Материалдар / Менің педагогикалық философиям
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің педагогикалық философиям

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогикалық эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
273
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Сәтпаев орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аубакирова Гульнара Каирбаевна

Менің педагогикалық философиям.

Менің алдымда аппақ ақ парақ. Осы ақ параққа өз философиям туралы ойымды баяндауым қажет. Қағазға түсіру, оны жазу, ойлап көргеннен қашан да қиын. Мен не себептен мұғалім болдым? Неліктен мен басқа да тыныш, жоғары көлемді табыс табатын мамандық таңдамадым?

Иә, өйткені менің жер бетіндегі ерекше атқаратын міндетті ісім маңдайыма жазылып тұрды. Ол әрине, ұстаздық жолын қуу.

Мен – мұғаліммін. Бұл менің жолым, менің зерделі таңдауым. Бәлкім, бұл таңдау бала кезімде қалыптасқан да болар. Әбден мүмкін...

Әрдайым менен ертеңгілік уақытта қайда бара жатырғанымды сұраса, мен үнемі: «Балаларға!» деп жауап беремін. Мінеки он екі жылдан аса уақыт менің қызметімнің объектісі, сүйіспеншілігімнің бастауы, өмірімнің мәні осы балалар болып келеді. Класта күтіп отырған шәкірттеріме үлгі аларлық сабақтардан , ойшылдардың нақыл сөздерінен, әдемі аңыздардан , мейірімді сөздерден түрлі сиқырлар жасап барғым келеді. Мұғалім сәл ғана сиқыршы болуға тиіс. Неліктен дейсіз ғой? Себебі балалық шағында шытырман ойлар мен оқиғалар ойламаған бала кемде-кем. Балғын жан, ой, ниет ертегіні, ғажап қиялды аңсап-ақ тұрады. Олар көзі ашық келбетімен жаңа ізденістерге, жаңа өзгерістерге үнемі бет бұрып тұрады. Мектеп - адам баласының өсіп жетілуінің ең негізгі тізбегі болып табылады. Дәл осы жерде яғни ғылым ордасында әр түрлі жандардың қалыптасу процесі жүреді. Ұстаз әр баланың жан- дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Өз басым оқушыларыммен арадағы байланысқа шек қоймаймын. Керісінше шәкірттерімнен гөрі өзіме қаталдық танытамын. Өйткені балаға үйретуші болу үшін адалдықты, сақтық пен сезгіштікті, мейірімділікті алдымен өзіміз меңгеруге тиіспіз. «Мен өзімді айнадан көріп тұрғандаймын» деп ұлы Пушкин айтқандай әрдайым мен де айнаға қарап тұрып , «Оқушылар» деген әдемі де әсем атауды қайта-қайта айтамын. Бірақ менің айнадағы келбетім үнемі көркем бола бермейді. Бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын. Мен шындықтың ең төменгі сатысында тұрып қалмай, өзгере алатыныма, өзгерте алатыныма, жақсы жағынан өзгерте алатын қабілетімнің болғандығына шаттанамын. Осы орайда бір патша туралы аңыз есіме түседі. Бірде патша өзі билеп отырған халқын бақытты еткісі келіп, данагөйлерден кеңес сұрап барады. Ал, данышпандар патшаға үш сұрақ қояды: «Жер бетіндегі басты уақыт қайсы? Жер бетіндегі ең басты адам кім? Қандай іс жер бетіндегі ең айтулы іс?» . Патша біраз ойланып, бұл сұрақтарға жауап таба алмайды. Ал, бұл сұрақтың жауабы тым қарапайым болатын. Ең басты уақыт – ол дәл осы сәт, ең басты адам – дәл осы сәтте сенің жаныңдағы адам, ал дәл осы уақытта жасап отырған ісің – ең бастысы болып табылады. Менің педагогикалық философияма және менің ұстаздық бақытыма сәйкес бұл сұраққа былай жауап берер едім. Күнделікті менің берер сабағым – ең басты сабақ. Ал , сол сабақты үйлестіре білім беру – менің ұстаздық бақытымның алғашқысы. Мен үшін ең басты адам – ол менің оқушыларым. Әр оқушының қажеттілігін түгелдеу керек. Бұл менің ұстаздық бақытымның екіншісі. Дәл осы уақытта мен ұстаз ретінде оқушыларымның жүректеріне үміт отын жағып, мейірімділікке шақырып, мақсат қоя біліп, әр жасаған істерінің мән-мағынасын ұғындыра аламын. Бұл менің үшінші ұстаздық бақытым. Мен А.В. Суворов айтқандай «Ұстаздық бақытымның бұйырғанына бақыттымын» деп жар сала аламын. Жеңіспен келе жатқан ұлы әскери қолбасшы қандай қуанышты күйде болса, мен де оқушыларымның жетістіктерін көріп , сондай күйде боламын.

Мұғалімдік қызмет деген не? Бұл дегеніңіз ондаған жылдардың болашағы үшін көрсетілетін ерлік. Түгелдей осы жолға берілу, өлшеусіз жомарттық, махаббат... Ұстаздық – бұл әрқашан өзіңнің жан-дүниеңмен жұмыс жасау қызметі.

Мен ұстаздықты таңдадым, демек мен оқытатын және тәрбиелейтін шәкірттеріме, өз- өзіме, мамандық деңгейіме , Педагог, Мұғалім, Тәрбиеші болуға жауапкершілікті жүктедім. «Кім кімді оқытады?» деген сұрақты қоя отырып, мынадай пікірге тоқталамын. Біз оқушылармен тең құқылымыз. Шәкірттеріммен бірлесе қызмет ете отырып, әр шәкірттің пікірін құрметтеуге, оларды тыңдауға машықтанамын. Сондықтан да өз жұмысымның философиясында мынадай қағидаларды ұстанамын:

  1. Оқушылардың дербестігін мадақтау, сенімді серігі болу.

  2. Өз жұмысыңнан ғанибет алу.

  3. Білмейтінің болса, «білмеймін» деп мойындау.

  4. Жиі күлімдеп жүрсең, жүрген жеріңнің барлығы дерлік жап-жарық болады.

Ф.М. Достоевскийдің мына бір сөзін есімізге түсірейікші: «Сот залына қатысушы болып кірсек те , өзімізді кінәлі сезінуіміз керек». Сондықтан да мұғалімнің рухани әлемі, ойы, қызығушылығы, өнегелі бастаулары оқушылар үшін қашан да дайын болуы тиіс. Бала сізге сенімділік білдірсе ғана, сізді жақсы көреді, жақсы көргендіктен де әрдайым сізбен бірге болғысы келеді. Сол себептен мұғалім шыншыл, ақылды адамның рөлін сомдамай, ақылды, адал болуы тиіс. Көптеген армандарымызды қиялдаймыз, ойлаймыз, шындыққа айналуына ұмтыламыз. Сонда да жан дүниемізге тыныштық табылар емес. Мәңгі ізденіс, мәңгілік жұмыс, бір сөзбен айтқанда, ұшы қиыры жоқ алыс қиян. Кез келген адам осындай ұстаныммен өмір сүрсе ғана, үлкен жетістікке жететіні сөзсіз. Әр кірпік қағыс сәтте, әр минутта, әр күнде осындай құлшыныс менің педагогикалық философиямда кездеседі. Мұғалімдік қызмет, махаббат секілді, демалысты білмейді. Менің шәкірттеріммен кездесуімнің орны тек қана мектеп емес, жүрегімде болатыны да сондықтан. Педагогикалық қызметті атқарып келе жатқаныма он екі ғана жыл болса да, алғашқы қателіктердің ащы дәмін татып, педагогикалық егістік алаңымда философиялық атқарылатын қызметтің , таурат даналығының «Барлығың мұғалім болмаңдар!» деген сөзінің мәнін ұғынғандаймын. Оқушының есі мен жүрегіне нендей нәрсе қалайтынын мұғалім ең алдымен өзі сараптамадан өткізіп, ұғынуы қажет. Қазіргі балалар өте сақ, сергек. Ақын сөзімен айтқанда, олардың жүрегі «Өз жүрегім мақұлдамай көзім жетпейді» деп соғады. Балаларды мейірімді етіп тәрбиелеу үшін, алдымен өз жан дүниеміздегі жылылықты сезінуіміз қажет. Ашық қабақтылық пен қарапайымдылыққа баулу үшін біз алдымен өзімізді ширақ ұстауымыз керек.

... Ал, ертең тағы да ынтамен басталатын қызық күн. Менің педагогикалық философиям ертеңгі күні тек қана Грамматика, Орфография, Пунктуация, Әдебиет әлеміне ғана емес, адами іс-әрекет, Мейірімділік, Бақыт, Сенімділік әлемінде, сонымен қатар маған өте жақын балалық шақ әлеміне саяхаттайды. Өз тәрбиеленушілерімнің жүрегіне мәңгі өшпес мұра қалдырып, өз Отанының лайықты азаматы етіп тәрбиелеу менің «мектеп» деген даңғыл жолдағы жүрісімнің басты мақсаты.

Бұл менің өмірім, менің бақытым, менің педагогикалық философиям...



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!