Материалдар / "Металды көркемдеп өңдеу"

"Металды көркемдеп өңдеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Металды көркемдеп өңдеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
550
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: Ою – өрнектер Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға ою - өрнек, оның түрлері, жасалу жолдары туралы мағлұмат беру. Оюдың мағынасын түсініп, жаңа үлгілерін өз шығармашылығында орындау, оюды оя білуге үйрету. 2. Дамытушылығы: Оқушыларға қағазды қию, бүктеу, жапсыру тәсілдерін меңгерту; шығармашылық ізденісін дамыту; икемділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру; 3. Тәрбиелігі: ою – өрнек оя отырып, оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу; эстетикалық талғамын арттыру; қолөнерге, еңбекке баулу. Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, суретін салдыру. Көрнекілігі: «Ою – өрнек түрлері» буклеті, «Ою – өрнектің қолданылуы» суреті, презентация слайд, интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: еңбек, математикаСабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал – жабдықтарын түгендеу. 2. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбын хабарлап, ою – өрнек туралы баяндау. Қазақтың «Ою» және «Өрнек» деген сөзі бірге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ою – өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, киылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін,киім – кешектерді, ыдыс – аяқтарды, қару – жарақ, зергерлік бұйымдарды безендіруде қолданылады. Ою – өрнек түрлері мен атаулары көп. Ғылымда ою – өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес; геометриялық және ғарыштық деп бөлінеді.Оюдын әрбір элементінде құрамында терең мағына, үлкен мән бар. Ою – өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, теекмет, сырмақ, сандық т.б. қолданылады. Қабырғаға ілінген түс киіз, кілем, сырмақтағы кестелерге, өрнектерге зер салып қарасақ, әрбір ою – өрнектің мағынасы бар екенің байқаймыз. Ою – өрнек туралы ертегі желісінен қысқаша үзінді айтып кетуді жөн көріп отырмын. Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жалы ұзын екен. Баяғы бір заманда Оюлар патшалығында түрлі ою-өрнектер өмір сүрген екен. Оюлардың ішінде Ботакөз, Бөрікөз және Қошқармүйіз үшеуі ерекше тату-тәтті достар болыпты. Күндердің күнінде бұл патшалыққа тау-тасты мекен еткен Арқармүйіз келіп қоныстанып, оны үш дос қатарларына қосып алыпты. Ботакөз, Бөрікөз, Қошқармүйіз және Арқармүйіз төртеуі Қазақ деген патшалыққа сапар шегеді. Жолда оюлардың ең кішісі, қатты шаршаған Ботакөз бір еменнің түбіне ұйықтап қалады. Мезгіл түн болғандықтан қалған үш дос Ботакөздің қалып қойғанын байқамай сапарларын одан әрі жалғастыра береді. Түн ортасы болған сәтте олар демалуды ұйғарады, сол мезгілде өздерінің кіші достары Ботакөздің жандарында жоқ екенін байқайды. Ал, балалар біз енді Бөрікөз, Қошқармүйіз, Арқармүйізге адасқан достары Ботакөзді табуға көмектесеміз бе? Ол үшін бірнеше кезеңнен өтіп, Ботакөзді табуға көмектесеміз.

І-кезең: «Қане оюларды ояйық»Бүктелген қағаздан мөлшерленген оюды ою.

-Міне балалар, жұмыстарың жақсы жүріп жатқандары байқалады, себебі үш дос Ботакөзге кішкене болса да жақындай түскен секілді.

ІІ-кезең: «Қағаздан сырмақ сырайық»Ойылған оюды түрлі-түсті қағазға жапсырмалау арқылы сырмақ үлгісін дайындау.

«Сәйкестендір!»

1.Үйренгенің өзіңе құт,



2.Үлгісі көптің өрнегі көп,



3.Асыл қайшы пішуге сән
1.Өрнегі көптің ермегі көп.



2.Күміс қасық ішуге сән.



3.Істегенің еліңе құт.


1. Үйренгенің өзіне құт,  Істегенің еліңе кұт. 2. Үлгісі көптің өрнегі көп,  Өрнегі көптің ермегі көп. 3. Асыл қайшы пішуге сән,  Күміс қасық ішуге сән. 



ІІІ-кезең: «Оюды бейнелеу»Дайын болған сырмақтың үлгісіне қарап отырып өз бетімізбен оюларды бейнелейміз.

-Сонымен балалар, сендердің арқаларыңда үш дос адасқан Ботакөзді тауып, төртеуі Қазақ еліне аман-есен жетіп, сол патшалыққа қоныс теуіпті. Содан бері ою-өрнектер қазақтың ұлттық , киелі символына айналыпты.3.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта ою-өрнек туралы мағлұмат алып, оны қиып, сырмақты жапсырмалауды және дайын өнімді бейнелеп үйрендік. Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден ақ өнердің барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, мәдени асыл қазынаның өзекті бір саласына арналған. 4. Оқушылардың жұмыстарын бағалау. 5. Үйге тапсырма беру.  Қағазды екі бүктеп, ою үлгілерін қию, түсті қағаздарға жапсыру. 
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ