Материалдар / "Менің Отаным - Қазақстан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің Отаным - Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі мекемелерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2018
374
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы әкімдігінің

64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы

















Тақырыптық оқу қызметі

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»

Ортаңғы «Еркетай» тобы







Тәрбиеші:Ұ.Ж. Бекеева













Астана 2017ж.

Күні: 08.12.2017

Білім беру саласы: « Коммуникация»

Бөлімі: Драма

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтқыза отырып, өз еліне отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. 
Сөздік жұмыс: ту, елтаңба, әнұран.

Көрнекіліктер: елтаңба, ту суреттері, слайд, гимн мәтіні, қанатты сөздер.

Билингвальді компонент: Отан – Родина; ту – флаг; рәміз – символ; елтаңба- герб.

Шаттық шеңбері

-Менің Отаным өте сұлу!

-Менің Отаным өте бай!

-Менің Отаным әдемі!

-Менің Отанымда барлық ұлттар тату тұрады!

-Мен Отанымды,рәміздерімді мақтан етемін!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Сұрақ – жауап:

-Бүгін біз өзіміздің туған жеріміз – Отанымыз туралы әңгімелесеміз.

-Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

- Қазақстан.

- Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

-Балалар, бүгін міне осы Қазақстанның Тәуелсіздік 26 жыл толып отыр.

-Ал, біздің еліміздің президенті кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Еліміздің елордасы қай қала?

Астана.

-Астана қандай қала?

Астана – бас қала, әдемі, үлкен қала.

Қазақстан Республикасының рәміздеріне кім атап береді?

Туымыз, әнұранымыз, елтаңбамыз бар.
-Дұрыс айтасыңдар балалар.

-Ал, балалар рәміздерімізге байланысты тақпақтарымызды кім айтып береді?

Нұрсұлтан:

Рәмізім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші. 
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Сұңғат:

Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның,

Толқын:

Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің 
Ортада – аспан әлемі.

Мади:

Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.

Айбике:

Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек

Ануар:

Тәуелсіздік жолында 
Талай-талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім Елтаңбам .

-Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар.

Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?

Көк түс.

-Туымызда тағы не бейнеленген?

Күн, қыран құс, оюлар.

-Балалар, олай болса «Отан» туралы әнімізді бәріміз бірге шырқайық.
Балалар, шеңберде тұрып Отан әнін айтады.

Біледі: Қазақстан Республикасының рәміздерін атай алады.

Игереді: Қазақстан Республикасында көп ұлттар мекендейтінін.

Меңгереді: Рәміз, ту, елтаңба сөздерінің мағынасын меңгереді.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!