Материалдар / Менің Президентім

Менің Президентім

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер мен оқушыларға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
569
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің Президентім



Ұлым дейтін жұрт болмаса,жұртым дейтін ұл қайдан шығады.Ахмет Байтұрсынұлы

Небір қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірген халқымыз бүгінгідей бақуатты өмірді арман етіп, сол жолда елінің азаттығы үшін ата-бабаларымыз қасық қанын аямай, жерін жаудан қорғап баққан еді. Ал бүгінде қазақ елі тамыры тереңге тартқан алып бәйтеректей, тұғыры бекем мемлекеттердің бірі болды. «Осы жеткен жетістігіміздің барлығы кімнің еңбегі деген сауалды ұстазым қойған сәтте біраз ойландым. Өткенге көз жүгіртсек, қазақ халқы талай қилы тағдырды бастан өткергенін аңғарамыз. Ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келген ұлттық құндылықтарымыз құнын жоғалтып, жойылуға шақ қалған кездер де туды ел басына. Алайда, аманатқа адалдық таныта білген қазақ халқы тұлпар шапса, тұяғы талатын кең-байтақ жерімізді, асыл дініміз бен тілімізді, салт-дәстүрімізді сақтап қалды. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде өшкеніміз қайта жалындап, үзілген үміттер жалғанды. Соның ішінде кешегі аласапыран заманда, еліміздің еңсесін көтеріп, кеткен есемізді қайтарып, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытып, нұрлы болашаққа жетелеген еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі өлшеусіз. Мен мұншалық ерен еңбектің иесі - Елбасымыз туралы Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында ой жүгіртуді жөн көрдім. Осыған дейінгі ұстаздарымыздан естіп, ел жаңалықтары арқылы теледидардан көрген, баспасөз беттерінен оқыған, аудан кітапханаларындағы Елбасына арнаған бұрыштардағы оның еңбектерінен білген-түйгендерім бойынша өз ойымды қағаз бетіне түсіргім келді.Елбасымыздың арқасында еліміз қарқынды дамып, өзге елдермен терезесі теңеліп, абыройы асқақтады. Сонымен қатар Ұлт Көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында еліміз экономикасы дамыған, іргесі берік, татулығы мықты ел атанды. Ширек ғасыр уақыттың ішінде атқарылған істер аз болмады. Жеткен жетістіктеріміз бен алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы деп білемін. Н.Назарбаевтың халыққа сіңірген тарихи еңбегі уақыт өткен сайын парақталып, бағасы арта түсуде. Алда әлі көптеген мақсаттар мен атқарылмақ істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда деп сенемін. Осы белестерді, мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра алатынымызға анық көзім жетеді. 1 Абзал ағамыз Бәйкен Әшімовтің: «Екі тізгін, бір шылбырды қолына еркін бергеннің арқасында, ел бастаған еріміз деп бүкіл халық боп сенгеннің арқасында, азаматымыз алға апарады деп соңынан ергеннің арқасында Нұрсұлтан Әішұлы елдің көшін бір белестен бір белеске биіктетіп алып бара жатыр», - деген сөзінен Елбасына деген үлкен сенімді байқауға болады. Әрине, елімізді мұндай дәрежеге жеткізген Елбасына қалтқысыз сенеміз. Өйткені, барды бағалап, асылымызды ардақтай білсек қана мұратымызға жетеміз. 2«Астана – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі» дейді халқымыз. Халық айтса-қалт айтпайды. Шынында, тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру – Тұңғыш Президентіміздің мемлекетті одан әрі нығайту жөніндегі саяси ойының жемісі. Бүгінгі таңда әлемдегі дағдарысқа мойынсұнбай, экономикасын шайқалтпай, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша шаралар қабылдап, көрегенді саясат ұстануы Тәуелсіз мемлекет басшысының кемеңгерлігін танытады. Осынау өшеусіз еңбегінің арқасында Елбасы Қазақстанды ынтымағы жарасқан, достық атты теңдессіз құндылыққа сүттей ұйыған, тілегі де, жүрегі де бір түрлі ұлт өкілдерінің сәулетті Отанына айналдырды.Менің Президентім - ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоятын патриот және ұлт тағдырының жалпы адамзаттық дамумен шендесіп жатқанын терең түсінетін көреген саясаткер.Бұл күндерде әлем таныған ұлт көшбасшысына, бүтін бір халықтың үкілеген үміті мен мақтанышына айналған аса көрнекті қайраткер тұлға бұл -  Менің Президентім.Елбасының өмірлік дара жолына үңіле отырып, тәуелсіздікті тұғырлы ету, әлемдік қоғамдастыққа терезесі тең елдер қатарында болуды жүзеге асыру, халық сенімін ақтау, артылған жүкті абыроймен көтеру секілді істерді атқару, батыл шешімдер қабылдаудың қаншалықты қиын екендігін енді ғана ұғына бастадым. Ел тәуелсіздігінің баянды болуы мен болашақтың кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы Тұңғыш Президентке артылар жүктің салмағы ауыр екендігін түсіндім. Өйткені, небір сын шақтарды өткерген тарихымызда тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын көтерген, бар-жоғын түгендеп, іргесін кеңейткен, оны әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдырған, онымен санасуға мәжбүр еткен – менің Президентім. Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Елбасы еңбегі бір-бірімен тығыз ұштасып, олар бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғымға айналды деп сеніммен айта аламын.Мен Президентімнің осынау тарихи тағдырлы жеңістерін зор алғыс сезіміммен жоғары бағалаймын және мақтан етемін. Заманымыздың заңғар қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін, туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін кемеңгер тұлғаны аса бағалаймын және өзіме үлгі санаймын. Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген менің Президентім – мен үшін теңессіз ұлы тұлға!



Қолданылған дереккөздер тізімі:

1. М.Бақтиярұлы. Ұлт көшбасшысы және тәуелсіздік. «Егемен Қазақстан» газеті 7.07.2012 жыл 2. Кемеңгер:Н.Ә.Назарбаев әлем назарында –Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2010.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ