Қазақстан Республикасы білім
және ғылым министрлігі
«Шемонаиха ауданының білім
беру бөлімі «Ю.А. Гагарин атындағы
№3 жалпы білім беретін орта
мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Эссе
«Менің педагогикалық ұстанымым»
Қазақ тілі мен әдебиет пәні
мұғалімі: Нургазиева Гульнур
Черьяздановна
Эссе
«Менің педагогикалық ұстанымым»
«Қашан бала
ғылым-білімді
махаббатпен көксерлік болса,
сонда ғана оның аты
Адам болады.
Абай
Өзінің халыққа Жолдауында
Президентіміз Н. Ә Назарбаев: «...Бізге экономикалық және
қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру
жүйесі қажет» дейді. Ел болашағы білімді,
тәрбиелі, жан-жақты дамытатан тұлғалардың қолында
деп, нақты атап
көрсетті.
Қазақстанның өркениетті әлемге
қол созып, бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіруінің
негізгі тетігі – білім. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа
мұғалімдерді талап етеді. Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын
жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз
жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген,
кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі,
парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, іскерлігі, шеберлігі
арқасында шеше алатын педагогикалық үрдістің нәтижесін жаңарта
алатын мұғалім болуы керек.
Мектептегі еңбек жолымды
Шемонаиха қаласындағы Ю.А. Гагарин
атындағы
№ 3 мектебінде қазақ тілі мен
әдебиет пәні мұғалімі болып
бастадым.
Мұғалім – мектептің басты
тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге
асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті – рухани бай,
жан-жақты дамыған тұлға
қалыптастыру.
Бүгінгі таңда
мемлекетіміздегі білім беру жүйелері
мен білім беру мазмұны жаңару
жолында. Оның басты себептері әлемдік
өркениетке ілесе отырып, елімізді
бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына
қосу идеясы болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін
оның әр азаматы өзіне «қандай үлес қоса аламын?» деген сауал
қойып, үдесінен шыға алуы керек.
Білімдіден шыққан
сөз,
Талаптыға болсын
кез.
Нұрын, сырын
көруге,
Көкірегінде болсын
көз.
(Абай.)
Жақсылыққа бастайтын жарық
жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,-деп
М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді
ұрпақ. Білім беру ісіндегі жоспарлаудың
маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның
білімінің көрсеткішімен белгіленеді».
Білімдену жүйесінің табысты
болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне
тәуелді. Оқу әдісі – білім игеру
мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының
бірліктегі іс-әрекеті қимыл-тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы
ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып-үйрену әрекеттерінің өзара
байланыстылығы осы оқу әдісінен
көрінеді.
Оқушыға
белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген
ықыласын арттыру- әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында
шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін
жандандыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойына жауапкершілік
сезімін қалыптастыру, ешқашан күн тәртібінен түспейтін мұғалімдерге
қойылатын басты талап. Үшінші
деңгей бағдарламасы мұғалім оқушының
жан
дүниесін жақсы
түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме
қойып
отыр. Кембридж
бағдарламасы бойынша өткізілген курс тапсырмаларын орындау,
мұғалімдердің шеберлігін арттыр –жас ұрпақты өз бетімен жұмыс
істеу,тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу, жауапкершілігін
арттырады. Осы жоба Қазақстан мектептерінде толық жүзеге асатын
болса басқа елдермен бәсекеге түсе алатын жас ұрпақты тәрбиелеп
шығуымыз сөзсіз. Мектептегі оқушыларға сапалы
білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына
байланысты.Ұстаным дегеніміз не?( Психологтар «ұстаным»
ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен
байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның
негізгі құндылығы есебінде атап
көрсетеді.) Оқыту үдерісінде
қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы
барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалім
ұстанымының көзқарасы, қабылдаған шешімі
мен іс- әрекетінің
негізі. Педагогикалық ұстаным –
бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез –
құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары.
Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына
және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі
жағдайлар. Менің қазақ
тілі мен әдебиеті пәнін оқыту
технологиясының мазмұнын жаңарту жағдайындағы
педагогикалық
ұстанымым: «Маған айтып берсең – ұмытып қалармын,
көрсетсең – есімде сақтармын, өзіме
жасатсаң үйреніп алармын»
(Конфуций.)
Білім
берудегі мен таңдаған педагогикалық
ұстанымның
негізгі мәні – оқушылардың ой –өрісін жан жақты
дамыту, оларға қәзіргі заман талабына
сай білім беру және тәрбиелеу.Ал
оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз, баланың жан дүниесін,
рухани өсуін, қабілеті мен дарынының
анықталып кең өрістеуі, парасатты ой
мен адамгершілік көзқарасының қалыптасуы
болып табылады. Қазіргі таңда
нәтижеге бағыттап білім беруге
байланысты оқытудың әдісі, тәсілі
және формалары тиімді және оқушының
жас ерекшелігінің мүмкіндіктерін
ескере отырып жүргізілуі қажет. Бұл
жағдайда оқыту үрдісінде жаңа
педагогикалық технологияларды тиімді
пайдалану және құзыреттілікке бағыттау
уақыт талабына айналып
отыр.
Мен таңдаған
педагогикалық
ұстанымның басымдықтары мен мазмұны оқытуда жеке
тұлғаның қабілеттерін дамытуға көңіл
бөледі. Ол оқыту кезінде
тұлғаның ғылыми және қолданбалы
білімді қабылдау, түсіну қабілеттерін
есепке алуды талап етеді. Қазіргі
кезде білім беру нәтижесі болып
тек оның мөлшері ғана емес,
сонымен қатар алған білімді тәжірибе
жүзінде пайдалану, алған білімдерін
кез келген жағдайда өмірде пайдалану,
жекебасының қабілеттерін дамыту мақсатында
қолдана білу мүмкіндігі де
есептеледі. Ал мен таңдаған педагогикалық
ұстанымның
негізгі құндылықтары, менің ойымша, орыс сыныптарында қазақ тілінен
оқушылардың білімнің сапасын арттыудағы ең
маңыздысы,ол дегеніміз оқушылардың
теориялық алған білімдерін практикада
қолдана білуде оқу-әрекеттерін дұрыс
ұйымдастыру және алға қойған
мақсаттарының шешімін табу үшін жаңа
білім көздерін өздігінен игеру.
Мектептегі қазақ тілі оқыту үрдісі,
гуманитарлық бағытта білім беруде ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Оқушылардың білім, білік, дағдыны
қалыптастыратын үрдіс. Ондағы міндет –
оқыту үрдісін ұйымдастыруды дамыта
оқытумен қамтамасыз ету. Жаңартылған мазмұнды
бағдарламамен оқытудың ең басты жүйесі –
оқыту үрдісін оқушының санасына
бағыттау. Оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтарын дамыту мақсатында сабақтарымда электронды
оқулықтарды, интерактивті тақтаны, тірек сызба нұсқаларды,
сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын пайдалана
отырып, оқушыларды өздіктерінен шығармашылық
ізденіске
бағыттаймын.
Сонымен қатар білім саласында
ұйымдастырылатын мерекелік-іс шараларға мысалы: «Абай оқуы»,
«Шәкәрім оқуы», «Махамбет оқуы», - сайыстарына қатысып, жүлделі
орындарды иеленіп отырамыз.
Оқушыларым
жыл сайын болатын ғылыми
жобаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп отырады. Оқушылардың
білім сапасын анықтау үшін қашықтықтан жүргізілетін халықаралық,
республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие
боламыз.
Мен өзімді шығармашыл ұстазбын
деп ойлаймын. Өйткені мен үнемі ізденісте жүремін, жаңашылдықты
жаным сүйеді. Қарапайым бір күнім бос өтпейді. Оқушыларымның
жан-жақты білім алуына ат салысамын. Әр оқушының адамгершілікке,
еңбектенуіне, сонымен қатар шығармашылыққа
тәрбиелеймін.
Еліміздегі
өзгерістер мен білім беру жүйесінде
болып жатқан жаңалықтар «мектептің жүрегі»
болған мұғалімдер алдына жауапты да
маңызды міндеттер қойып
отыр.
Білім мен
ғылым жолында жаңа көзқараспен үлкен
жобаны іске асырып
отырған елімізде білім
жоғары деңгейде қарқынды
дамитынына
сенімім мол.
«Шәкіртсіз-ұстаз тұл»- демекші, мен
әрқашан оқушыларыммен бірге өмір
сүремін.