400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің педагогикалық кредом

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сіздің педагогикалық кредоңыз

Мен ұстаздар әулетінде өстім. Анама ұқсап, әдебиетші болдым. Анам өзіме сабақ та берді. Анам – қазір зейнеткер. Мектепте 40 жыл еңбек етті. Еңбек еткен жылдарындағы жетістіктері өте көп. Көп шәкірті әлі күнге сәлемін үзген емес. Үйге қонақ боп келіп тұрады. Анамның басты педагогикалық ұстанымы балаға терең білім беру болды. Менің де алдағы басты кредом осы болмақ. 45 минут уақытыңды бос өткізбей, шәкіртіңді ғылымдар мұхитына сүңгітсең, ұтарың көп. Әрине, алдыңдағы балалардың білімді қабылдауы әр түрлі.

Мен сынып оқушыларын өзімше 3-4 топқа бөліп аламын. Бірінші топқа өте алғырларды топтаймын. Олардан сынып шеше алмаған күрделі білім дағдыларын сұраймын. Сабағымда тақырыпқа сәйкес қосымша материалдардан деректер беруге тырысамын. Олар бір айтылған соң қайталанбайды. Бұл – зейінді балалардың ой-өрісін кеңейту үшін керек. Қазіргі таңда оқытудың сан алуан әдісі көп. 45 минут сабақта әр алуан әдіс-тәсіл болу керек деп, үзіп-жұлқып қолдана беруге болмайды. Мен үйрететін білімнің бала есінде ұзақ сақталуына бірден-бір себеп практикалық жұмыстардың көп болуы керек деп білемін. Үлкен тақырып соңындағы, тоқсан соңындағы қайталаулар білімді бекіте түседі.

Соңғы топтағы балалар – қабылдауы төмен балалар. Оларды сауаттандыру үшін тақтаға сөйлем жазуға көп шығарамын. Күрделі сұрақ қоймаймын. Білім дағдыларының жеңілдерін сұраймын. «Білмейсің» деп ұрысу дұрыс емес. Мектеп түрме емес. Бала мектепке жеку сөздерін есту үшін келмейді. Білімді ұстаз бала жүрегіне жол таба білуі тиіс. Ұрыспау керек деп, басыңа шығаруға да болмайды. Білімді өзіме қайтаруды талап ету – бір мақсатым. Үй жұмысын орындап келуді қатаң бақылаймын. Орындалмаған үй жұмысын баланың жалқаулығы, пәнге немқұрайды қарайды деп білемін. Үй жұмысын орындау – мектепте алған білімді үйде еске түсіріп, қайталау деген сөз, миды шынықтыру деген нәрсе. Кей сабақ тек бор мен тақтаға бағынады. Бұндай күндері сыныптың барлық оқушысын қамтуға тырысамын. Соңынан қанша оқушыдан қанша рет сұрағаныма өзімше қорытынды жасаймын. Тағы бір ұстанымым – баланың баға үшін оқымауы. Жек көретін нәрсем – «Мен бәрін айтып бердім, неге «бес» қоймайсыз?». Кейде бір баладан қол көтеруіне орай, басқалардың білмей қалуына сәйкес, сабақта бірнеше рет сұралып қалады. Ондайда балаға ризалық ықылас танытамын. Баға қоя бермеймін. Баланың көзі – айна. Саған, сабаққа ілесіп отырғанын не немқұрайды отырғанын көзінен сезіп қоясың. Ондайда есебіме алып, әйтеуір жеке сөйлесіп қалуға, іштартуға әрекет жасаймын.

Алдыңдағы баланы ақылдылыққа тәрбиелеу үшін айтып беріп емес, өздеріне ойландырып тапқызу – жақсы әдістердің бірі. Күрделі сұрақтар қою баланың қиын шешімдерді табуына жетелеп, ғылымды сезінуіне жол ашады.

Шәкіртті білімді меңгермеді деп жек көруге болмайды. Оның болмысы сондай, қабылдауы қиын. Адамгершілігі қалыптасса, өмірден өз орнын табады. Оқушыларға бірдей қарау – басты кредомның бірі. Сондықтан ұстаз тәрбиені оң беруі шарт.

Менің өтілім – 3 жыл. Әр сабағым шәкірт үшін мағыналы болуы керек. Ол үшін күнделікті тиянақты дайындалып бару маған сын. Мен балаларға обал жасамауым қажет. Басты мақсатым – оқушыға терең білім беріп, жүрегіне жол табу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі