Материалдар / Менің педагогикалық философиям
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің педагогикалық философиям

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың оқытушы, оушы және студенттерге эссе жазуга көмекші құрал ретінде пайдалануга болады. Материал кең көлемде жан-жақты ізденумен жазылды. Кей кезде ойымызды жинақтап қайталап алып нақтылап жазғалы отырған эссемізді осы жұмы арқылы яғни сол кездері комегі болады деп ойлаймын.Қандай мұғалім оқушы немесе студет бұл материалды оқығаннан жаман болмайды деп сенемін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2018
394
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе «Менің педагогикалық философиям»

Мұғалім карьера жасамайды. Мектепке мұғалім болып келіп, өмірінің соңына дейін мұғалім болып қалады. Ол- әртіс, бірақ оның көрермендері оған қол соқпайды. Ол-мүсінші, бірақ оның мүсіндерін ешкім көрмейді. Ол-дәрігер, бірақ емделушілер оған алғысын сирек білдіреді және емделуге тырыспайды. Ол күнделікті шабытқа күшті қайдан алады? Тек өзінен ғана. Тек өз ісінің айбындылығынан ғана, тек қоғамның қолдауынан ғана. Қоғамның «мұғалім» деген құрметінен ғана. Оқулық материалын жаттап алу оңай, бірақ сабақта дәстүрлі емес сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап беру үшін ойлану, іздену керек. Бұл өте қызық. Әрқайсысының өз жауабы, өз пікірі, өз көзқарасы болуы мүмкін. Сабақта маған мейрімділік орта ұнайды. Әрқайсысы өз сөзін айтуы керек, олар қателесем деп қорықпайды. Сабақта біз тек мұғалімді тыңдап қана қоймаймыз, сонымен бірге басқа оқушылардың пікірін де тыңдаймыз, өз жауабымыздың дұрыстығын дәлелдеуге үйренеміз. География пәнінде адам ой-өрісін, адамның ойлау қабілетін, жақсы қасиетін байытуда көп мүмкіндік бар. Табиғатты қорғау, Отанға деген махаббат. Сондықтан оқушыларға сұрақтар мен тапсырмаларды жаттап алу үшін емес, ой-өрісін қалыптастыру үшін, олардың шығармашылығын дамыту қажет. Осындай жұмыстың нәтижесі таңқалдырарлықтай болады, ал мұғалім мен оқушылар үшін нағыз географиялық ойлар туындайды. Бізді бақытты және бақытсыз ететін не нәрселер деп ойланып көрсек, оның жауабы өте қарапайым: біздің әдеттеріміз, жағдайлар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ біздің әдеттеріміз біздің бақытты болуымызға өте қатты әсер етеді. Өмірде сенімді қадаммен келе жатқан адамдарды өмірге деген ерекше көзқарас біріктіреді. Өмірде олардың жолдары болғандықтан емес, өмірдегі кездесетін қиындықтарды жеңу үшін әдеттерін қалыптастырғандықтан. Менің ойымша, өмір заңдылығын сақтасаң, көп жетістікке жетуге болады... өз қалауымды, мұғалім болуды, мен бала кезімде таңдағам. Қазір мен есіме түсіріп, неге осы жолды таңдағанымды өзіме түсіндіргім келеді. Мені бала кезімнен осы мамандық еліктірді. «Мұғалім болып ойнауға», қуыршақтарыма «сабақ»беруіме ешкім кедергі бола алмады. Қуыршақтарды отырғызып қойып, оларға тапсырмалар ойлап табамын. Бағаны қызыл сиямен қолдан жасалған журналға қоямын. Әрине оқушылардың аты-жөндерін де ойдан шығарамын. Менің алғашқы ұстаз ағайым өзінің мейрімділігімен, қайрымдылығымен есімде қалды. Тіпті ол маған үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеруді сеніммен тапсырып отыратын. Мектепті тамамдаған соң мен мамандық таңдау туралы ойланған да жоқпын. Алғашында мен педагогикалық колледжге түсіп, кейін педагогикалық университеттің сыртқы бөлімінде оқыдым. Бірақ мен осы мамандықты тыңдағаныма өкінбеймін. Оқушыларға білім беруде жаңашылдардың батырлығы мен тәжірибені біріктіру өте қиын. Соған қарамастан бәрін қалай оқыту керек? Бәрін: қабілеттіні де, қабілетсіздерді де, дарынды және жалқауларды, шыдамсыз және сабырлыларды. Бүгінгі мұғалімдерді толғандыратын осы сұрақтар. Сондықтан біз оқытудың жаңа жолын, әдіс-тәсілдерін іздестіре отырып, өмірде өзіңді неге арнағаныңды, өз орныңды дұрыс таптың ба соны түсінгіміз келеді. Баланың қасында өзіңді Адам ретінде ұстап, қиын жағдайда қол ұшын беруге дайын болу керек. Мұғалім-шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға, ол біреу оған дайын дүниені жасап әкеліп бергенше күтпейді, ол өзі жасауға тырысады. Қазір де оқытудың ең қажетті мәселелері болып: ғылыми тұрғыда пәнді тереңдете оқыту, табиғаттың тылысым заңын зерттеу. Мұның бәрі неге керек? Деген сұрақ туады. Расында да, оқушылар жағдайға сәйкес өз шешімдерін қабылдай білулері керек, табиғат заңдылығын түсіне білулері қажет. Сол себепті мұның барлығын түсіндіру үшін сенім, көре білу үшін көз, сезім керек. Менің ойымша, әлемге деген адами көзқарас сезе білуден және мұңаюдан басталады. Педагогикалық қызыметімнің алғашқы қадамында мен өзіме сұрақ қоятынмын: менің оқушыларыма география пәні керек пе? Әр түрлі мамандық иелерін...

Әрине, олардан жаңа Ньютон, Архимед, Ломоносов, Колумб,Магелландар шықсын деген емес. Ал шықса несі бар... Сонымен қатар, қай жерде тұратыныңды және сол жерге қалай жету керектігін білу үшін ғана емес? Сонымен менің оқушыларыма география пәні не үшін керек? Сабақ жоспарын құрып отырғанда, мен өзіме осы сұрақты қоямын. Кей уақытта мен оқушыларыма терезеге қарап қандай өмірде сүріп жатқанына қарауын өтінемін. Әрқайсысының өз көзқарасы бар. Біреуі тек көк аспанды ғана көре алады, біреуі өз ауласындағы қайыңды, біреуі осы тамаша өмірдің барлық жағын көре алады. Өмірде әр түрлі жолды таңдай отыра, біз әлемнің сұлулығын, үндестігін түсініп, сезіне аламыз: оның мұхиты мен теңізін, өзендер мен мұздықтар, орман-тоғай мен тауларын. Ал туған елдің табиғаты ше... Оның пәк тазалығын, содан кейін адамды оның қажеттілігі мен талабы. Сондықтан мен өз сабағымда табиғат байлығын қалай пайдалануда ғана емес, оны қалай бағалау, қорғау керектігін үйретемін. Әр мектеп пәні оқушыны анықтап және дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс емес.Егер сабақта зерттеу жағдайларын ұйымдастыра алсам, әр бала өзін жаңашыл ретінде сезініп, ойлап, жасап, уайымдай білсе, онда менің пәнім қажетті деп ойлаймын. Мұғалімнің шеберлігі табиғи жан-жақты мағына жақсы коммуникативтік қабілетіне, қоршаған орта мен қарым-қатынаста болатын, өзін де, өзгені де тыңдай білетін, соған қарай әрекет жасауына байланысты. Егер ол осы қабілетті жоғалтып алса онда ол өз жеке тұлғасын жоғалтқаны. Қандай оқушыны жақсы көресіз-деп кез келген мұғалімнен сұраңызшы. Жан-жақты, тәрбиелі, парасатты, еңбекқор... Әр адам, соның ішінде бала, қайталанбас! Ол қателік те жасай алады, бірақ оған ешкім өз ережесін айтып, талап ете алмайды. Біз тірі жануарлармен жұмыс істейміз ғой және біз дайын жауап бере алмаймыз, тіпті біз қиын болса да, жауапты табу үшін бағдар ғана бере аламыз. Мен өмірде батыл, мейрімді, өзге адамның пікірін құрметтей алатын, бірақ өз және өзге пікірді қалай алатын оқушыларды көргім келеді. «Сіздің биікке самғауыңыз үшін, сіздің ойларыңыз бен алға ұмтылуыңыз жоғары болу керек» Адам Джексонның сөзімен қорытынды жасағым келді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!