Материалдар / "Менің сыныбым"Эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің сыныбым"Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық сынып жетекшілерге немесе оқушыларға арналған, Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2019
3686
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

П едагог үшін ең бастысы -

баланың кішкентай зерттеушілер

ретінде дамуына кедергі келтірмеу

Я.Коменский.






Дошахова Құралай

Оралбайқызы

Махамбет атындағы

орта мектептің ағылшын

тілі пәні мұғалімі


Менің сыныбым


Мен бүгінгі эссемді өзім жетекшілік ететін 10 «а» сыныбыма арнамақпын. Бүгінде әрқайсысы өзіндік жайлы мінез бен жасампаз қабілетке ие тұлғалардан құралған менің сыныбым мектеп мақтанышына айналды.

Әлі есімде, сыныпты өзімнің ең алғаш қабылдаған сәтім күні кешегідей көз алдымда.

Көздеріндегі «Ұстазға!» деген құрмет пен көзсіз сенім, «оқысам» , «білсем» деген таласа тармаса ұмтылатын ынта негізінен бастауышта қаланған екен !.

Сондықтан да «Білім негізі - бастауышта» деген асыл нақылды орынды еске алып, осынау сыныпқа алғаш әліппені ұстатқан ұстаздары - Мамлакат Сүндетқызына әріптестік алғысым шексіз.!

Нақ осы мектебіміздегі басқа сыныптарға қарағанда өз сыныбымның білімге деген ерекше құштарлығы мен үшін жетекші ретіндегі қызметіме сәтті жол ашты деп санаймын.

Ең алдымен сынып ішіндегі өзара қарым-қатынас «біріміз - бәріміз үшін» деген ортақ мақсатқа жұмылдырып алудан басталған секілді .Әрине бала болған соң қоғамдық жұмыста да оқуда да алда болуға ,қазіргі тілмен айтқанда көшбасшылыққа деген ерекше талпыныс білдіретін оқушылардың қатары менің сыныбымда өте көп еді. Кейде балалық шыдамсыздықпен өзара мұғалімнің назарына көбірек ілінуге тырысқан әрекеттері өзара шағын келіспей қалушылыққа да ұласып жататын. Сондай сәттерде әр оқушының қадір қасиетін құрметтей ,жетелей , сендіре тәрбиелеп, сабырмен басу айта алатын - диалог жасай білу- сынып жетекші үшін басты қажетті кәсіптік біліктің бірі дей алар едім...

Әр оқушының мінезі оның табиғи темпераменті мен жанұядағы, қоғамдық ортадағы қалыптасу үрдісіне тікелей байланысты деп санаймын.

Қазақтың ұлы ойшылдарының бірі Абай Құнанбаев атамыз өзінің отыз екінші қара сөзінде былай дейді: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім – ғылымның өзі де мейірленіп, тезірек қолға түседі» Қазіргі оқытудың білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы да Абайша айтқанда оқушыларға білім мен тәрбиені шын мейірлене беруге негізделсе керек...

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясының өміршеңдігін осындай шәкірттерге қарап бағамдауға болады...

Міне бүгін де осынау жып - жылы сезім аурасына толы шырайлы мектебіме өз сыныбымды сағына қарсы алуға асығып келемін!Әрине мені алдымен құшақтай қарсы алатын бауырмал да дарынды озатым-Айтолқынды,жүрегі мейірімге толы Аянаны,кішіпейіл Ақбаянды,көңілі ақжарқын Ұлжанды, ұяң да әдепті Дилназды сырбаз да талғамды Ернарды, сегіз қырлы бір сырлы Есімханды, жан-жақты, тынымсыз Айтуғанды.... бәрін-бәрін мен де ұстаздық мейіріммен күтіп аламын!

Мен осынау сыныбымды мақтан етемін!











































Махамбет атындағы орта мектеп















Дошахова Құралай Оралбайқызы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

10 «А»сынып жетекшісі



Менің сыныбым

(Эссе)





























2018-2019 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!