Эссе
Менің педагогикалық
мамандығым
Менің өмірдегі бақытым – жүрек
қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені
бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай
ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір
қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі
жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен,
мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі
ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін.
Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен
елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан
артық менде қайдан арман болсын.
Міне,
Осындайда «Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет»
деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме
аламын.
Әрине, ұстаз болу жоғарғы
педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық
етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір
бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел
ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін. Бұл менің ұзақ жылдар
ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей
биік діңгегі.
Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп
қоюмен шектеліп қалмауға барынша
тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр
Әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек,
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі
шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды
алтын қазыққа байлап келемін.
Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз
пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек
жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір
ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп,
баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне,
жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас
борышымыз.
Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде
баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі
керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда
сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау
тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере
алады.
Үшінші, балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен
мәнді гуманиеті ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар:
баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше
ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен
көру.
Төртінші, мұғалім әр оқушының мінез - құлқын,
көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз
шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбие сағаттарына бейімдеу
қажет. Бұл сағаттар – ғибратты да әсерлі болуы тиіс -
ақ.