Материалдар / Менің Отаным – Қазақстан. Мемлекеттік рәміздер.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің Отаным – Қазақстан. Мемлекеттік рәміздер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз Отаны – Қазақстан Республикасы туралы білімдерін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
394
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

4 технологиялық картасы


Өткізген:Жасакбаева М.А

Өткізу мерзімі:13.12.20ж.

Топтың жас ерекшілігі: №4 ересек топ

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: «ҚОТ»

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан. Мемлекеттік рәміздер.

Мақсаты: Өз Отаны – Қазақстан Республикасы туралы білімдерін қалыптастыру. Міндеттері: БМ: ҚР рәміздерімен таныстыру (Ту, Елтаңба, Әнұран), ҚР мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларда мақтаныш, Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның әсемдігіне таңданыс сезімдерін қозғау. ДМ: Туған елдің тарихына қызығушылықтарын дамыту, балалардың тілдерін байыту. ТМ: Балаларда Қазақстандық мемлекеттің қуатына құрметтерін, Отанға деген сүй-іспеншіліктерін, өз еліне деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу. Қолданатын құрал - жабдық: Қазақстан Республикасының картасы, Астана қаласының суреттері,Мемлекеттік Рәміздер суреттері. Сөздік жұмыс:тәуелсіз. Көптілділік компонент:тәуелсіз- независимый- independent.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық


Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң балалар

-Балалар отан деген сөзді қалай түсінуге болады?

Отанды неліктен «туған жер» деп айтамыз?

Отан- ол біздің еліміз,жеріміз,туымыз,табиғатымыз,айналадағы қоршаған ортамыз.

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Менің Отаным- тәуелсіз Қазақстан!».Тәуелсіз ел деп-өзінің президенті, туы, елтаңбасы, ән ұраны бар деп атайды.

Шаттық шеңберге тұрады,жылы тілектерді қайталап айтады.




.

Отан- ол біздің еліміз,жеріміз, туымыз,табиғатымыз, айналадағы қоршаған ортамыз.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазақстан республикасының президенті кім?

-Дұрыс айтасыңдар. Енді мына суреттер не көріп тұрсыңдар?

-Тудың түсі қандай?

-Тудың ортасында күн бейнеленген астында қалықтаған қыран құстың суреті бейнеленген , ал сол жақ шетінде ұлттық ою өрнектелген.

-Мынау қазақстанымыздың мемелкеттік ел- таңбасы.

-Елтаңбаның негізі шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.

Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1.«Отан отбасынан басталады 2.«Жері байдың-елі бай»

3.«Отансыз адам-ормансыз бұл-бұл»

4.«Отан үшін отқа түс күймейсің»

Сергіту сәті:

Тәуелсіз елдің тірегі( қолдарын жоғары көтереді)

Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)

Артқа қадам баспаймыз

Тек алға-алға бастаймыз

Құран қыстай қалықтап (құс болып ұшады)

Болашаққа самғаймыз .

Қазақстан мемлекетінің рәміздерін айтып беріңдерші?

Балалар, біздің өзіміздің әнұранымыз, туымыз, елтаңбамыз бар, тәуелсіз мемлекет екенбіз. Біздің бас қала қандай қала?

Көркем сұлу Астанадан: Ақ орда, Бәйтерек, Думан мен Ханшатыр (ойын-сауық орта-лықтары) бар. Міне мынау – Қазақстанның картасы. Кең байтақ Қазақстан. Ол – жерге де, елге де бай мемлекет, себебі Қазақстанда көптеген байлықтар бар: мұнай, темір, көмір, күріш, мақта, астық-бидай. Балалар сендер өз елдеріңді сүйесіңдер ме?

Қыс

Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев


Ту

Көгілдір





Елтаңба



















Ту,Елтаңба,Ән-ұран



Астана









Ия

Рефлексиялық- түзетушілік


Бүгінгі сабақта біз не туралы әңгімелестік?

-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?


Қазақстан тәуелсіз ел туралы.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап беруді.

Игереді: Қазақстан Республикасы- тәуелсіз ел екенін.

Меңгереді: Қазақстан Республикасы туралы мәлеметтерді оқу іс-әрекеттерінде қолдана білу дағдыларын.


Тексерді:

Ескерту:



Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!