. Бірақ бәрінен де қызықты, қажет мамандық – тәрбиеші мамандығы деп ойлаймын. Әрине, тәрбиеші мамандығы қиынырақ- өйткені кіші ұрпаққа үлгі болу, тәлім- тәрбие беру, ақыл-кеңес үйрету біздің парызымыз, осы кішкентай қиындықтың бәрін біз жеңе аламыз, өйткені оның бәрі балаға, кішкентай бөбектерге деген сүйіспеншілігіміздің, махаббатымыздың арқасы. Сүйіспеншілік, қамқоршылдық жер бетіндегі барлық тірі ағзаларға керек. Мысалы: құстар, жан-жануарлар, аңдар және ересек адамдарымыздың өзі де соған зәру және әрине сонымен бірге біздің кішкентай бүлдіршіндерімізге ерекше түрде керек.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс–табыс биігіне жеткізетін қанат.

Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзін араласқын келетін ортаны да таңдау. Қазақ “Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда” деп бекер айтпаса керек.

Ал мен өзімнің қасымда сол кішкентай бүлдіршіндерің барына қуанамын, олар әрқайсысы өз қылығымен тәтті, алғыр, ұяң, ширақ, қызықты. Оларға ең алдымен не керек? Бәрінен де - жылы жүрек, махаббат керек, сондықтан мен олардың әрқайсысын бөліп жармай, бәрін бірдей қабылдаймын. Басқа мамандық түрінен мұндай қызығушылықты көрмейсіз, өйткені тәрбиеші- бала жанының емдеушісі, сарапшысы, қиындықтың бәрін жеңе біліп, балалардың сенімі мен кішкентай жүректерін жаулап алатын адам.

Мен осы себептерден кейін тәрбиеші мамандығын таңдап алдым және осы мамандықты қатесіз таңдағаныма қуаныштымын. Осы мамандық жолында әрі қарай білім алуға, дамуға, әртүрлі қызықты жұмыс түрлерін үйренуге болады, қысқасы бір орында тұрып қалмаймын. Тәрбиеші мамандығына осы себептерден басымды ие отырып, ұлы ұстаздардың ұшан теңіз еңбектері мен тәжірибесіне басымды иемін.

Балабақшаға келген балалардың жүздері сондай жарқын, көңілді, бақытты балалық шақтары сондай қуанышты, олардың қуанышы -менің қуанышым.

Осылай біз барлығымыз бірге білім жолында келе жатырмыз, олар «жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп» айналадағы қоршаған ортаны танып білуде, ал мен олардың барлық жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуіне қызмет етуден жалықпаймын.

Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар.Менің мамандығым-тәрбиеші. Тәрбиеші жұмысы күрделі де, қызықты да, жауапты. Балабақшаға кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері, сыңғырлаған күлкілері «Сәлеметсіздер ме, балалар?» деген сөзіме берген балалардың «Сәлеметсізбе ?» деген жауабы бір сергітіп, серпілдіріп тастайды. Сондықтанда, бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз. Күнде таңертең жұмысқа келгенде, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге жетелегендей болады. Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын.

«Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр. Алдымызға келген балалар – біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.

Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз тәрбиешілердің еншісінде.

Өйткені бала – кіршіксіз пәк, тап-таза мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып тұнығуына қону үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету олардың ой – сезімдерін оның еркін көркем жеткізе алуға баулу, таңымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне” бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді.

Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Балалар – өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.

Мұғалім, тәрбиеші – болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық иесіне дәл мұғалімге қойылатындай талаптар қойылмайды.

Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамын

Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, тәрбиешілердің бұлжытпас борышымыз. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.«Адамды тәрбиелеу - демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу». А. С. Макаренко.

Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан.

Балабақшадағы балалармен жұмысқа жетекшілік ететін бірден - бір адам, ол - тәрбиеші. Педагогикалық үрдістің тиімділігі тәрбиешілердің өз ісін сапалы орындауымен анықталады. Сондықтанда тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері жағынан білікті болуы керек. Тәрбиеші өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып, нәтижесі табысты болмақ. Тәрбиешінің өмірден алған тәжірибесі, қабілеті, адамгершілігі, қарапайымдылығы, мінез - құлқы әлдеқайда жоғары деңгейде болуы тиіс. Ол қандай қиын жағдай болсын, кедергілерге қарамастан балалармен тікелей тынымсыз жұмыс жасайды.

Тәрбиешінің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы ұйымдасқан оқу қызметі, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен және тағы да басқа сайыс - байқауларды

Тәрбиеші – жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу үлкен қасиет. Тәрбиеші тәрбиесін шын қабылдаған бала болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға айналады. Ұлы Абай атамыз: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға!» - деп жырлап кеткендей, әрбір ұстаз бұлақ түбінен асыл тас іздегендей балаға мән мен мағынаға толы білімді үйретуі керек. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде, тәрбиешілердің осындай қым - қуат тіршіліктен шаршамай, талмай еңбек етіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік сіңіріп, өз - өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.

Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиеленушілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттеерін дамыту қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. «Адамның адамшылдығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»деген Абай сөзін өмірлік қағида еткен әрбір тәрбиеші, ұстаз құрметті.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!