Материалдар / "Менің үйім "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің үйім "

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
293
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған техникалық карта

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрастыру.

Тақырыбы: Менің үйім

Мақсаты:Құрылыс материалдарынан өз үйін құрастыру,ойлануға , өздігінен шығармашылықпен әрекет етуге баулу, құрастыру дағдыларын қалыптастыру, өз үй –іші,отбасына деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Үлгі суреттер , құрылыс материалдарының жиынтықтары.

Сөздік жұмыс: көп қабатты үй, үйдің іргетасы.

Іс-әрекетінің кезеңдері

                      Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Жарқыраған күнге!


-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

 Мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды



Сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық - ізденістік


Балалардың өздері тұратын үйлері жайында әңгімелету.Мекен жайларын сурау.


Балалармен бірнеше үйлердің суреттерін қарап , талдау жасау.

Өз үйлерін қалай құрастыруға болатынын ойландыру.

-Әр бала құрылыс материалдарынан өз үйлерін құрастырады, үйдің іргетасы ,қабырғалары ,төбесі, терезелері, т.б бөліктерін тауып алады.Үйдің айналасында не бар екенін бейнелеу үшін қағаздар , ұсақ ойыншықтар беріледі.



Өз үйлеріне ұқсас үйді табады.


Құрылыс материалдарынан өз үйлерін құрастырады.

Рефлексия-лық

түзетушілік


Өз үйлерінің құрылыстарын жасағандарын қарап шығып , оның жетістіктерін мадақтап қорытынды жасау.


Әр бала өзінің жасаған үйлерін көрсетеді.


 

Күтілетін нәтиже:

 Біледі: Құрылыс материалдарынан құрастыра білуді.

Игереді:Үйлердің құрылысы жайында: іргетасы, қабырғалары, төбесі,терезесі,есігі түсініктерін игереді.

Меңгереді: Үй құрастыра алуға дағдыланады.











































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!