Менің
отбасым
Адамға ең
қымбат-отбасы
Халық
даналығы
Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңызын
ашу.
Міндеттері:
-отбасы туралы түсініктерін
кеңейті;
-отбасына деген жағымды
қарым-қатынастарын дамыту;
-отбасына деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар: Хрестоматия, ойыншық
жүрекше
Шаттық
шеңбері
-Қайырлы таң балалар! Мен
сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз шеңбер құрып
тұрып, бір-бірімізге сүйіспеншілігімізді
білдірейік.
-Каусар, сен әдемі
қызсың.
-Сембек, сен
көріктісің.
-Айқын, сен
ақылдысың.
-Айару, сен
шыншылдсың.
Әңгімелесу
-Бүгін
біз Отбасы»
аялдамасына тоқталамыз. «Отбасы»
аялдамасындағы суретке назар аударайық. Суреттен не көріп
тұрсыңдар?
Балалардың
жауаптары.
-Бұл жерде де бізді қызықты
ойындар, тапсырмалар күтіп тұр.
-Ал біз бүгін өзіміздің туған
үйіміз, отбасымыз туралы әңгімелесеміз.
Өзіммен
өзім
-Барлығымыз ыңғайланып
отырайық.
Әркімнің өз үйі бар. Әркім өз
үйін жақсы көреді, себебі ол сендердің туған үйлерің. Ол үй сендер
үшін жайлы да жылы. Онда сендерді жақсы көретін, сендер жақсы
көретін адамдар тұрады.
Енді әрқайсысымыз өзіміз
тұратын үйімізді, отбасымызды көз адымызға елестетейік. Көздеріңді
жұмсаңдар да болады. Баяу әнді музыка
ойналады.
Бір шаңырақ астындағы
туыстарымызды қалай жақсы көретінімізді, сыйлайтынымызды көз
алдымызға елестетейік.
Енді көзімізді ашып, сезінген,
ойланған ойларымызбен бөлісейік.
Балалардың
жауаптары.
Сергіту сәті. «Тату тәтті
отбасы»
Тәрбиеші балаларға әр
отбасының құрамы әртүрлі болатынын айтады. Балалар тәрбиешінің :»
Тату тәтті отбасында 3 адам, 4 адам, 5 адамнан т.с.с тұрады» деген
нұсқауы бойынша айтылған санға сәйкес тез топтасып, бір-бірімен
құшақтасады.
Әңгімелеу.
Тәрбиеші А.Асылбектің «Жанұя»
өлеңін мәнерлеп оқып береді, балалар сұраққа жауап
береді.
Жанұя
А.Асылбек
Сенде де бар
жанұя,
Мен де бар
жанұя.
Үлкенде де,
кішіде
Жанұя бар әр
кісіде.
Жанұя бары шуақ
қорй,
Қуаныш пен қуат
қой.
*Жанұя деген сөзді қалай
түсәнесіңдер?
*Өз жанұяда кімдер
тұрады?
Балалардың
жауаптары.
Тәрбиеші «Адамға ең
қымбат-отбасы» деген халық даналығын бүгінгі сабақта
түсіндірілді.
-Адамға ең қымбат-отбасы.
Отбасы-бұл сенің ең жақын адамдарың: атаң, әжең, ікең, анаң,
бауырың, інің, әпкең, сіңілің. Біз туған үйімізді жақсы
көреміз.
Ғажайып
сөздер
Балалар сабақта үйренген
өнегелі сөздерді қайталап айтады.
-Адамға ең
қымбат-отбасы.
-Отбасы-сенің ең жақын
адамдарың.
Қортындылыау.
-Бүгін сабақта біз отбасымызды
жақсы көруге, отбасындағы адамдарды сыйлауға, көмектесуге үйрендік.
Отбасы-сенің атаң, әжең, ікең, анаң, бауырың, інің, әпкең, сіңілің.
Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке, үйрететінін
білдік.
Жүректен
жүрекке
Балалар ойыншық жүрекшені бір
біріне ұсына отырып өз отбасына, оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері
мен тілектерін білдіреді.
-Менің отбасым ең тату
отбасы.
-Менің отбасым ең үлкен,
бақытты отбасы.
-Мен атам мен әжемді жақсы
көрем.
-Менің әкем ең мейірімді
адам.
-Менің анам ең ақылды
адам.