Материалдар / Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім. Дүниетану 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім. Дүниетану 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2019
6048
86 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектеп:

___________

Мұғалімнің аты-жөні:

Бөлімше:

Пән: Дүниетану №3 сабақ

Ортақ тақырып: 1. Жанды табиғат

Бөлімше: 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік

Күні: __________

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім

Оқыту мақсаты

3.1.4.3. Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау.

3.1.4.4. Табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау.

Сабақтың

мақсаттары

(Күтілетін

нәтижелер)

Барлық оқушылар:

табиғи орта дегеніміздің не екенін біледі;

табиғи ортада қандай қауіп-қатерлердің болатынын біледі.

Көптеген оқушылар:

табиғи ортадағы қауіп-қатерлерге баға береді;

табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлайды.

Кейбір оқушылар:

басқа да қауіп-қатерлерді зерттейтін болады (жәндіктерден, саңырауқұлақтардан болатын қауіптер және т.б.)

Тілдік мақсат

Оқушылар

- жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қауіп-қатер, табиғи орта, қауіпсіздік ережесі, қауіпсіздікті жоспарлау .

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Табиғи орта дегеніміз – адамды қоршап тұрған табиғат жағдайлары, жанды және жансыз табиғаттың алуан түрлі

формаларының жиынтығын айтады.

Талқыланатын мәселелер:

Табиғи орта дегеніміз не?

Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер жасырынған?

Табиғи ортадағы қауіпсіздікті қалай жоспарлауға болады?

Табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін сақтау неліктен маңызды?

Алдыңғы

білімдер

Табиғаттағы адамға төнетін қауіп-қатерлер жайындағы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет


Ой қозғау

1 мин

Уәждеме. Стартер.

Мұғалім:

Қоңырау соғылды, сабағымызды бастаймыз.

Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?

Катаклизм дегеніміз не?

Катаклизмдер шартты түрде қандай түрлерге бөлінеді?

1. (Ұ) Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. Мұғалім-оқушы диалогі.

Қандай сұрақтың жауабын іздеп келу керек еді?

Қандай жауап дайындадыңдар? Ақпаратты қайдан іздедіңдер?

Бүгінгі сабақта мына сұрақтарға жауап іздейтін боламыз:

Табиғи орта дегеніміз не?

Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер жасырынған?

Табиғи ортадағы қауіпсіздікті жоспарлауға бола ма? Оны қалай істеу керек?


Жаңа сабақ 35мин

1. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі.

Табиғи орта дегеніміз не? Қандай ортаны табиғи орта деп атауға болады?

2. (Ө) Оқудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Мәтіннің бірінші бөлігін оқыңдар (кестеге дейін).

(Ж) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Екіден отырып, «Зерттеу», «Талқылау» айдарларындағы тапсырмаларды орындаңдар.

Тапсырма орындалған соң, мынадай сұрақ қойылады:

Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайлар болды ма? Қауіп-қатерден қалай

құтылдыңдар, айтып беріңдер.

3. (Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Кластер .

Тапсырмаларды орындау.

Өздік жұмыс


ҚБ: Өзара бағалау (екі оқушы)

Талқылау.

Табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін сақтамасаң, оның зардаптары қандай болуы мүмкін?

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы қорытындыны тұжырымдаңдар.

5. Сергіту сәті

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.

6. (Ж) Жиектемедегі мәтінді оқу (Табиғаттағы қауіп-қатерлер)

Табиғи ортада адамды қандай қауіп-қатерлер күтіп тұруы мүмкін екенін оқыңдар. Тізімді

басқа да қауіп-қатерлердің түрімен толықтыруға бола ма?

7. (Ж) Оқулықпен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Екіден отырып, электронды қосымшадағы, оқулықтағы материалдарды оқып (мәтіннің

екінші бөлігі), табиғи ортада өзіңнің қауіпсіздігіңді жоспарлауға бола ма, ол үшін нені білу

керек және не істеу керек деген мәселені талқылаңдар.

Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынд

8. Пікір алмасайық, әр алуан тапсырмаларын орындау.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау.


Рефлексия

3 мин

Бүгін қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық?

Табиғи ортада өзіңнің қауіпсіздігіңді қалай жоспарлауға болады?

Сабақ бойынша қорытынды жасап, оны негіздеңдер

Үй тапсырмасы

1 мин

Тапсырмаларды орындаңдау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!