Металдар мен бейметалдардың тірі ағзалар өміріндегі биологиялық рөлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Металдар мен бейметалдардың тірі ағзалар өміріндегі биологиялық рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 27.01.2017

Сабақтың тақырыбы

Металдар мен бейметалдардың тірі ағзалар өміріндегі биологиялық рөлі

Сабақтың мақсаттары

- Металдар мен бейметалдардың табиғаттағы және тірі ағзалардағы маңызын біледі;

- Алған білімін күнделікті өмірде қолдана алады;

- Адам ағзасындағы химиялық элементтермен танысады.

Табыс критерийлері

- Макроэлементтер, микроэлементтер, ультрамикроэлементтерді айыра алады;

- Химиялық элементтердің адам ағзасына әсері жөнінде біледі;

- Металдар мен бейметалдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жаза алады.

Түйінді идеялар

- Металдар мен бейметалдардың тірі ағзалар өміріндегі биологиялық рөлімен танысады;

- Басқа пәндерден алған білімдерін қолданады;

- Өз ойларын еркін, ашық айтады.

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

3 минут


Шаттық шеңбері: Оқушыларға ортаға шеңбер бойымен тұру тапсырылады. «Бүгін қандай тамаша, көңілді күн!» деген жазуы бар шарды шеңбер бойымен бір-біріне бере отырып, тілек айтылады.

Оқушылар ортаға шеңбер бойымен тұрады. Бір-біріне шарды бере отырып, тілек айтады.

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру.


2 минут

Топқа бөлу: Ішінде сандары бар қорап беріледі. Қораптың ішінен сандарды алу арқылы 6 топқа бөліну тапсырылады.


Қораптың ішінен сандарды таңдай отырып, 6 топқа бөлінеді.






10 минут

Тақырыпқа шолу: Оқушыларға жетелеу сұрақтарын қою арқылы тақырыпқа шолу жасалады.

Адам ағзасындағы химиялық элементтер – адам өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі: микроэлементтер, макроэлементтер және ультрамикроэлементтер. Ал тіршілік үшін маңыздылығына байланысты тіршілікке қажетті элементтер, қосымша элементтер және өте аз элементтер деп өзара бөледі. Сондықтан, химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы бұл элементтердің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеп соғады. Адам ағзасы химиялық элементтерді әртүрлі концентрлейді, яғни микро және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады.

Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор – нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді.


Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, молибден – бүйректе, қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Сонымен қатар, микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары.

Ультрамикроэлементтер – сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен. Бұл элементтер адам ағзасында қажетті мөлшерден көп болатын жағдайда көптеген аурулар пайда болады. Себебі, олар токсиндік элементтер болып табылады. Дегенмен, ағза үшін маңызы зор біршама үрдістерге қатысады.


Қойылған сұрақтарға жауап беріп отырады

Сұрақтар:

1. Адам ағзасында қандай химиялық элементтер болады?

2. Айнаны үрлегенде айнаның бетінде не пайда болады? Не себепті?

3. Тоттанған шеге мен кесілген алманың ұқсастықтары қандай? Құрамында қандай элементтер бар?

15 минут

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі: Топтарға әр түрлі түсті қалпақтар таратылады. Тақырыпты талқылау барысында барлық ой операцияларын осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады.

Ақ қалпақ – фактілер, орташа, объективті ақпарат;

Қызыл қалпақ – эмоциялар, болжамдар, алдын-ала сезу;

Қара қалпақ – сыни аналитик, логикалық негатив;

Сары қалпақ – шуақты оптимизм, логикалық позитив;

Жасыл қалпақ – шығармашылық өсу, мүмкіндіктер, идеялар;

Көк қалпақ – салқынқандылық, іс-әрекет жоспары, өңдеу, шолу, ұйымдастырушы, шешім.

Барлық ой операцияларын берілген қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізе отырып, тақырыпты талқылайды.





7 минут

«Жасырын сөздер»: Әріптердің ішінен металдар мен бейметалдардың атауларын тауып, периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы бойынша сипаттама беру тапсырылады.





Металдар мен бейметалдардың атауларын тауып, сипаттама береді.


І

К

К

З

О

К

А

Л

И

Й

Т

Ү

С

І

И

І

М

Ж

А

К

Е

К

А

Б

Қ

А

Р

Я

Қ

Ө

М

І

А

М

А

О

Й

С

І

М

Л

Р

З

Ұ

Р

Т

И

З

Н

І

Ф

Т

О

Р

А

Қ

К

Е

Т

Р

И

И

Т

Ұ

Н

А

Т

А

Н

А

Х

Л

О

Р

Ы

Ш

С

Ш

А

Н


6 минут

«Венн диаграммасы»: Металдар мен бейметалдардың айырмашылықтарын, ұқсастықтарын жазу тапсырылады.

Венн диаграммасына металдар мен бейметалдардың айырмашылықтарын, ұқсастықтарын жазады.



2 минут

Рефлексия: Түрлі түсті алма бейнесіндегі қағаздарға өз ойларын жазу тапсырылады.

Қызыл алма – Білемін;

Жасыл алма – Білдім;

Сары алма – Білгім келеді.

Үй тапсырмасы:

«Химиялық элементтердің адам ағзасына әсері» (жоба).

Түрлі түсті алма бейнесіндегі қағаздарға өз ойларын жазады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2018
4139
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі