Материалдар / Менің мектепке баратын жолым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің мектепке баратын жолым

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғалімдері мен машықкерлерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2020
328
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар



Пән: Сауат ашу

Сынып: 1-сынып

Күні: 20.10.2020

Тақырыбы:

Менің мектепке баратын жолым

Мектеп:Қабанбай батыр атындағы орта мектебі

Машықкер:Нурламанова Альмира

Қатысқандар саны: 20

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

1.1.6.1* сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру


Сабақтың

мақсаты:

Барлығы істей алады: О дыбысының дауысты екенін біледі , о дыбысы бар сөздерді буындап, тұтас оқи алады.

Көпшілігі: сұрақтарға жауап береді, дыбыстық талдау жасай алады.

Кейбіреуі: Сызба бойынша сөйлем құрай алады

Бағалау критерийі

о дыбысы бар сөздерді буындап, тұтас оқи алады.

сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастырады

Құндылықтар

Ынтымақтастық, құрмет, сыйластық қасиеттерін дамыту.

Сауаташупәнінене қызығушылықтарын арттыру.

Пәнаралық байланыс

Математика

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:

Оқушыларға бір біріне жақсы қасиеттерін айтады. Мысалы : Айнұр есепті жақсы шығарады; Айдос сен жақсы доссың, т.б.


Өткен сабақты қайталау:

Түсіп қалған әріптерді тап. Орнына қой.

Ал…а, жа…быр, ...үйе, к...лік, ...үл, ...өмір, ...аяхат, Ас...ана, мект...п.

(Алма, жаңбыр, түйе, көлік, гүл, көмір, саяхат, Астана, мектеп)


Жаңа сабақтың тақырыбын болжау:

Оқушылар жұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашатын болады.

Ал,балалар,ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық,

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.


1. Аналар оны бастарына тартқанда,

сұлуланып кетеді.(Орамал)

2.Сақинаға қарайық,

ұқсайды оған қай әріп? (О)

-Балалар біз шешкен жұмбақтардың жауабына назар салыңыздаршы, олар қандай әріптен басталып тұр?

(Жұмбақтардың жауабы О әрпінен басталып тұр)

Дұрыс айтасыздар, демек біз бүгін О о дыбысы мен әрпі.



Көңілді әуен қосып, бір біріне жақсы ниет білдіру.


Сабақтың ортасы

5 минут










3 минут




















5 минут













5 минут








5 минут










7 минут

















-Балалар, о дыбысын хормен айтайық. ( оқушылар хормен О дыбысын айтады)

- О дыбысы қалай айтылады?

- Әндетіп, созылып айтылады.

- Демек, балалар, О - дауысты дыбыс . Ал дауысты дыбыстарды біз қандай түспен белгілейміз? ( ызыл түс). Жарайсындар! Тамаша!


- Енді, О әрпінің үлгісіне назар аударайық! Ол дөңгелекке ұқсас келеді. (О әрпінің баспа, жазба түрін түрін көрсету)


(МК; Ө; ҚБ) Дыбыстық талдау-жинақтау.

- Оқулыққа назар аударып қарайық! Қандай сан көріп тұрсыздар?

-10 саны.

- Дұрыс! Ендіосыонсанынаталдаужасайық.

10 санында неше дыбыс бар? ( екі дыбыс- о және н)

Одыбысықандайдыбыс? (Дауысты)

Ндыбысықандайдыбыс? (Дауыссыз)


(МК; Ө; ҚБ) Тыңдалым және айтылым

Мәтінменжұмыс! Оқушыларға оқулықтағы мәтін оқылады. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап берулері қажет.

-Арал мен Орал не істеп жүрді? (доп ойнап жүрді)

- Көлік жүргізушісі оларға қандай ескерту жасады ?(Жолда ойнамаңдар! Жолда ойнаған қауіпті! деді )

- Арал мен Орал қателерін түсінді ме? ( иә, олар қателерін түсінді)


(МК; Т; ҚБ)

- Оқушылар, енді мәтіннің астындағы екі сұраққа топпен бірігіп жауап берулеріңіз қажет. Ақылдасып, жауап беріңіздер.

- Балалар кешірім сұрау үшін қандай сөздер қолданды?

(кешіріңіз, енді қайталанбайды, айып етпеңіз, кешірім сұраймыз)

- Арал мен Оралдың мұндай әрекеттеріне қалай қарайсыңдар? (Балалар қате әрекет жасады. Жолда ойнау адам өміріне өте қауіпті. Бұл дұрыс емес! Бірақ олар қателерін түсінді, жүргізушіден кешірім сұрады )


ҚБ: Әр топтың жауабын тыңдап, оқушылардан бір -бірін “бас бармақ” әдісі арқылы бағалауын сұраймын


(МК; Ө; ҚБ) Оқылым

2- тапсырма

Сөздер оқылып, мағынасы талданады. Оқу түрлері жүргізіледі:

- хормен оқу

-тізбектей оқу

-жеке оқу


(МК; Ж; ҚБ)3-тапсырма

Олар кімдер? Оқушылар суретке қарап, онда кім бейнеленгенін айтуы тиіс.

- Олар кімдер? - Олар- әншілер

- Олар кімдер? - Олар-бишілер.


Сергіту сәті

Оқушыларға көңілді әуен мен бейнематериал қосылады. Сол арқылы олар қимылды қайталап, билейді.


(МК; Ө; ҚБ) Жазылым.

О әріпінің жазылуын тақтаға көрсетемін. Окушылар ауада қайталайды. Дәптерге әріпті бастырып жазады.



Оқулық (43 бет)







Әріп үлгісі




кеспе әліппе















































https://youtu.be/bn5AzXrITyg




Сабақтың соңы

3 минут


Кері байланыс

Б
үгін қандай дыбыспен таныстық?

о – қандай дыбыс?

О дыбысы кездесетін қандай жаңа сөздер үйрендік?


Қима қағаздар




Қосымша мәліметтер

Саралау оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Менің ойымша, сабаққа қойған мақсат толық орындалды. Себебі, тапсырмалар барысында оқушылар О дыбысы жайлы толық мәлімет алып, оларды ажыратып, сөздерді буындап, тұтас оқуды, әріпті жазуды үйренді.

Дайындаған тапсырмалар сабақ мақсатына сәйкес келді деп ойлаймын.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Тыңдалым және айтылым барысында оқушылардың сұраққа жауап беру арқылы өз ойларын жеткізуі.

2: Шығармашылық жұмыс барысында оқушылар ойланып, дұрыс шешім қабылдауға дағдыланды.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Келесі сабақта ойын түріндегі тапсырмаларды қосар едім.

2: Оқушыларға қызықты бейнематериалда көрсету керек деп ойлаймын.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Оқушылардың тапсырмаларды орындауына назар сала отырып, келесі сабақта олардың деңгейлеріне байланысты тапсырмалар бере аламын.

2:2: Әр оқушының өзіндік ерекшелігі мен қызығушылығы бар. Осыған байланысты сабақты түрлі әдістермен түрлендіретін боламын.






Әдіскер: Сахариева З. Д.

Мұғалім:

Машықкер: Нурламанова А.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!