Оңтүстік Қазақстан облысының
білім басқармасының «Шымкент №1 саңырау балалардың
мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика,
информатика пәндерінің мұғалімі
Д.С.Жарқынбек
Жаңа жылдық
таңертеңгілік
Жаңа Жыл мерекесі сиқырлы
орман ішінде өтеді.
Аяз Ата көңілсіз
отырады.
Ақшақар жүгіріп
келеді.
Ақшақар: -
Ата, сізге не болды? Неге
көңілсізсіз? Бізде бүгін мереке, бізді балалар күтіп
жатыр.
Аяз
Ата: - Немерем-ай, менің мазам
қашты. Көңіл-күйім болмай отыр. Аяғым да ауырып, жүре алмай
отырмын. Балаларға қалай барамын? Мереке болмай қалса не болады? Не
істерімді білмей отырмын.
Ақшақар: - Ата, сіз уайымдамаңыз.
Мен қазір Орман сиқыршысын шақырайын. Ол бізге
көмектеседі.
Ақшақар Орман Сиқыршысының
үйіне келеді.
Орман
Сиқыршысы: - Амансың ба, Ақшақар.
Қалай жағдайың? Мерекеге дайынсыңдар ма? Аяз Ата не істеп
жатыр?
Ақшақар: - Орман Сиқыршысы, сен
сұрама. Аяз Ата ауырып қалды. Мерекеге бара алмайды. Балалар бізді
күтіп жатқан болар. Мерекені де өткізу керек. Атамды емдеп
бер.
Орман
Сиқыршысы: - Мен Аяз Атаны аяққа
тұрғызатын жолды білемін. Ол үшін оны күлдіріп, ойнату керек. Күлкі
адам өмірін ұзартады.
Ақшақар: - Балаларға барсақ бәрі де
жақсы болар еді. Бірақ Аяз Ата жүре алмай отыр
ғой.
Орман
Сиқыршысы: - Егерде Аяз Ата балалардың
мерекесіне бара алмаса, онда балаларды осында алып келейік.
Мерекені де осында өткіземіз, Аяз Атаны да ауруынан
құтқарамыз.
Ақшақар: - Жақсы болар еді. Осында
достарымызды да шақырамыз. Аяз Атаны да ауруынан жазамыз. Мерекеміз
де өтеді.
Ақшақар өзінің көмекші
достарымен (Айнұр мен Қанат)
кездеседі.
Ақшақар: - Достарым, біз мерекемізді
қызықты етіп өткізуіміз керек. Сол үшін достарымызды осында
шақырайық. Сиқырлы орманымызда мереке өтеді. Силықтарымыз да дайын,
шыршамыз да әдемі.
Роза: - Онда мен, балаларды
шақырайын. Аяз Атаға да сыйлық жасау керек қой. Аяз Атаға «сюрприз»
жасайық.
Қанат: - Ал, мен ескі жыл Ұлуды
шақырайын.
Ақшақар: - Онда іске
кірісіңдер.
Аяз
Ата (көңілсіз
отыр):
- Балалар сыйлықсыз қалатын
болды-ау. Сыйлықсыз қандай Жаңа Жыл болады? Не істеймін? Не
істеймін?
Ақшақар: - Ата, уайымдамаңыз. Жаңа
Жылды бәріміз бірге қарсы аламыз.
Аяз
ата: -
Қалай?
Ақшақар: - Достарымыздың бәрін
сиқырлы орманымызға шақырдық. Қазір қонақтар келеді. Сіз
ауруыңыздан да жазыласыз.
Балалар, Орман Сиқыршысы,
оның көмекшілері, ескі жыл Ұлу, залға әуенмен
кіреді.
Роза: - Мінеки, қонақтар да
келді.
Бәрі қонақтармен, Аяз
Атамен, Ақшақармен амандасады.
Ақшақар: - Балалар, Аяз Атаның
мазасы жоқ, ауырып қалды. Ауруын жеңуіміз керек. Аяз Атаны
көңілдендіріп, Ескі Жылды шығарып, Жаңа Жылды қарсы алуымыз керек.
Сендердің көмектерің болмаса, біз ешнәрсе істей
алмаймыз.
Ақнұр: - Онда біздің
қыздарымыздың «Қазақ» биін
тамашалаңыздар.
Ақшақар: - Балалар, Аяз Атаға
дайындаған тақпақтарың болса, ортаға шығып, айтып
беріңдер.
Тақпақтар:
Бекзат:
С Новым годом, с Новым
годом!
С
ёлкой, с песней, с
хороводом!
Пусть всем радость
принесёт
Добрый, славный Новый
год!
Нышанбек:
Қуаныш пен шатыққа
кенелейік,
Жадырап ән шырқап
кенелейік.
Төрлет, төрлет халқымның
Құтты жылы,
Бәріміз дөңгелене би
билейік.
«Өзбек»
биі. Орындайтындар 8 «Б» сынып
қыздары.
Аяз
Ата: - Менің көңіл-күйім
көтеріліп қалды. Енді ортамызға Жаңа жылымызды
шақырайық.
(Жаңа жыл Жыланды
шақырамыз. Хажиакбар ортаға қабын қойып сырнайын тартады. Оның
ішінен Жылан «Үнді» биін билеп
шығады.)
Жылан: - Амансыңдар ма, Аяз Ата,
Ақшақар, орман Сиқыршысы, балалар, қонақтар. (өзінің тілектерін
айтады)
Ақшақар: - Балалар, бізге бір нәрсе
жетіспей тұрған секілді. Қане, көмектесіңдер. Ол
не?
Балалар: - Шыршамыз жанбай
тұр.
Ақшақар: - Бәріміз бірге: Шырша,
жан.
Аяз Ата 3 рет еденге
таяқшасымен ұрады. Шырша жанады.
Ақшақар: - Балалар, Розамен бірге
шыршаны айналып, «Шырша» әнін
айтайық.
Аяз
Ата: - Көңіл-күйім тамаша! Күшім
де көп. Қанеки, қызым өзіңнің тобыңды жина.
Ойнайық.
«Арқан тарту»
ойыны.
Ойынның шарты: 1) Аяз Ата
мен Ақшақар тобы арқан тартысады.
2) Ұлу мен Жылан тобы арқан
тартысады.
«Орыс»
биі. Орындайтындар: Нышанбек,
Гүлбану, Қанат, Ақнұр.
Ақшақар: - Жарайсыңдар, балалар!
Билерің қандай тамаша!
Енді, қызымыз Мижгананың
«Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.
«Жаңа жыл»
әні. Орындайтын 8 «А» сынып
оқушысы Мижгана.
Тақпақтар.
Нұрым:
Ерлерім, ел түйіп
белге,
Келеді қолым жетіп
биіктерге.
Тілегі қабыл болсын
Елбасының
Жаңа жыл құт боп келсін
сүйікті елге.
Айдана:
Ырза бізге
ата-ана,
Ырза бізге Аяз ата
да.
Шыршамыз айнала
түрленді,
Балалар, би билейік, тұрмай
енді.
Ақшақар: - Енді, қыздарымыз Айдана
мен Ақнұрдың дайындап келген «Үнді» биін
тамашалайық.
«Үнді»
биі. Орындайтын: 8 «А» сынып
оқушылары Айдана мен Ақнұр.
Ойын.
Ойынның шарты: Ойынға
ата-аналарды шақырамыз. Ата-аналар қима-қағаздағы тапсырманы
орындау керек.
Қима қағаздағы тапсырмалар:
«Қыс» туралы тақпақ, «Жаңа Жыл» туралы ән, «Сыған» биі, ...
.
«Жаңа Жыл»
әні. Орындайтындар: Мейрамбек
пен Ақнұр.
«Лизгинка»
биі. Орындайтындар: 8 сынып
ұлдары.
«Үрле, байла, «Шыршаның»
суретін сал» ойыны.
Ойынның шарты: Арқанмен
тартысады, сызықтан өтіп кетпеу керек.
Ақшақар: - Балалар, ескі жылды
шығарып салайық.
Ескі жыл
(Ұлу):
Шырша тойы құтты болсын
ағайын,
Жыр тойында би билеп, ән
салайық.
Күлкінің керуені біз де
ілесіп
Езу жимай бір жарасып
қалайық.
Жаңа жыл
(Жылан):
Жақсылыққа
бағытталған,
Боламын мен жаңа
жыл.
Жаңа жылға
бәріңіз,
Жаңа үмітпен
қараңыз.
Қабыл алдым
аманат,
Жасамаймын мен
әркез,
Аманатқа
қиянат.
(Музыка ойнап ескі жылды
шығарып саламыз.)
Хоровод «В лесу родилась
елочка».
Аяз ата:
- Балалар, сендерге көп
рахмет. Сабақтарыңды жақсы оқып, ата-аналарың мен мұғалімдеріңді
қуанта беріңдер. Сендерге дайындаған сыйлықтарым бар еді.
(Сыйлықтар таратылады).
Жаңа Жыл
(Жылан): - Қанеки, балалар, барлық
қонақтарды сиқырлы орманның би кешіне (дискотека)
шақырайық.