Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ми бөліктері жəне үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Асанова Г.С.

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Күні: 26.10.17

Класы: 8 «а» «ә»

Сабақтың тақырыбы: Ми бөліктері жəне үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ми бөлімдері үлкен ми сыңарларының

құрылысымен,атқаратын қызметімен және жүйке жүйесінің

гигиенасы мен таныстыру, адамның ми құрылысын ғылыми0

түрде сипаттай білу.

Тәрбиелік: Оқушыларға мидың бөлімдері, құрылысы мен олардың атқаратын

қызметі,қасиеттерінде қандай ұқсастықтары мен

айырмашылықтары барын салыстыра отырып, қызығушылығын

арттыру;

Дамытушылық: Мидың бөлімдері, құрылысы , атқаратын қызметін таныстыра отырып, ойлау қабілетін дамыту;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұбхат, сұрақ-жауап,.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ми құрылысы, бөлімдері және әр бөлімнің атқаратын қызметін толықтай біледі; оқушылардың өздігінен оқу,іздену дағдылары қалыптасты; дәлелдемелер көрсетіп, ашық пікір айтып, ортақ шешімдер жасайды; білімдерін өмірде қолдана алуы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұнда бірінші бағанада сұрақтар,екінші бағанада жауаптар беріледі.

Жауаптарын дұрыстығына орай сәйкес тауып жазыңыз.

І. Адам миының ең жақсы дамыған бөлігі: 1.Сопақша ми

ІІ.Тепе-теңдік қызметін реттеуші ми: 2.Аралық ми

ІІІ.Бағдарлау рефлексі қай ми бөлігі арқылы өтеді? 3. Үлкен ми сыңарлары

ІҮ.Қозғалтқыш рефлексі мидың қай бөлігіне байланысты? 4 .Мишық

Ү.Ішкі жүйке жүйелер қызметін реттейтін ми. 5.Ортаңғы ми

Жауабы: І- 3 ,ІІ- 4 ,ІІІ- 5 , ІҮ – 2 , Ү- 1 .


«Кім жылдам» /сұраққа жауап/

1.Адамның қимыл -әрекетін реттейтін ми бөлімі: \Мишық\

2.Сопақша ми,ми көпірі, ортаңғы ми нені түзеді? \ қозуды өткізу тізбегін\

3.Бұлшық еттің жиырылуын,ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін ми бөлігі?\аралық ми\

4.Мидың қабықшалары:\қатты,торлы,қан тамырлы\

5.Ми бағанасы мен ми сыңарларының астыңғы бөлігі \ми табаны\

6. Мидағы қарынша саны \4\

7.Ми сұйықтығы қалай аталады? \ликвор\

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Адамда алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған. Алдыңғы миды кейде соңғы ми деп те атайды. Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан құралады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады. Ми қыртысының калыңдығы шамамен 2-3 мм, ондағы жүйке жасушаларының пішіндері мен мөлшері әр түрлі. Ми қыртысында мүшелерден қозуды қабылдайтын, қимылды реттейтін сезгіш және козғалтқыш жасушалар болады. Көптеген жасушалар ми қыртысының бөлімдерін өзара және жүйке жүйесінің басқа бөлімдерін бірімен-бірі байланыстырады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі деп есептелінеді. Үлкен ми сыңарлары сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың барлық бөлімдерін жауып тұрады. Ми сыңарларының ақ заты ішкі жағында қыртыстың астында болады. Ақ заты жүйке талшықтарынан түзіледі. Ми сыңарларының беті тегіс болмай, жүлгелі, қатпарлы болады. Әсіресе, терең жүлгелер ми сыңарларын жеке бөліктерге бөледі. Жүлгелердің арасы қатпарлы болып келеді. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдайтөбесамайшүйде. Ми сыңарларында іші ми сұйықтығына толы 2 қуыс (ми қарыншалары) болады. Ол сұйықтық ұсақ қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз етеді, жүйке жасушаларын қорғайды. Жасушаларының белсенділігін және аурудың болу себептерін анықтауға көмектеседі.

ІV. Бекіту

Тест сұрақтары:

1.Адам миының ең жақсы дамыған бөлігі:

А) мишық б)үлкен ми сыңарлары в)сопақша ми

2) Ми қабықшасы қандай ретпен орналасады:

а)торлы,қатты,қан тамырлы б)қатты ,торлы, қан тамырлы

3) Ми бағанасы неден тұрады?

а) сопақша ми,мишық,ортаңғы ми,аралық ми

б) ми көпірі,ортаңғы ми,аралық ми,сопақша ми

4) Ми көпірі мен мишық қай мида болады?

а)аралық ми б)ортаңғы ми в)артқы ми

V. Үйге тапсырма беру. Ми бөліктері жəне үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары.

VI. Рефлексия. Бұрын білгенім! Бүгін үйренгенім! Үйренгім келеді?

VIІ. Бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
688
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12