Материалдар / «Менің педагогикалық ұстанымым мәні, құндылықтары, басымдықтары» (эссе).
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің педагогикалық ұстанымым мәні, құндылықтары, басымдықтары» (эссе).

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің педагогикалық ұстанымым мәні, құндылықтары, басымдықтары»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1479
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ

ызылорда облысы, Арал ауданы,

65 орта мектеп Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі

Тынаева Нұргүл Киікбаевна.








«Менің педагогикалық ұстанымым мәні, құндылықтары, басымдықтары» (эссе).


Алтын ұя мектептің жаны да, ары - да мұғалім. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Себебі, ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болады деп ойлаймын. Өйткені өзім қызмет жолымды бастаған №65 орта мектептің түлегімін. Өзіме дәріс берген ұстаздарымды мақтан тұтамын. Айжігітов Әкімжан, Изеева Бибіжамал, Бодықова Күлпариза. Бұл ұстаздарым өздерінің білімді де, білікті ұстаз екендіктерін баяғыда мойындатқандар, ол кісілердің жеткен жетістіктері сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Осы ұстаздардың алдын көрген менің ұстаз болу бала арманым, қазіргі таңда орындалды десек те болады.

Ұрпақ мәселесі ол еліміздің болашағының ертеңінің қамы. Осы мақсатта алдымдағы оқушыларымның әрқашан жұлдызын жағып, мәртебесін биіктетіп, патриотты тұлға қалыптастырамын деген ұстанымнан тайған емеспін. Өзім жетекшілік еткен сыныбымда барлығы 21 оқушы болды. Сол оқушылармен өткізген әр күнімді еске алсам, қиында, қызықты оқиғалар көз алдымнан тізбектеліп өте шығады. Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білімі мен қабілеттілік деңгейі іскерлік мүмкіндіктері мол болуы қажет. Менің де сыныбымда қабілетті оқушылар өте көп болды. Қай істе болсын оқушыларым алдыңғы қатарда көрінетін.

Өзім өткізген іс -шаралар мен тәрбие сағаттарымда шәкірттерімнің белсенділіктері, рөлдік ойындарды өз шеберліктерін көрсете білетін. Рөлге ену кез – келген адамның қолынан келе бермейтін істі мойындатқанда менің оқушыларым болатын. Соның дәлелі болар биылғы оқу жылында Ізімова Айжан, Әбдіразақова Әйгерім атты оқушыларым, Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясына өздері қалаған мамандықтары бойынша грант иегері атанды.

«Балаға ең бірінші тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас – жауы» дегендей қазіргі таңда адамды тәрбиелеу ең үлкен проблема болып отыр. Сол себепті, өзім өткізген «Қандай адамды тәрбиелі адам дейміз?», «Адамгершілік асыл қасиет» т.б. сол сияқты тәрбие сағаттарымда балалар тақырып бойынша көрініс көрсетіп, сол тақырып бойынша сауалдарға жауап береді. Әр нәрсені өмірмен байланыстырып, оқушыға түсіндіре алсаң ол сенің шеберлігің. Көзбен көрген нәрсе балаға біріншіден үлкен ой салады, екіншіден эмоцияға беріледі, үшіншіден жақсы мен жаманды ажырата алады, төртіншіден көз алдында болған оқиғадан ой түйеді, ұзақ уақыт есінде қалатыны сөзсіз.

Менің ұстаздық ұстанымымның да мәні осы десем қате айтпаған болар едім. Қазіргі кезде техника мен ақпарат ағымы дамыған кезде, оқушы жаңа тың нәрсе көргісі келеді, сол себепті әр сабақта бейне айдар, ән - күй тыңдату арқылы баланы сабағына қызықтыра аласың.

Қазіргі заман - жаңа кезең. Қазіргі еркін ақпараттар заманында атыс – шабысқа толы шетел фильмдері мен бағдарламалар «Індет» жайлаған кезде балалар көп уақыттарын телидар, компьютер алдында өткізеді. Соның салдарынан бала психологиясы бұзылып, өркөкірек, қаны суық жандарға айналып бара жатқанда өмірге «Өзін - өзі тану» деген пән келді. Бұл пәннің мақсаты: Оқушы бойына ізгі қасиеттердің дәнін себу, өмірге, қоршаған ортаға өз көзқарастарын қалыптастыру, адамға тән адамгершілік нормаларымен таныстыру.

Я, адам ең әуелі өзін танымаса, өзгелерді қалай танысың. Сондықтан бұл тұрғыда «Өзін - өзі тану» пәнінің алар орны ерекше. Өзім осы пәннен дәріс бергелі ең бірінші өзім өзгердім десем де болады. Оқулықта берілген тақырыптарда адамға қажетті барлық құндылықтарды кездестіре аласыз. Мыс: 10 – сыныпта «Іңкәр көңіл, нәзік сезім» атты сабағымда, оқушыларға «Махаббаттың» өмірде алар орны туралы әңгімеледім, махаббат десе бізде бір ой қалыптасқан, тек қана қыз бен жігіт арасындағы сезім, бұл шындық шығар, алайда махаббат ата – ана мен бала, жұбайлық, отанға, туған жерге, досқа, табиғатқа т.б. үлкен сезім екендігін ұғындырдым.

«Ескермейтін махаббат» тақырыбында түрлі пікіралысу туындатып, сұрақтарға ұтымды жауап алдым. Оқушылар өз ойларын бүкпесіз ашық түрде жеткізе біледі.

Сәйкестендіру кестесі арқылы, тарихта аттары қалған ғашықтарымыздың сыңарларын табу жұмысын жүргіздім. Мысалы:

Қалқаман - Мамыр.

Қозы - Баян.

Жібек – Төлеген т.б. Сонымен қатар «Ғашықтық ғаламаты»

М. Шахановтың Қорлан мен Естай арасындағы мәңгілік махаббат тақырыбындағы шығармасын тыңдаттым.

Әрине, бала болған оқиғаларды көз алдында елестете отырып, тарихқа, әдебиетке қызығушылығы артары сөзсіз. Кітап оқуға, білімге деген ынтасы оянады. Олай болса, өз ісіне мығым, рухани жан дүниесі бай, мінез – құлықтың теріс жақтарын саналы түрде тежей алатын тұлғаны тәрбиелеудің ең тиімді жолы осы шығар деп ойлаймын.




Орындаған: Нұргүл Тынаева

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!