400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің талпыныстарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп:

Күні:

Сынып: 5

№: 3

Мұғалімі:

Оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы: Менің талпыныстарым

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: білім іздеу, жақсыдан жаманды ажырата білу, ойдың, сөздің және істің

бірлігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамның мақсатына талпынысының маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Білімділік: оқушыларға адамның мақсатына талпыныс жасауда білім іздеудің маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың жақсыдан жаманды ажырата білу қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігіне тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!


2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №2 - сабақ. Жоба тапсырмасы
Әрбір адамды оның келешегі қызықтыратыны сөзсіз. Ал келешегіңнің жарқын, ашық болуы тек өзіңе байланысты. Сондықтан жобадағы алғашқы қадамың –
«Мен қандай адам болғым келеді?» деген сұраққа жауап іздеу. Мұны түсіну үшін өзіңе сұрақтар қойғаның жөн.
Менің қалауым не?
Мен нені жақсы көремін?
Мені не қызықтырады?

2. Келесі сабақ. №3, «Ағаштағы ұлу» аңызын оқып келу.

Сұрақтар:

1. Ағашқа өрмелеген ұлудың көздегені не деп ойлайсыңдар?

2. Мақсатқа қол жеткізу оңай ма? Неліктен?

3. Мақсатшыл адамның бойында қандай қасиеттер болады?

4. Өзің алдыңа қандай мақсат қойдың?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Ізденген жетер - мұратқа

Халық нақылы

Сұрақтар: 

1. Адам баласы неліктен үнемі ізденісте болады?

2. Адам алдында қойған мақсатына жету үшін қандай әрекеттер жасауы керек?

3. Адамды қандай қасиеттер табысқа жеткізеді деп ойлайсыздар?

4. Дәйексөзден қадай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

Парасат

Қ.Толыбаев

Бір оқымысты өзі ой тоқтата алмай жүрген мәселенің жайын Әбунасырдан сұрайды:

– Құрметті ұстаз, айтыңызшы, адамның парасаттылығын қалай тануға болады?

– Ол үшін ең алдымен мына жайды түсініп алыңыздар, – дейді Әбунасыр бұл сауалға жауаптың мәнісін айқындап.Әрбір адамның өзі атқарған ісіне жауапкершілігі мен алдына қойған мақсатына сенімділігіне қарай жасаған қимыл-қылығын парықтау керек.

– Сенім деген не?

– Адамның өзі жүзеге асырған ісінің ақиқат екеніне илануы сенімнің көзі.

– Біреу мақсатын іске асыруға жүрексініп, ішкі күмәні қозса, оның ойын қалай орнықтау керек?

– Күмән мен күдік – шалалық, – дейді сонда Әбунасыр ойын айқындай баяндап. Адам қандай жағдайда да өзінің әрекетіне айнымастай мықтап сенуге тиіс. Соған орай сол адамның ойын орнықтыруына қол үшін беріп, көмектесіңіздер. Өзінің ісіне нанымы жоқ адамды парасаттылардың қатарына қосқан жарамайды. Ондайлар парасаттылар санатына жатпайды.

Сұрақтар:

  • Оқымысты не туралы сұрамақшы болды?

  • Адамның парасаттылығын неден байқауға болады?

  • Өзіңнің әрекетіңе сенімді болу дегенді қалай түсінесің?

Жауапкершілік пен сенімнің мәні неде деп ойлайсыңдар?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып өлеңді оқыңдар.
Адам болғым келеді
Сәрсенбі Дәуітов
Ойы терең мұхиттай
... болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де
... болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Бал бұлақтай мөп-мөлдір
... болғым келеді.
Отты, ойлы жыры бар
... болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын
... болғым келеді,
Адамдардың бәрінен
... болғым келеді,
Ең бастысы өмірде –
... болғым келеді.
Қажетті сөздер: таза, дана, бала, кіші, асыл, ақын, кісі.


6. Топпен ән айту

«Сенім»

1.Сездірмей жүрген,

Тек өзім білген.

Бір сенім бар,

Жоғалмас мүлдем.

Сол сенім бар да,

Асығам алға,

Ақ тілегім, биікке самға.

Қ-сы

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы.

Сенім – маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін.

Жүрегіммен сенемін.


2. Жылуын берер,

Шапағат төгер,

Махаббатым адаспай.

Асқардай биік,

Армандар жиып,

Мен өтемін

Өмірді сүйіп.


7. Үй тапсырмасы.

1. №3 - сабақ. «Менің арманым» тақырыбында эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №4, Василий Сухомлинскийдің «Өмірдегі басты нәрсе не?» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі