Менің мамандығым менің мақтанышым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің мамандығым менің мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім мәртебесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Манаш Қозыбаев атындағы

Солтүстік Қазақстан университеті

Тіл және әдебиет кафедрасы

ҚТӘ-21-3 тобының студенті Зейлова Меруерт Шарханқызы



Менің мамандығым – менің саналы таңдауым


Әлемде әр түрлі мамандықтар бар. Бірі қаржыгер, бірі тілші, аудармашы, тағы бірі өз бизнесін ашып жатыр, тағы бірі мың бұрала билесе, кей біреуі өз кеңселерінде ісін жасап, міндеттерін атқаруда. Ал, мен таңдаған мамандық қарапайым болсада, ешқандай робот та, машинада алмастыра алмайтын ұлы мамандық. Ол - мұғалім. Қазақ батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұзтаздық ұлық емес, ұлы қызмет» -дейді. Осындай жауапкершілікті қажет ететін, шыдам мен сабырды сынайтын, сүйіспеншілік пен мейірімді қажет ететін жұмыс. Әр адам бұл мамандақты таңдар алдын көп ойлануы қажет деп білем. Әр үйдің еркесін бір ұяға жинап, оған тәлім - тәрбиемен қатар оқу - білімді үйретесің. Қазіргі дамыған заманда, Жаңа Қазақстанда бәсекеге қабілетті жастарды оқытып шығару біздің басты міндет болмақ. Қазіргі мұғалімдер Tiktok-пен, Instagram-мен бәсекеге түсу үстінде. Сол үшінде жақсы мұғалім оқушылары үшін аспандағын жұлдыздарды жерге түсіріп, кітаптағы ақпаратты ұмытпайтындай түсіндіру керек. Ол үшін бізге интелегент, дамыған, жаңа технологияларды түсінетін, психолог, шешен болу маңызды.

Мұғалім болу жүректің батырлығы. Қазір барлық мәселе тек мұғалімдер мен педогогдардың мәртебесін көтеруде болып жатыр. Жыл сайын мұғалімдерді жалақысы, педагогика мамандығында оқитын студенттердің шәкіртақысы өсуде. «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын мұғалімдікі» – деген ұстаз Мағжан Жұмабаев. Ұстаз мәртебесі – қоғам мәртебесі! Мұғалімдер үшін ең қуантарлығы қағазбастылықтан құтылу. Бұрын үй-үйді аралап, балаларды жинап, тіркеп, қағаз журнал толтырып, екі-үш бет жоспарды қолмен жазып, жиналыстарда бос орындарды толтырып, кейде сенбілікке шығып, көше аралайтын кездерде болған. Бұл мұғалім мәртебесін түсіретін жағдай деп білемін. Мұғалім - қоғамның айнасы. Елдің, халықтың жағдайынан хабар береді, егер ел жақсы болсын десек педагог мәртебесін көтерейік. Оқушыны жан-жақты, білімді, ізденгіш, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу, ал оларды ұлтына, тіліне қарап алаламай, білім мен тәрбие беру – адамдық борышым. Сабақ беру барысында оларды шын жақсы көріп, ұлтқа, дінге, әлеуметтік жағдайына бөлмей білім беру керек. Осы процессте тек мұғалім ғана еңбектенбей, оқушы да дағдыдылануы шарт. Жаңа кітаптарды оқып, киноларды қарап, оларда көкейіндегі мазалайтын сұрақтарды сұрауы тиіс. Мұғалімде барынша шынайы, қолынан келгенінше жауап беріп, түрлі заманауи әдіс- тәсілдерді қолданады.

Жаһандану заманында бәсекеге қабілетті оқушы деңгейі - біліммен өлшенеді. Сапалы білімнің негізі болып заманауи көрнекі құралдар мен ұтқыр технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушыға тың ақпараттарды оқытып білім беру. Кітаптағы білімді жай ғана жеткізу мұғалімнің құныдылығын жояды. Кітапты оқушы өзі де оқып алады. Тек Мұғалім ғана баланы оқытып қана қоймай, болашақтағы түрлі жағдайдан шығуға көмек беретін білім беріп, психологиялық, моральдық тұрғыда дайындайды. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та –мұғалім мамандығы. Себебі, ұстаз біріншіден, қоғамға ғылым беретін , екіншіден, шәкірттерімен қарым-қатынасы жақсы болатын, үшіншіден, үйренем деген балаға барын салуға тырысатын мамандық.

Сондықтан жас дос, мамандық таңдар алдында көп ойлан!

Егер, мұғалім мамандығын таңдап жатсаң нық жауапкершілікпен кіріс. Сенің саналы таңдауың – сені биікке шығаруы керек. Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.08.2024
133
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі