Материалдар / "Менің Қазақстаным"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің Қазақстаным"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне АҰОҚ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2021
321
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




«Шағала» ересек тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі.

Күні: 10.12.20ж

Тәрбиеші: Нуртазина З.А.


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Көркем әдебиет.


Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы, Отан туралы түсініктерін кеңейту. Оларды сөйлеу қарқынын өзгерте білуге үйрету:баяу сөйлеу, тақпақ,жұмбақ қанатты сөздер айтқызу арқылы тілдегі дыбыстың дұрыс айта білуін және зейін қойып тыңдауын жетілдіру.Сөздік ойындар арқылы тілін байытып,бір-бірін тыңдай білуге өз Отанына , Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Интеграция: «Шығармашылық» б.б.с - сурет салу ,музыка

«Таным» б.б.с - математика негіздері, логика

Ұйымдастырылған оқу қызметінің материалдары: Слайд,дидактикалық ойынға арналған суреттер. Әдіс-тәсілдері: тапсырмалар орындату,сұрақ-жауап,ойын.


Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу рәсімі.

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн!Сіздердің білімді, тапқыр екендеріңізді байқау үшін қонақтар келіпті ...қанекей, (үш тілде амандасу) Тәрбиеші балаларды жылулық шеңберіне жинайды:

  • Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Сәлеметпе міне, мен

Доспын енді сенімен!

-Жарайсыңдар, осындай көтеріңкі достық көңіл-күймен ҰОҚ- ін бастайық.

  • Негізгі кезеңі:

-Жақсы, балалар, отыра қоя қойыңыздар.

Жұмбақ: -Ақ көбелек қонды

Құстар енді тоңды

Ол не еді шешуін кім табады? -Қыс мезгілі .

-Табиғатта қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады?

-Айнала аппақ болып, күн суытады, аяздатады, қар жауады, боран соғады, айналаның бәрін қар басады.

Балалар аққала, доп жасап шанамен сырғанап ойнайды.

Тәрбиеші: -Балалар, дұрыс айтасыңдар,енді осыларды тақпақтап айтайықшы.

Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен,

Тоғайлар тон киеді,

Аяз беттен сүйеді.

Жиналып ап бар бала

Тұрғызамыз аққала.


- Жақсы, ал қыс айларын атап беріңдерші.

- Желтоқсан -декабрь, январь- қаңтар, ақпан - февраль

- Қыс мезгіліндегі мерекелерді атаңыз

- 1-Желтоқсан Тұңғыш Президент күні, 16-Тәуелсіздік күні, жаңа жыл мерекесі




Тәрбиеші: -Балалар, енді жаңа тақырыпқа көшсек, бүгін не туралы әңгімелесетінімізді ойын ойнау арқылы білетін боламыз.


«Тізбекте» ойыны

Шарты: Балаларға аталған пішіндерді түстермен реттеп орналастыруды ұсыну,түстерді үш тілде атату


  • Мінекей, балалар, суреттер ашылды, ненің суретін байқап тұрсыздар? Дұрыс, демек, не туралы әңгімелеседі екенбіз?


Балалардан әр түрлі жауап алынады:

-Қазақстан, Нұрсұлтан қаласы, Елбасы , Отан т.б


Тәрбиеші: -Жауаптарыңыз, өте орынды.Отан туралы сөйлесеміз.Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен , жақындарымен, достарымен бірге тұратын атамекені.Қазақ елінде тұратын, яғни, біздің Отанымыз ҚР деп аталады.

- Отанымыз жайлы не білеміз?

Өзіміздің Отанымыз тәуелсіздігіміз , салт-дәстүріміз, тіліміз, ұлттық киімдекр мен ұлттық тағамдарымыз ,дініміз, Елордамыз, Елбасымыз ашық аспандай көгілдір туымыз , айбынды Елтаңбамыз, мағыналы Әнұранымыз бар.

«Ауызша волейбол» ойыны: - ҚР-ның елордасы қай қала? (Нұрсұлтан)

-ҚР-ның тұңғыш президенті? ( Назарбаев Н.Ә)

-ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)

-Отан туралы мақал-мәтелдер айтыңыз?

( Отансыз адам,ормансыз бұлбұл , Отан оттан да ыстық, Отан елдің анасы)

-ҚР-ның елбасы? (Қасым Жомарт Кемелұлы)

-ҚР-ның рәміздерін ата? (Елтаңба, Ту, Әнұран)

-Қазақстан қандай ел? ( егемен, тәуелсіз)

-Қазақстанымыз, еліміз үшін күрескен желтоқсан жастарын білесің бе?

( Ербол Сыпатаев,Сабира, Ляззат апалар, Қайрат Рысқұлбеков)

-Қайрат Рысқұлбеков туралы кім тақпақ біледі?



Сергіту сәті: -ОК- ОК-ОК -на дворе снежок

РА-РА-РА пришла зимняя пора

ОМ-ОМ-ОМ мы гулять пойдем

УЛ-УЛ-УЛ-зимней лес уснул

ОЙ-ОЙ-ОЙ скачет зайнька косой.

Күтпеген сәт: Есік қағылып ішінде флешкасы бар ашық хатты әкеліп тастайды.


Тәрбиеші: -Балалар,бұл хатсіздердің балабақшаға келе алмай жүрген достарынан келіпті.Сіздер ол достарыңды сағындыңыздар ма?Ұмытқан жоқсыздар ма?

Флешканы компьютерге қосу.

Бейне-сұрақ: І. ҚР Мемлекеттік рәміздерінің сипаттамасын айтыңыз?

1) Мемлекеттік Тудың түсі-көк аспанның түсіне ұқсайды, ортасында күн шуағы.

Тудың шетінде қазақтың ою-өрнегі.Астында қыран құс ұшып келе жатыр.

Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап,қырандай самғай

дегені.ҚР-ның мемлекеттік туының авторы, суретші: Шәкен Ниязбеков



2) Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев,әнін жазған:

Ш.Қалдаяқов

3) Мемлекеттік Елтаңбаның орталық элементі -шаңырақ.Шаңырақ -ошағын

бейнелейді.Қанатты екі тұлпар-мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жас ұрпақтың арманы

,самғау биігі .Елтаңбаның төбесінде бесбұрышты жұлдызӘр адамның өмірінде жол көрсетер

өз жұлдызы болады.Елтаңбаның төменгі жағында алтынмен жазылған «Қазақстан» деген

жазу.Авторлары -сәулетшілер Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков.


ІІ. «Кім жүйрік?» ойыны ( жұмбақ, қанатты сөз)

-Тілден ұшып,құлаққа қонады? ( сөз)

-Отанды сүю........( отбасынан басталады)

- Тіл - адам ойының (айнасы)

- Әр адамның тұрғылықты атамекені ол...( Отан)

-Жақсы бала ...( аспандағы жұлдыз, жақсы қыз жағадағы құндыз)

- Суда мұз бар

Жерде қар бар

Боран борап соғады

Бұл қай кезде болады? (қыс)


ІІІ. «Тапсырмалар топтамасы» ойыны

1-тапсырма: «Сәйкестендіру»

2-тапсырма: « Ретімен орналастыру заңдылығын сақта»


ІY. Шығармашылық ұжымдық жұмыс (дәстүрден тыс сурет салу)

Балаларға мақталы таяқшамен тіс пастасымен «қысқы табиғат» көрінісін бейнелеуді тапсыру.

Рефлексивті-түзетішілік кезең: «Біз Отанның бөбегіміз» әнімен оқу қызметін аяқтау. Балаларды мадақтау,балаларға «жарайсың» деген белгісі бар тәтті таратып бағалау.



Күтілетін нәтиже: Біледі: Қазақстан Республикасы, Отан туралы ; Игереді: тапсырмаларды нақты орындауды; Меңгереді: баяндау, орындау,сұраққа толық жауап беру іскерліктерін.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!