Материалдар / Менің Қазақстаным

Менің Қазақстаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханашыға керек. Аудандық өткізілген семинар. Кітапханада жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу,ұлтын, тілін, дінін, Отанын сүюге, тарихымыздың шежіресін құрметтеп, ұлтжандылыққа тәрбиелеу үшін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
627
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің Қазақстаным(аудандық семинар)

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!Кітапханада жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу "Менің Қазақстаным" атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!Қазақстан Республикасының Әнұраны. Мақсаты : Елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу; Ұлтын, тілін, дінін, Отанын сүюге, тарихымыздың шежіресін құрметтеп, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: кітап көрмесі: Н .Ә. Назарбаевтың еңбектері, деректі фильмдерден үзінді, Отан туралы мақал-мәтелдер.Кітапханашы: Бүгінгі тақырып Отан, ел мен жер, халықтар достығы, тағы да Отан туралы болмақ. 16 желтоқсан 1991 жыл. Бұл күні таң шапағы шаттана түрленіп, күн жылуы жер әлеміне молынан төкті. Жер-дүниенің алып бөлігін алып жатқан қазақ елі, Қазақстан жері дәл осы күні өзінің еншісіне тиген зор бақытты иемденіп жатты. Ол-бабалар аңсап өткен, небір жақсылар мен жайсаңдар арман еткен, билер мен көсемдер көрсем деген, шешендер мен даналар жетсем деген, хандар мен оғландар жеткізсем деген ЕГЕМЕНДІК еді. Жүргізуші:Бұл күн бізге қалай келді? - Оны көнекөз қария, қазақ даласымен бірге жасасып келе жатқан Шежіре-Тарихтан сұрасақ қайтеді.Тарих: Мен қазақ даласымен бірге жасасып келемін, талай оқиғалардың, талай қан төгістің, талай жеңістің, талай келісімнің куәсі болдым. Өз тарихыңды тереңірек білгің келсе, хандар тарихын оқы. І. Есенберлиннің, М.Мағауиннің, Ә.Кекілбаевтың тарихи тақырыпқа жазылған романдарын оқы. Ілияс Жансүгіровтың "Дала" поемасын оқы. Ал мен сендердің тарихтарыңның ең негізгі деген кейбір тұстарын ғана әңгіме етейін.1723-1746 жылдар. Үлкен алпауыт "Ақ табан шұбырынды, алқа көл сұлама" заманы.Тарих: Хандар дәуірі қазақ даласында бірден - бір "қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған" кезең еді. Хан қалыққа әділ қызмет ете білді. Соның белгісі Абылайды, Тәукені, Әз Жәнібекті, Еңсегей бойлы ер Есімді әлі күнге құрметпен еске алады.(Хандық дәуір ХV- ХІХ)Кітапханашы: Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, оқушылар "Ел қорғаны Абылай" танымдық қойылымға кезек берейік.Бейнефильм көрсетіледі. (сахына төріне үш би, батырлар сарбаздарымен шығады)Төле би:Армысың,алдаспандай жарқылдап, ел қамын жеген,Әйтеке абыз!Әйтеке би: Бар бол,үш жүздің төбе биі атанған Төле би!Қазыбек би: Ассалаумағалейкум, халық қадірлеп, елі десе ет жүрегі езілген, тарланбоз билерім!Әйтеке би: Көмейі сырға, көкірегі кең, бітімі бөлек орта жүздің дүлділі, Қазыбек, төрлет!Қазыбек би: Ықылас пейілдеріңе рахмет! Алланың нұры жаусын! Хан Абылай бас қосуға шақыртты деген соң атқа қонып ем. Бір мәмілеге келмесек, елдің құты кететін түрі бар-ау шамасы.Төле би: Қазыбек, айтқаның сөзің орынды. Ел болудың қамын ойлаған жөн ғой,сірә.Әйтеке би: Біздің де жанымызға батқаны осы. Үш жүздің баласы бір құрсақтан шыққандай атқа қонбақ керек.Қазыбек би: Олай болса, Абылай хан не дер екен, өзі де келе жатыр қарсы алайық (әуен беріліп, ортаға Абылай хан шығады)Төле би: Уа, Абылай, хан ием! Мына дүйім жұрттың өзіңе қарап отыр. Айтатұғын датым бар. Абылай хан: Датың болса, айт, датыңды!Төле би:Төле би деген атым бар,Алаш деген затым бар,Алаңдаулы көңілім,Сөз қозғауға көңлім бар,Елің тозып барады,Жұрт өзіңе қарады,Хан біткеннің тектісі,Өзіңді жұрт сынады,Дұшпаның кімді басынды,Қазақ деген халқыңнынҚұтын неге қашырды?Үш жұздің басын қос! (барлығы хормен)Қазыбек би: Исі қазақ баласыМаңайыңа жиылсын!Атақ даңқы алаштың,Аумағыңнан әрі ассын!Ырысына ел тәнті боп,Ынтымағы жарассын!Баста, кәне,жұртыңды!Әйтеке би: Уа,хан ием!Ұрандап әруақ шақырып,Жау желкесі қиылсын,Қанатын қомдап ерлер тұр,Оларға сен де көңіл бұр,Апшысын жердің қуырсын,Алақан болып ашылып,Жұдырық болып түйілсін!Абылай хан:Кел соңымнан, ер елім!Мұхиттайын тереңім,Төле бидей төбелім,Қазыбектей беренім,Әйтекедей кемелім!Келешегің айқын,Бір жағадан бас,Бір жеңнен қол шығарып,Ақ тудың астында жиналсын.Ел боламыз десек,Бас біріктіру қажет.Жауды аяған жаралы,Ел іргесі сөгілмесін,Көзден жас төгілмесін.Дұшпаның басынбасын,Басымыздан сөз асырмасын.Жақсының жағасынан алма!Жар болсын бір Алла!Самға, қазақ, самға!Бұл сапарда қолдайды Алла! (әуен ойналып бәрі шығып кетеді)Кітапханашы:Үш жүздің басын қосып, сыртқы жауға қарсы қазақтың басын біріктіріп, халқын азат қыламын деп аттан түспеген ардақты ханның ел келешегіне қатысты арманы аз емес еді. Ұлы хан дүниеден өтер алдында қоштасуға кеген Бұқар жырау:-"Уа хан ием, сізде де арман бар ма екен?"-деп сұрайды.Абылай хан:-Менде орындалмаған үш арман бар. 20 жасымда таққа міндім, 48 жыл қазаққа хан болып тұрдым. Неше жыл өмір сүргенімнен не пайда? Үш жүздің басын құрағам жоқ, бұл - бір. Ақбоз аттың құнын ердің құнына теңегенім жоқ, екі. Мылтығының оғын құралайдың көзінен өткізетін мергеннің құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ,үш. Осы үш арманым бойымда кетті.Сұрақ: Абылайдың орындалмаған үш арманы бүгін тәуелсіз елімізде орындалды ма? 1-оқырман: «Біздің бабалар» Сексеуілдей сіңгірлі,Боз жусандай түбірлі.Қылғытып жаудың жағасын,Қия аттатпай жығылды.

Шоқ шашырап көзінен,От ұшқындап сөзінен, Жауды жайпап, досына Орын берген төрінен.



Жүрмеген құр мал бағып,Жауды түрген найза алып. Фараби боп ғаламғаКөз қадаған ойланып.

Тусын деп ақ күн алдынан,Қырандай үл-қыз баулаған.Арғымақ бопты алтын жал. Соңынан ерген тай-құнан.

Меселін жаудың қайтарып,Көрмеген ешбір тайсалып.Күлтегін тасқа жыр жазған,Ұрпақтарына ой салып.

Ақылмен терең ой тауып,Соқпақсыз жерде жол тауып.Дариядай тасқан пейілі Көрмеген әсте ортайып.

Қастерлеп нан мен құранын,«Алаш!» деп айтқан ұранын.Ертіс, Сырды, Ілені-Қорғаған жердің жұмағын.

Көзіңді салшы, досым-ау,Көсіліп далам жатыр-ау.Жетісу, Алтай, АтырауҚан кешіп бабам қалдырғанҚазақстанымды осынау!Тарих: Алайда хандық дәуір ұзақ тұрмады. Жан-жақтан қазақтың кең даласына көз тігушілер Кіші жүз Әбілқайырды орыстың Ақ патшасымен амалсыз бірігуіне мәжбүр етті (1730жж)Бұдан соң қалған жүздер де соны істеді.Ал патшаның отарлау саясаты салтымызды, ата дәстүрді былғауға көшті,ел іргесі ыдырады. Орыс әкіміне, оязға жағынған хандар, сұлтандар пайда болды. Ондай әдепсіздікке шыдай алмаған халықтың өр ұлдары көтеріліске шығып,қол бастады.Араға аз уақыт салып,1916 жылы -ұлт азаттық көтерілісі келді.Патша әмірі тарылды.Патша жасаған кеісім шартты бұзып, қазақтан әскер алуға жарлық шығарды.1917 жылы Ұлы Қазан төңкерісі.1918 жылы Азамат соғысы болды."Мен қазақпын!"(Ж.Молдағалиев) Тарих: Ел тарихына тағы бір өшпес таңба салып кеткен сталиндік репрессия, қуғын-сүргін еді. (1937-1938 жыл) Халық ұлы ел арасынан аластатылды, халық жауы аталды. Біртуар азаматтар: Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, Б.Майлин ж.т.б. ажалынан бұрын апат болды.1937 жылы А.Байтұрсыновтың өз халқын өзі жау деп ұстап берген опасыз ауылдас адамдарына айтқаны: Қинамайды дарға асқаны,атқаны, Қинамайды абақтыға жапқаны. Қинамайды тек өз ауылымның Иттерінің балағымнан қапқаны.2-оқушы:Қалың елім, қазақ жерім,Кең пейілді ерлерім. Тарпаң тарих мінезіңе,Басыңды иіп көрмедің.Талай талай батырларым,Жауды жықтың, жерледің.Даналарым паналарым,Ешкімге есе бермедің.Асқар тауым, көк таласқан.Асау өзен – көлдерім.Сендер куә сол сәттерге.Мен оларды көрмедім.Үш бәйтерек, бес арысым – Құрбандары сол жылдың.Сәкен, Илияс, Бейімбетім,Ахмет, Мағжан, Шәкәрім...3-оқушы:Ергеш ЕсболатТарих: 1941-1945 жылдар.Ұлы Отан соғысы жылдары. Қазақ жауынгерлері Отан қорғау жолында үлкен адамдық үлкен батылдық танытты. Олар Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Т. Тоқтаров, Р. Қошқарбаев, Н. Әбдіров, М. Мәметова,Ә. Молдағұлова, Х. Доспанова ж.т.б.1949 жыл 29 тамызда қазақ жерінде Семей палигон ашылды.Тарих: 1954 жылы Тың жерлерге түрен салынды. Қазақстан алқабы КСРО деп аталатын алып елге жылына миллиард тонна (пұт) астық беріп жатты.1986 жылыдың желтоқсанда әрбір азамат тәуелсіздікке қол жеткізу үшін күресті. Мың өліп, мың тірілген көнбіс қазақ халқы ата - бабасы аңсаған ғаламат күнге де жетті.Ол -1990 жылыдың 25 қазаны еді. Бұл күні "Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы"Декларация заң жүзінде бекітілді.1991 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жарияланды.Ш.Сариев. " Тәуелсіздік""Тәелсізбін мен бүгін." М.Шаханов."Төрт ана" Әуелбеков Жасұлан. Ән "Тәуелсіздік" Кітапханашы:Ертеңгі күнге деген үмітімізді өшірмей, бәрінен өттік. Ата-бабамыз аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті Байтақ өлкеміздің шекарасын заман талабына сай халықаралық нормалармен бекітіп, әлемдік қауымдастықты мойындаттық. Арқа төсіне әсем Астана салып, әлемге Қазақстан деген абройлы мемлекет ретінде танылдық. Тарихы бар дастанындай ерліктің,Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.Қазақстан-алтын бесік Отаным.Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.Қилы тағдыр,сан тауқымет сомдаған,Ер халқың бар мәңгі сені қолдаған,Қазақстан,еркін елсің сен бүгін,Бұрын- соңды тарихында болмаған!Диалог: Кеше мен БүгінКеше:-Уа, кімсің?-Қазақпын-Қанша елсің?-Аз-ақ тым.-Ым,ым. қайдан келесің?-Мәскеуден келемін.Сьезге барып, делегат болдым, айтқанын істеймін деп қойдым.-Өнімің қайда?-Ресейге бергем.-Өзің ше?-Артығын алғам, "КСРО" деп бәрін ортаға салғам.Бүгін:-Уа кімсің?-Қазақ деген елмін, байтақпын, кеңмін.-Қанша елсің?-Ұзын саны 17 мин. Ұлан-байтақ жерденмін, бұл күнге мың өліп,мың тіріліп келгенмін.-Өнім қайда ?-Өзімде.Қызығын көріп жүрмін,қалғанын шетелге долларға сатып жүрмін.-Қандай елсің?-Егеменді бәрін женгем енді.-Тілің қандай?-Қазақ тілі. Бесікте жатқанымда-ақ, берген білім.-Жарайсың! Іргелі елден қалып қоймай, жан-жағыңа қарарсың. Сұрақ: Бүгін біз қандай елміз? Кітапханашы: Қазақстан демократияның даму жолында даналар айтқандай, "Үй салудың алдында ең бірінші көршілеріңе бар, сұра, көр, біл. Содан кейін тұрғызуды баста. Бірақ сенің соққан үйіңнің өзгешелігі болуы керек" деген екен. Сол айтқандай, Сіздер Қазақстанның болашағы, ертеңісіздер. Қалай ойлайсыздар, біздің елдің дамуында басқа елдердің демократиялық даму тәжірибесін қолдануымыз кажет пе, жоқ па?Ойын: "Өз ойыңды білдір" (Экранға оқушылардың ең үздік шығармаларынан үзінді көрсетіледі )Болат Үсенбаев "Қазақстаным" (М.Мақатаев) "Отан"(Қ.Аманжолов) "Қазақстан"(Ө.Тұрманжанов) "Туған жер" 6-оқушы:Қазақ жері Отаным деп шаттанамын, Бұл елде туғаныма мақтанамын.Тарихы толып жатқан шежіре ғой,Шұбарлаудан тілімді сақтанамын.Туым асқақ қашан да тау басындай,Елтаңбам бар қазақтың айнасындай,Астанада Байтерек жарқырайды,Бабамыздың үкілі найзасындай.Әнұраным көкейде жатталады,Соныменен бейбіт күнім басталады.Шәмші атамның шығарған асқақ әні,Әркімнің жүрегінде сақталады.Қарасам, кең далама көзім жетпес,Жырлай берсем мақтауға сөзім жетпес.Сүйе берсем жаныммен,жүрегіммен,Мұратымды ешқашан жеңілдетпес!7-оқушы: Жалғанның жартысындай қазақ елі,Алғандай көздің жауын сұлу жері.Ақ пейіл,дархан көңіл халқымыз бар,Болғандай бірі-батыр, бірі-сері.Әз бабам азаттықты аңсап өткен,Ел үшін саңғал шаһид кеткен, Солардың құдіреті, ой - арманы, Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.Кітапханашы: Қазіргі Қазақстан іргесі берік, ынтымағы мығым, төрт құбыласын тегіс мойындатқан Тәуелсіз мемлекетке айналды. Қандай қиын-қыстау замандардан өтсе де елдігін жоғалтпаған қазақ халқы ата-бабамыз армандаған бейбіт өмірді көрді.Қазақ елі қашанан да жыр елі,Тарихында тұлғалар көп киелі, Қазақтсан аясында бұрыннан,Талай халық бірге өмір сүредіБір-бірімен тату -тәтті тұрадыБәрінің де Қазақстан тұрағы - дей келе қазақ елінде тұратын ұлт пен ұлыс өкілдерін қарсы алайық!-Добрый день друзя!-Добрий дэн шановнии друзи!-Алэ хасимника-Исанбисиз-Ас 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ