«Шағала» ересек тобында
ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің
конспектісі.
Күні: 10.12.20ж
Тәрбиеші: Нуртазина
З.А.
Білім беру
саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Көркем
әдебиет.
Мақсаты: Балалардың Қазақстан
Республикасы, Отан туралы түсініктерін кеңейту. Оларды сөйлеу
қарқынын өзгерте білуге үйрету:баяу сөйлеу, тақпақ,жұмбақ қанатты
сөздер айтқызу арқылы тілдегі дыбыстың дұрыс айта білуін және зейін
қойып тыңдауын жетілдіру.Сөздік ойындар арқылы тілін
байытып,бір-бірін тыңдай білуге өз Отанына , Қазақстан
Республикасына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге
тәрбиелеу. Интеграция: «Шығармашылық» б.б.с - сурет
салу ,музыка
«Таным» б.б.с - математика
негіздері, логика
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің материалдары: Слайд,дидактикалық ойынға
арналған суреттер. Әдіс-тәсілдері: тапсырмалар
орындату,сұрақ-жауап,ойын.
Ұйымдастыру
кезеңі
Амандасу
рәсімі.
-Балалар, бүгін бізде ерекше
күн!Сіздердің білімді, тапқыр екендеріңізді байқау үшін қонақтар
келіпті ...қанекей, (үш тілде амандасу) Тәрбиеші балаларды жылулық
шеңберіне жинайды:
Күліп шықты күн
бүгін
Сәлеметпе міне,
мен
Доспын енді
сенімен!
-Жарайсыңдар, осындай
көтеріңкі достық көңіл-күймен ҰОҚ- ін
бастайық.
-Жақсы, балалар, отыра қоя
қойыңыздар.
Жұмбақ: -Ақ көбелек
қонды
Құстар енді
тоңды
Ол не еді шешуін кім табады?
-Қыс мезгілі .
-Табиғатта қыс мезгілінде
қандай құбылыстар болады?
-Айнала аппақ болып, күн
суытады, аяздатады, қар жауады, боран соғады, айналаның бәрін қар
басады.
Балалар аққала, доп жасап
шанамен сырғанап ойнайды.
Тәрбиеші: -Балалар, дұрыс
айтасыңдар,енді осыларды тақпақтап
айтайықшы.
Аппақ күміс бар
әлем,
Зымыраймыз
шанамен,
Тоғайлар тон
киеді,
Аяз беттен
сүйеді.
Жиналып ап бар
бала
Тұрғызамыз
аққала.
- Жақсы, ал қыс айларын атап
беріңдерші.
- Желтоқсан -декабрь, январь-
қаңтар, ақпан - февраль
- Қыс мезгіліндегі мерекелерді
атаңыз
- 1-Желтоқсан Тұңғыш Президент
күні, 16-Тәуелсіздік күні, жаңа жыл
мерекесі
Тәрбиеші: -Балалар, енді жаңа
тақырыпқа көшсек, бүгін не туралы әңгімелесетінімізді ойын ойнау
арқылы білетін боламыз.
«Тізбекте»
ойыны
Шарты: Балаларға аталған пішіндерді
түстермен реттеп орналастыруды ұсыну,түстерді үш тілде
атату
-
Мінекей, балалар, суреттер
ашылды, ненің суретін байқап тұрсыздар? Дұрыс, демек, не туралы
әңгімелеседі екенбіз?
Балалардан әр түрлі жауап
алынады:
-Қазақстан, Нұрсұлтан қаласы,
Елбасы , Отан т.б
Тәрбиеші: -Жауаптарыңыз, өте
орынды.Отан туралы сөйлесеміз.Отан дегеніміз-адамның туып өскен
жері,туған-туысқандарымен , жақындарымен, достарымен бірге тұратын
атамекені.Қазақ елінде тұратын, яғни, біздің Отанымыз ҚР деп
аталады.
- Отанымыз жайлы не
білеміз?
Өзіміздің Отанымыз
тәуелсіздігіміз , салт-дәстүріміз, тіліміз, ұлттық киімдекр мен
ұлттық тағамдарымыз ,дініміз, Елордамыз, Елбасымыз ашық аспандай
көгілдір туымыз , айбынды Елтаңбамыз, мағыналы Әнұранымыз
бар.
«Ауызша волейбол»
ойыны: - ҚР-ның елордасы қай қала?
(Нұрсұлтан)
-ҚР-ның тұңғыш президенті? (
Назарбаев Н.Ә)
-ҚР-ның мемлекеттік тілі қай
тіл? (қазақ тілі)
-Отан туралы мақал-мәтелдер
айтыңыз?
( Отансыз адам,ормансыз бұлбұл
, Отан оттан да ыстық, Отан елдің анасы)
-ҚР-ның елбасы? (Қасым Жомарт
Кемелұлы)
-ҚР-ның рәміздерін ата?
(Елтаңба, Ту, Әнұран)
-Қазақстан қандай ел? (
егемен, тәуелсіз)
-Қазақстанымыз, еліміз үшін
күрескен желтоқсан жастарын білесің бе?
( Ербол Сыпатаев,Сабира,
Ляззат апалар, Қайрат Рысқұлбеков)
-Қайрат Рысқұлбеков туралы кім
тақпақ біледі?
Сергіту
сәті: -ОК- ОК-ОК -на дворе
снежок
РА-РА-РА пришла зимняя
пора
ОМ-ОМ-ОМ мы гулять
пойдем
УЛ-УЛ-УЛ-зимней лес
уснул
ОЙ-ОЙ-ОЙ скачет зайнька
косой.
Күтпеген
сәт: Есік қағылып ішінде флешкасы
бар ашық хатты әкеліп тастайды.
Тәрбиеші: -Балалар,бұл хатсіздердің
балабақшаға келе алмай жүрген достарынан келіпті.Сіздер ол
достарыңды сағындыңыздар ма?Ұмытқан жоқсыздар
ма?
Флешканы компьютерге
қосу.
Бейне-сұрақ: І.
ҚР Мемлекеттік рәміздерінің сипаттамасын
айтыңыз?
1)
Мемлекеттік
Тудың түсі-көк аспанның түсіне
ұқсайды, ортасында күн шуағы.
Тудың шетінде қазақтың
ою-өрнегі.Астында қыран құс ұшып келе
жатыр.
Қазақстанда тұратын барлық
халықтардың өмірі күндей жарқырап,қырандай
самғай
дегені.ҚР-ның мемлекеттік
туының авторы, суретші: Шәкен Ниязбеков
2)
Мемлекеттік
Әнұранның сөзін жазғандар:
Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев,әнін жазған:
Ш.Қалдаяқов
3)
Мемлекеттік
Елтаңбаның орталық элементі
-шаңырақ.Шаңырақ -ошағын
бейнелейді.Қанатты екі
тұлпар-мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жас ұрпақтың
арманы
,самғау биігі .Елтаңбаның
төбесінде бесбұрышты жұлдызӘр адамның өмірінде жол
көрсетер
өз жұлдызы болады.Елтаңбаның
төменгі жағында алтынмен жазылған «Қазақстан»
деген
жазу.Авторлары -сәулетшілер
Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков.
ІІ. «Кім жүйрік?» ойыны (
жұмбақ, қанатты сөз)
-Тілден ұшып,құлаққа қонады? (
сөз)
-Отанды сүю........( отбасынан
басталады)
- Тіл - адам ойының
(айнасы)
- Әр адамның тұрғылықты
атамекені ол...( Отан)
-Жақсы бала ...( аспандағы
жұлдыз, жақсы қыз жағадағы құндыз)
- Суда мұз
бар
Жерде қар
бар
Боран борап
соғады
Бұл қай кезде болады?
(қыс)
ІІІ. «Тапсырмалар
топтамасы» ойыны
1-тапсырма:
«Сәйкестендіру»
2-тапсырма: « Ретімен
орналастыру заңдылығын сақта»
ІY. Шығармашылық ұжымдық
жұмыс (дәстүрден тыс сурет салу)
Балаларға мақталы таяқшамен
тіс пастасымен «қысқы табиғат» көрінісін бейнелеуді
тапсыру.
Рефлексивті-түзетішілік
кезең: «Біз Отанның бөбегіміз» әнімен
оқу қызметін аяқтау. Балаларды
мадақтау,балаларға «жарайсың» деген белгісі бар тәтті таратып
бағалау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасы, Отан
туралы ; Игереді: тапсырмаларды нақты
орындауды; Меңгереді: баяндау, орындау,сұраққа толық
жауап беру іскерліктерін.