Қашықтан өткізілетін
Республикалық интернет байқауына қатысу
өтінімі
Қашықтықтан
өткізілетін Республикалық интернет байқауына қатысу
өтінімі
Қатысушының
аты-жөні, тегі
|
Жасы
|
Облыс қала, аудан ,
ауыл, білім беру ұйымының атауы, сыныбы ,
курсы
|
Байқаудың ,
номинацияның, жқмыстың атауы
|
Байланыс
мәліметі(ұялы телефон, эл.
адресі)
|
Жетекшінің аты-
жөні, тегі жұмыс орны мен
қызметі
|
Жетекшінің байланыс
мәліметі (ұялы телефон, эл.
адресі)
|
Рысбек Аяулым
Нүркенқызы
|
9
|
Жамбыл облысы, Байзақ ауд.Абай
ауылы Абай атындағы орта мектеп 3
«А»сынып
|
«Қазақстан – менің алтын
бесігім», «Менің Отаным
-Қазақстан»
|
87057370311
|
Нусибалиева Сымбат
Құдайбергенқызы
|
87713313170
Symbat.nusibalieva@mail.ru
|
Менің
Отаным-Қазақстан
Әрбір жанға өзінің отбасы,
туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай
да ыстық. Отан десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып
есептелінеді. Кез- келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан
анық. Отан үшін отқа түс күймейсің-деген мақал бар. Расында да егер
Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның
өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі
қалады. .
Отан деген сенің туып өскен,
кіндік қаның тамған жер ата-анаң, досың Отанға деген махаббат,
сыйластықпен ұласса ол адамның рухани деңгейінің биіктігі: Дегенмен
де Отанға деген маббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен
тең. .
Менің Отаным-Қазақстан.
Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын Қазақстандай елім
болғанына қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын.
Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орын
алады. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елі
өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы
жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан-тәуелсіз
мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері
бар. .
Қазақстан күн сайын дамып,
көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасың. Қазақ елі
мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктердің бәрі Елбасымыздың
арқасы. .
Мен туған және өскен жері
біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай
бақыттымын, өйткені сен барсың- менің
Қазақстаным!
Менің Отаным -
Қазақстан
Жоспар:
1.Қасиетті
өлке-Қазақстан
2.Шұрайлы
Қазақстан
3.Отаның-алтын
бесігің
4.Отан-оттан да
ыстық
Отан. Бұл сөз-әр адамның
жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Отан дегеніміз-туып өскен
жерің. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің
Отаным- сонау Каспийден Алтайға созылып жатқан қасиетті
өлке-Қазақстан.
Қазақстан дегенде көз алдыма
дана шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп,
бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған
даусы құлағыма келеді. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін
өлкені мен әрқашан да мақтан
тұтамын.
«Отаның-алтын бесігің», «Отаны
жоқтық нағыз жоқтық» -деп дана халқымыз бекер айтпаған.Өз Отанын
сүю,өз ана тілін ардақтау –әрбір азаматтың бірінші міндеті.Ал
біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп
ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтсе де
ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаулардан қорғай білген.Өз елі үшін
жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға
ана сүтімен тарап , ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі
тиіс.Өйткені Отан-біз үшін оттан да ыстық. Отаным деген жас
жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, айта аламын.
Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен-ерлігінің арқасында осынау
арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш
етемін.Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың
таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты.Еліміздің күні
оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды
таудай желбіретті.Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.
Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол
тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келкр ұрпақтың бақыты үшін
аянбай күресіп табандылық пен беріктік танытты. Еліміздің көгінде
тәуелсіздік туы желбіргеннен бері өшкеніміз жанды, өлгніміз қайта
тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп
жарқын болашаққа қол созды.
«Отан- оттан да ыстық» деген
дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген
туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды,
ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді,
құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына
теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп
ойлаймын.