Материалдар / М.Х.Дулатидің Тарихи-и Рашиди еңбегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Х.Дулатидің Тарихи-и Рашиди еңбегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Күні кешеге дейін Мырза Хайдар туындысынан алғаш рет орыс тілінде үзінділер аударуды және Тарих-и Рашидиді зерттеуді Ресей тарихшыларынын В.В.Вельяминов-Зернов бастады делініп келді.B.B.Bельяминов-Зернов 1864 жылы Санкт-Петербургте шыққан хандары мен ханзадалары жайлы зерттеу атты кітабының екінші томының Ораз-Мұхаммедке арналған он екінші тарауында Жәнібек пен Әдік хандар тарихын жазғанда мырза Хайдардың Тарих-и Рашидиі туралыда сөз еткенін деп жоғарыда айтып кеткенбіз.Әйтсе де шындығын айтсақ, асыл туындымени Ресей жұртшылығын тұңғыш рет таныстырып,көптеген жерлерін мазмұндай аударған және алғашқы зерттеуші – Шоқан Уалиханов.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2022
441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘӨЖ 821,519.123:85-97


М.Х.Дулатидің Тарихи-и Рашиди еңбегі


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қаласыedilkyzyaiganym@mail.com


Аннотация:Күні кешеге дейін Мырза Хайдар туындысынан алғаш рет орыс тілінде үзінділер аударуды және Тарих-и Рашидиді зерттеуді Ресей тарихшыларынын В.В.Вельяминов-Зернов бастады делініп келді.B.B.Bельяминов-Зернов 1864 жылы Санкт-Петербургте шыққан хандары мен ханзадалары жайлы зерттеу атты кітабының екінші томының Ораз-Мұхаммедке арналған он екінші тарауында Жәнібек пен Әдік хандар тарихын жазғанда мырза Хайдардың Тарих-и Рашидиі туралыда сөз еткенін деп жоғарыда айтып кеткенбіз.Әйтсе де шындығын айтсақ, асыл туындымени Ресей жұртшылығын тұңғыш рет таныстырып,көптеген жерлерін мазмұндай аударған және алғашқы зерттеуші – Шоқан Уалиханов.


XIII-XVI ғасырлардағы тарихи жазба жәдігерліктерінде Қазақстанға байланысты маңызды мәліметтер көп кездеседі. Ақпараттық, танымдық маңызы жоғары парсының жазба жәдігерліктері Отан тарихы үшін құнды дерек көздері болып табылады. Бұл еңбектер басқа шет тіліндегі осы тақырыптағы жазба деректермен салыстырғанда маңыздылығы, деректілігі және тарихи нақтылығымен ерекшеленеді. Себебі, олар ғасырлар сынынан өткен жазба ескерткіштердің кешегісі мен бүгінгісін жалғастырып, халықтың тарихи жадын жаңғыртатын мұралар болып саналады. Ортағасырлық рухани мәдениет туралы мәліметтерді сақтап, мазмұндық және деректік жағынан байыта түсіп, жаңа заманға жеткізген бұл ескерткіштердің отандық тарихымыздағы орны ерекше. Өйткені, оларда Қазақстан жерінде өткен саяси үрдістер, мемлекеттік құрылым, халықтың құрамы, қалалары, шаруашылығы, сауда жолдары, салт-дәстүрлері мен рухани өмірі жайлы мәліметтер жинақталған. Кеңес үкіметі тұсындағы тіліміз бен дінімізді,салтымыз бен әдет-ғұрыптарымызды, тарихымыз және әдибиетімізді жоғалтып ала жаздадық. Жетпіс жылдық бодандық әсерінен тарихымыз бұрмаланды.Кең байтақ даламыздың ардақтыда асыл перзенттерінің мұралары бірте-бірте ұмтылуға айналды.

Күні кешеге дейін Мырза Хайдар туындысынан алғаш рет орыс тілінде үзінділер аударуды және Тарих-и Рашидидізерттеуді Ресей тарихшыларының В.Вельяминов-Зернов бастады делініп келді. B.Bельяминов-Зернов 1864 жылы Санкт-Петербургте шыққан хандары мен ханзадалары жайлы зерттеу атты кітабының екінші томының Ораз-Мұхаммедке арналған он екінші тарауында Жәнібек пен Әдік хандар тарихын жазғанда мырза Хайдардың Тарих-и Рашидиі туралыда сөз еткенін деп жоғарыда айтып кеткенбіз.Әйтсе де шындығын айтсақ, асыл туындымени Ресей жұртшылығын тұңғыш рет таныстырып,көптеген жерлерін мазмұндай аударған және алғашқы зерттеуші – Шоқан Уалиханов.Оның әйгілі Жоңғар очерктері атты еңбегі Петербордағы Орыс Географиялық қоғамының жазбаларында 1861 жылы басылып шыққан-ды.Оның бірнеше беті Мырза Хайдардың Тарихи-и Рашидиіне арналған. Сол себептен Мырза Мұхаммед Хайдар еңбегін Патшалық Ресей ғалымдары арасында тұңғыш зерттеп, ғылыми айналымға енгізген Шоқан Уалиханов деу керек.

Шоқан Уалиханов Бес томдық шығармалар жинағының төртінші томына ғалымның 1860-1864 жылдары аралығында тер төккен еңбектері кірген. Ш.Уалиханов Тарих-и Рашидидің парсы қолжазбасын түркі аудармасымен салыстыра қараған. Мырза Хайдардыңөзі хақында жазған өміртарихын келтіре отырып,ғалымның туылуы тарихы мен әкесі жайлы қысқаша мағлұмат берген. Сөйтіп, Шоқан Тарих-и Рашидидің бірінші дәптерімен жұмыс істей бастаған.Мырза Хайдардың өзіне дейінгі жаратылу тарихының схемасын жасады.

Мырза Хайдардың Тарих-и Рашидиінің жазылу мерзімін Ш.Уалиханов Тарих-и Рашиди 962 ж.(1554) аяқталған…-деп қате көрсеткен

Қазақ хандығының белгісіз беттерін зерделеуле құштар Ш.Уалиханов Тарих-и Рашидидің бірінші дәптері үлкен зейінмен оқыған.Әрбір сөзіне мән беруге тырысқан. «Тарих-и Рашиди» негізінде ол Тоғылық Темір мен Жүніс хан шежіресін жасады.Сонымен қатар осы еңбекке сүйене отырып Моғолстанның схемалық картасын және Моғолстанның шығыс бөлігінің схемалық картасын жасады.

Қазақ хандығының Моғолстан мен және Шайбанидтермен байланысына тоқталмас бұрын, оның сол тарихи кезеңдегі дамуына тоқталайық. ХІV ғасырыдң аяғы мен ХV ғасырдың басынан бастап қазақ жерінде үлкен өзгерістер болды. Ол өзгерістер елдің саяси- мемлекеттік, әлеуметтік – экономикалық, этникалық дамуында айқын көрінді. Мал шаруашылығымен айналысқан Қазақ хандығында біршама өзгерістер болған еді. Ол мал шаруашылығынан енді қалалық тұрмыс, жер шаруашылығы кең құлаш жайып, етек ала бастады. Ол әсіресе Жетісу, Сырдария өңірінде айқын көрінеді. Осы Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Қазақстанда тарихи – этникалық жағынан қазақ халқының дамуы күшті болды. [1]

ХV ғасырдың ІІ –мен ХVІ ғасырдың бсында Қазақ хандығының құрылуының негізінде мемлекет болып дамуына мүмкіндік ашылған еді.Бұл кезеңде қазақ халқы хандық болып дамып, сыртқы саясатында жаңадан құрылған мемлекетті сақтап, оның территориясын кеңейтіп, елді сыртқы мемлекеттердің шапқыншылығынан сақтау болатын. Ал, оның мемлекет болып дамуына келер болсақ, ХІV- ХV ғасырдан кейін моңғол шапқыншылығының орын алуымен және оның қойнауында шаруашылық, мәдени дамуы жаппай қазақ халқының бірігу процесі журген еді. Қазақ ру- тайпаларының сол кездегі шашылып кеткен моңғолдардың ұлыстар құрамына кіреді. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығына, Ноғай Ордасына, Сібір хандықтарына кетеді.Сонымен қатар феодалдарлдың өзара күрестері, ру- тайпаларының күресі бір – бірімен қырқысуы, кейбір хандықтардың, мемлекеттердің саяси – экономикалық шаруашылық жағынан құлдырауына әкеліп соқтырады.Осындай жағдайға қарамастан өзара күресулердің нәтижесінде әртүрлі этникалық топтардың бірігуіне кедергі беріп отырады.

ХV ғасырдың 50-70 жылдарындағы Әбілхайыр хан мен ойрат феодалдары арасындағы және сондағы кедей шаруалардың күресі болды. 1428-1468 жылдардағы Әбілхайыр хан мен ойрат феодалдарының арасындағы күресте Әбілхайыр ханның жеңілгенін ондағы ру, тайпалар Жетісу арқылы Сығанақтан, Сайрамнан, Түркістанннан, Ташкенттен, Шығыс Дешті – Қыпшақтан, Сырдария, Қаратау, бөктеріне Батыс Жетісуға 200 мыңға жуық адам қашып келген еді. Осындай тарихи жағдайларда Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек өте керемет пайдаланды.

ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында Қазақ хандығы территориясы кеңейіп, экономикалық жағынан нығайған болатын.Территориясын көбейту, экономикасын нығайту оңайға соқпаған болатын. Себебі, көрші отырған Моғолстан, шайбанидтердің шапкыншылығына қарсы бірнеше соғыстар, талас – тартысты ұрыстар жұргізумен ғана өз жерін сақтап қалатын еді.Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек пен Керей тығыз одақтық, достық қарым – қатынаста болды. Жәнібек пен Керей ханның Моғолстанмен қарым –қатынасы қазақ хандығы қүрылмас бұрын, ХV ғасырдың 50-жылдарында Керей хан мен Жәнібек ханның Жетісуға келуімен қаланған болатын. Бұлардың достық, одақтық қатынастары ұзақ жылдар бойы мықты әрі берік болған еді. [2]

Моғолстан хандығына келер болсақ, ХІV ғасырдың орта шенінде Жетісудың орталығында Шағатай мемлекеті құлағаннан кейінгі қүрылған феодалдық мемлекет, ол өзінің территориясынан Қашқарияны алып жатты. Құрамына көптеген тайпалар кірді: моғол, дулат, үйсін, керей, арғын және т.б. тайпалардан тұрды. ХV ғасырдың ІІ –жартысында қазақтар Моғолстан хандығынан шығып, басқа аудандардағы қазақтармен бірігіп, Қазақ хандығының құрамына кірген болатын. Өйткені, Моғолстан хандығының ішкі- саяси жағдайының тұрақты болмауы, өзара феодалдық күрестердің әсерінен феодалдардың өзара ыдырауы, саяси – экономикалық теңсіздіктің өсуінен халық бұқарасының күресі Моғолстанның алға қойған мақсаттарын әлсіретіп, этнткалық топтардың Қазақ хандығына кетуіне мәжбүр болды. Есен –Бұға хан өз билігінің соңында феодалдық билеуші топтарды басып – жаншып отырған болатын. Бірнеше жағдайларға байланысты ру- тайпалар қоныстарын тастап, Әбілхайыр ханға және Ойрат хандығына және Қазақ хандығына кетті. Есен – Бұға өлгеннен кейін, оның билігінде болған Қашқарияның бір бөлігі баласы Дос – Мұхамедтің қарамағында, көп бөлігі баласы Кебек Сұлтанның қол астына кірді. Ағасы Жүніс хан оңтүстік Шығыс Моғолстанды, яғни Ташкент , Ферғана аудандарын өз қол астына алды.

1542 жылы Қашқарияны қосып, Оңтүстік Шығыс Қазақстанды қаратпақ болды және жорыққа аттанған болатын, жорығы сәтсіз болып, территорияны басқара алмады. Бұл жорықтың сәтсіздікке ұшырауы М.Х.Дулатидың «Тарих-и – Рашиди » қолжазбасында былай көрсеткен: Жүніс жас кезінде тәлім тарбиені Ираннан алып, сол жақта көп уақыт тұрған екен осының әсерінен көшпелі өмір мен ескі моғолдық салтты мойындағысы келмей, және оның жоқ кезінде жергілікті феодалдар еркін биліксіз өмір сүріп, оның билігін мойындамай және қолдамай, ол сәтсіздікке ұшарады деп ,- жазады. Есен – Бұға өлгеннен кейінгі 10жыл уақытта Жетісуда, Жәнібек пен Керей хандардың жағдайлары бірқатар жөнделе түскен еді. Себебі, Әбілхайыр ханның езгісінен қашқан Орталық және Оңтүстік Қазақстанның руларымен тайпалары, көшпенді феодалдары Жәнібек пен Керей ханға келіп қосылады. 10 жылдың ішінде Қазақ хандығы одан ары мықты дамып нығая түседі. Дегенмен де сыртқы жағдайында саяси жағдайлар орын алып, Моғолстан билеушілері ішкі келіспеушіліктердің әсерінен Қашқариядағы – оңтүстік –шығыс Моғолстандағы билігінен айырылып, Жетісудағы оқиғаларға араласуға мүмкіндік болмай қалды.[3]

Қазақ хандығының құрылғанына төрт жыл болған кезде, 1468 жылы Әбілхайыр хан Шығысқа аттанып Моғолстанның қалған жерлерін тартып алмақ болды.Дегенмен де оның басып алғаны туралы нақты дерек жоқ. Махмұд Валидің қалдырған жазбаларынан қарасақ, Шайбани ханның көп әскері, Қаратаудың қойнауымен Талас өзеніне келіп, Шу арқылы Солтүстік – Шығысқа аттанып, қазақ билеушілерін басып алмақ болған. Бірақ, бл жорық сәтсіздікке ұшырады. Өйткені, Әбілхайыр хан қырғыз руларымен бірігіп, Жетісудағы Қазақ хандығынан қатты соққы алып, жаулап ала алмаған деген дерек бар.

Әбілхайыр хан өзінің бұл қарсыласының, яғни Қазақ хандығының күшеюінен қорқып, қайтадан жорыққа аттанады. Жорық сәтсіз болған , бұл жорық туралы нақты деркетер айтыла қоймаған.Осы күресте Шайбаниліктер әскердің қаупі төнумен қазақтар өз территориясына еніп шегінуге мәжбүр болған.Әбілхайыр хан осы жорықта өліп, әскері кері қайтқан екен.Ал қазақ хандары болсаШығыс Дешті Қыпшақта билігін орнатпақ болған және осы жерлер үшін янбай күрескен екен. Әбілхайыр хан өлгеннен кейін одан өзінің есесін алу үшін Қазақ хандығы үлкен әскер күшін Дешті Қыпшаққа және Түркістанға аттандырады.Осы сәтті уақытты Жүніс хан пайдалана алмай, Қашқарияны екінші рет тастап Моғолстанға кетуге мәжбүр болады.

Мырза Хайдардың Тарих-и Рашидиінің жазылу мерзімін Ш.Уалиханов Тарих-и Рашиди 962 ж.(1554) аяқталған ,-деп қате көрсеткен.

Қазақ хандығының белгісіз беттерін зерделеуде құштар Ш.Уалиханов Тарих-и Рашидидің бірінші дәптері үлкен зейінмен оқыған.Әрбір сөзіне мән беруге тырысқан. «Тарих-и Рашиди» негізінде ол Тоғылық Темір мен Жүніс хан шежіресін жасады.Сонымен қатар осы еңбекке сүйене отырып Моғолстанның схемалық картасын және Моғолстанның шығыс бөлігінің схемалық картасын жасады.

Мырза Мұхаммед Хайдар Дулат- көрнекті мемлекет қайраткері, парасатты тарихшы, ғалым,ойшыл, әдебиетші,белгілі сөз зергері,ақын.Оның өлмес, өшпес мұралары ғасырлар сайын зерделі жұрт қайта айналып, құрметпен қол созып,қызыға оқып, өзіне керекті ой жинай беретін күрделі де аса бағалы еңбектер.Оның өнегелі өмір жолы, классикалық туындылары әр кез ғалымдар орала берер жарқын жаухарлар, жарқырай берер жәдігерліктер.Ол заманында бір туар, бірегей дара тұлға.Ол тек қазақ халқы ғана емес, бүкіл түркі жұртының мақтанышы, оның шығармалары сарқылмас ой қазынасы, парасатқа қамқорлыққа шақыратын, гуманизмге тәрбиелейтін, ынтымақ пен бірлікке үндейтін таусылмас туындылар. Осы аталған шығармалардың қолжазба нұсқалары шетелдік мұрағаттарда сақтаулы. Мысалы, «Тарих-и Рашидидің» Британия мұражайында, Ташкенттегі Ә.Бируни атындағы шығыстану институты қолжазбалар қорында, Душанбе жазба деректер институтындағы қолжазба қорында, Мәскеу қаласындағы Азия халықтары институтының шығыс әдебиеттері бөлімінде, Ресей ғылым академиясының Санк –Петербург қаласындағы шығыстану институтының қолжазба қорында парсы және түрік тілдеріндегі бірнеше қолжазба нұсқалары сақтаулы. [4]


Әдебиетт ер тізімі:

  1. М.Х.Дулати Тарихи Рашиди – Алматы «Санат » 1999ж.

  2. Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында Алматы:Атамұра 1999ж.

  3. Сәйден Жолдасбайұлы, «М.Х.Дулат және ХV- ХVІ ғасырдағы қазақ хандығы », Қазақ университеті 2000ж.

  4. Б.Көмекеев, Б.Кәрібаев, «Мұхаммед Хайдар Дулат – тарих, тұлға уақыт», Алматы: «Аруана» 2004ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!