Метр 2-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Метр 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлшем бірлігімен танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

28-сабақ математика

Мұғалімнің аты-жөні:

Сатыбалдиева Жаңагул

Пән/Сынып:

2 «Ә»

Қай аптаның нешінші сабағы

8 апта, 2сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

1С бөлім- Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Сабақтың тақырыбы:

Метр

Оқу мақсаты:

2.1.3.2 **ұзындық/м/масса/ц/өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

Бағалау критерийі:

  • ұзындық/м/масса/ц/өлшем бірліктерін қолданып өлшейді;

  • ұзындық бірліктерін (см, дм, м) түрлендіреді;

  • шамаларды пайдаланып есептер құрастырады;

Тілдік мақсат:

Метр

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Оқытушының іс- әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

Бағалау

Ресурстар

2 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар! Біз бүгінгі тақырыпты сіздердің қолдан жасаған сызғыштарыңыздың көмегіне жүгіне отырып өткізетін боламыз.

Біздің өтетін тақырыбымыз «Метр» деп аталады. Бұл−ұзындықтың өлшем бірлігі бола тұра өлшеу құралына да жатады. Бүгін сендер өлшем бірліктерін қолданып, заттарды өлшеуге, ұзындық бірліктерін түрлендіруге және олармен есептер құрастыруға дағдыланасыздар!

Не меңгеретінін білу үшін


Презентация № 1 бет

8 минут

Жаңа сабақ

  • Балалар ең алдымен сызғыштың көмегімен дәптеріміздің ұзындығын өлшеп көрейік!

  • Ал енді математика оқулығының бетін жаппай өлшейік!

  • Тамаша! Ал үстелімізді өлшейікші! Не байқадыңыздар балалар?! Сызғышымызды бірнеше рет жылжыту қажет болды, солай ма?

  • Ал үйдің қабырғасын, бойымызды немесе матаны сызғышпен өлшесек қалай болар екен?! Әлбетте қиын! Сол себепті де ХVІІІ ғасырдың соңында Франция қаласында жаңа «МЕТР» өлшем бірлігі пайда болды. Ол әлдеқайда көлемді, ұзын заттарды өлшеу үшін арналған.


  • Суретте берілген заттардың қайсысын білесіздер? Ол заттарды кімдер қолдануы мүмкін?

Өлшеуіш құрал (рулетка)−құрылысшы

Таспа−тігінші

Сызғыш−оқушы


Есіңде сақта!


Біздің өткен кіші ұзындық бірлігі сантиметр (см), содан соң дециметр (дм) және бүгін қосылғаны метр (м). Біз осы 3 өлшем бірлігін түрлендіруді үйренуіміз қажет.

Естеріңде сақтаңдар! Біз тек үлкен бірлікті кіші бірлікке айналдыра аламыз!

Мысалы: 1 м=10 дм=100 см

1 дм=10 см≠

1 см≠

Сантиметрді біз әзірге түрлендіре алмаймыз!

Міндетті түрде бұл өлшем бірліктерін жаттап, есте сақтауға тырысыңыздар!


Жаңа тақырыпты меңгеру


Презентация № 2-6 бет

10 минут



Тәжірибе

3. Түсіне отырып, есепте.

а) ұлдар тобы

3 онд.+7 онд.=___онд.=____жүзд.

3 дм+7 дм=____дм=____м

30+70=


ә) қыздар тобы

2 онд.+8 онд.=____онд.=____жүзд.

2 дм+8 дм=____дм=_____м

20+80=


4. Есепті шығар.

1Shape2 -ші орамда – 10 м

3-ші орамда - ? м

2-ші орамда – 20 м

Шешуі: 10 м+20 м= 30 м

Жауабы: Үшінші орамда 30 метр мата бар.

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну


Қолдан жасаған сағаттары арқылы бағалайды.

Біреуі дұрыс болса сағат тілін 1:00ге, екеуі дұрыс болса сағат 2:00ге, үшеуі де дұрыс болса 3:00ге қаратып қояды



Дескриптор арқылы


  • Есептің шартын құрастырады;

  • Есептің сұрағын анықтайды;

  • Есептің шешуін шығарады;

  • Жауабын жазады;

Презентация № 7-11 бет

5 минут



Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну

Дәптеріңе жазып, жылдам есепте.

5 м=____дм

90 дм=____м

2 м 3 дм=____дм

45 дм=____м ___дм

1 м=____см

2 дм 4 см=_____см


Құрметті менің оқушыларым! Бүгін біз көп жұмыс жасадық. Жарайсыңдар! Егер әлі де бұл тақырыпқа қиналып жатсаңыздар мен әрдайым көмекке келуге әзірмін!


Үй тапсырмасы: 63 бет, 4ә) есепті шығар.


Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды! Сау болыңыздар!

Тақырыпты меңгергенін анықтау


«Рефлексиялық сұрақтар»

Оқушылар ИТ берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Бағалау критерийлерін ұсыну

ұзындық/м/масса/ц/

өлшем бірліктерін қолданып өлшейді;

+/-

ұзындық бірліктерін (см, дм, м) түрлендіреді;

+/-

шамаларды пайдаланып есептер құрастырады;

+/-


Презентация № 12-17 бет






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2020
411
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі