Миграция әлеуметтік құбылыс. Сөзталас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Миграция әлеуметтік құбылыс. Сөзталас

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілінен 1 курсқа арналған сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі ЖМ


ОҚУ ЖОСПАРЫ


Сабақ тақырыбы

Тақырып 21. Миграция – әлеуметтік құбылыс. Тілдік бағдар: Сөзталас

Модуль/пән атауы

Қазақ тілі

Дайындаған педагог

Жаппарова К.Ж.

Күні


1. Жалпы мәліметтер


Курс, тобы

1 курс ,ТЭ-21-09

Сабақ түрі

Жаңа білімді меңгеру сабағы.

дәріс;

2. Мақсаттары мен міндеттері


Сабақтың мақсаты:


Сөзталастың ерекшелігін, өзіндік сипаты туралы мағлұмат беру. Миграция туралы мағлұмат беру.

Міндеттері


Білімділік- Сөзталас, миграция туралы мағлұмат беру

Дамытушылық - Мәтінде көтерілген мәселеге туралы талқылау сұрақтарын құрастыруды, өз ойларын жеткізе білуді, көші-қон туралы ойларын дамыту

Тәрбиелік - көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білуге баулу.

2.1Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Оқу нәтижесі:1)Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану.

3. Сабақты жабдықтау

Қалам,тақта,оқулық

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1. А. Қасымбек, Л. Оспанова. Қазақ тілі: Мұғалім кітабы. Баспасы: Арман-ПВ, 2015

2. А. Қасымбек, М. Сағадиева, З. Аманжолова. Қазақ тілі: Оқулық. - Арман-ПВ, 2015

3. А. Қасымбек, М. Сағадиева. Қазақ тілі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. Баспасы: Арман-ПВ, 2015

4. Г. Қосымова Қазақ тiлi. Әдiстемелiк нұсқау. – Мектеп, 2015

5. Г. Қосымова Қазақ тiлi. Оқулық. – Мектеп, 2015

6. Г. Стамқұлова, Г. Оспанова. Қазақ тiлi. Дидактикалық материалдар, - Мектеп, 2015

3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Компьютер, проектор және т.б.








4. Сабақ барысы

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурста

1



Кезең (сабақтың түріне байланысты )



Ұйымдастыру

Амандасу.түгендеу



Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма: Мұнай өндірісі: пайдасы мен зияны -жауап алу



Жаңа білімді меңгеру

«Ой қозғау» әдісі.

-Жақсы, балалар, ойларыңды, өзіндік пікірлеріңді тыңдадық. Жақсы, рахмет. Енді, балалар пікірталастың түрлерін еске түсірейікші.

Пікіралмасу, ойталқы,айтыс,пікірсайыс,ойбөліс және сөзталас.

Жауаптарынды осы айтылғандардың қайсысына жатқызамыз? Жауаптардан нені байқадық?

Жауаптар

-Өз сөздерімен ,қарапайым тілде сөз қағыстырды

-Қарсыласқа тойтарыс береді

- Мінезді байқадық

- Шындықты айтты

Слайд 1.

Мұғалім: Сөзталас – қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау. Сөзталас баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда, жиналыстар мен конференцияларда, сондай-ақ сотта орын алады.

Ал кейде күнделікті өмірде, мысалы, қоғамдық жүктеме жұмыс (спорт сайысы, газет шығару, мерекені ұйымдастыру т.б.) барысында орын алып, жоғары деңгейде болмаса да, өзіндік пікірлерін танытуға мүмкіндік береді. Сондықтан сөзталас жоспарсыз түрде, кенеттен жүзеге асып жатуы мүмкін.

Туыс-туғандардың, отбасы мүшелерінің, көршілердің, қызметтестердің, кездейсоқ адамдардың даулы сөздері де сөзталасқа жатады.

Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Әр ұлттың өзіндік тілдік ерекшеліктері болатыны сөзсіз. Сонымен қатар сөйлеу мәдениетінің ережелерін сақтауының принциптері де алуан түрлі. Мұндай ерекшелікті адам өз елінен жырақтап, басқа мемлекетке барғанда сезінеді. Ал басқа мемлекетке, басқа жерге қоныс аударуды не дейміз, кім біледі екен?

https://youtu.be/qwztDO-ztLo


Жаңа білімді бекіту.


Видео https://youtu.be/qwztDO-ztLo

Видеоны көріп болған соң, алдыларында жатқан белгілердің бірін көтереді,яғни видео туралы не ұққандарын INSERT әдісімен анықтау.

«V» - бұл маған белгілі;

«+» - бұл мен үшін жаңа;

«?» - түсінбедім;

«!»- өте қызықты, ол туралы топтастарыммен әңгімелесуім керек. (осы ретпен балаларды топтастыру)

1-жаттығу

-«V» - бұл маған белгілі- тобына миграция тақырыбына қатысты деректер бар графикалық суреттер беріледі, сол бойынша миграция туралы мәтін құрау тапсырылады.

Дескриптор

-Графикалық суреттер бойынша мәтін құрастырады

-Нақты мәліметтерді мәтінде қолданады


-«+» - бұл мен үшін жаңа-тобына дайын мәтін беріледі, мәтінді жоспарлау, әр бөлімнің тірек сөздерін табу. тапсырылады.

Дескриптор

-Мәтінді түсініп оқиды

-Мәтінді жоспарлайды

-Тірек сөздерді табады


-«?» - түсінбедім-тобына 3 сұрақ беріледі, сұраққа жауап жазулары керек. Сұрақтар:

1.Көшіп-қону дегенді қалай түсінесің?

2.Басқа мемлекетке адамдар не мақсатпен көшуі мүмкін?

3. Өзің қай мемлекетке қоныс аударғың келеді?

Дескриптор

-Өз ойын жеткізе алады

-Өмірмен байланыстырады.


-«!»- өте қызықты, ол туралы топтастарыммен әңгімелесуім керек-тобына «Сенің ойыңша миграцияның Қазақстанға тигізетін пайдасы мен қаупі» тақырыбына сөзталас ұйымдастыру. тапсырылады.

Дескриптор

-Тақырып туралы ойы мен көзқарасын ортаға салады.

-Сөйлеу барысында әуен, тембр, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Сергіту сәті

«Жасырын сөздер» ойыны

1 адам ортаға шығады, мұғалім оның артында тұрып, бірнеше сөздерді жасырады, ал топтағылар ым-ишара арқылы ғана түсіндіреді. Ортадағы адам қандай сөз жасырылғанын табу керек. (Тіл, сөзталас, көшу)

2-жаттығу

Сонымен ,балалар, миграция туралы ойларыңды ортаға салдық, қаншалықты мағлұмат білетінімізді байқадық,енді көші-қон туралы аудио мәтінді мұқият тыңдаймыз және кахут әдісімен тест сұрақтарына жауап береміз.

Дескриптор

-Мәтінді тыңдайды

-Мазмұнын түсінеді

-Сұрақтарға жауап береді

«Кахут» әдісімен мәтін бойынша тест

Көші-қон қалай жүзеге асады?

А) арнайы рұқсатпен

Б) шекара асу арқылы

С) арнайы рұқсатсыз

Көшіп қонудың ең басты себебі ?

А) экономикалық

Б) медициналық

С) саяси

Тұрғылықты мекеннің түпкілікті ауысуын не дейміз?

А) Қайтып оралатын көші-қон

Б) Міндетті көші-қон

С) Қайтып оралмайтын көші-қон

Тым ұзақ мерзімге қоныс аударуды не дейміз?

А) Ұзақ мерзімді көші-қон

Б) Уақытша көші-қон

С) Ауысымдық көші- қон

Қатынамалы көші-қон деген не?

А) Басқа жердегі жұмыс үшін, оқу үшін әрлі-берлі көшіп жүру

Б) Демалу үшін көшіп жүру

С) Емделу үшін көшіп жүру

Ресми санақ бойынша неше пайыз халық қалада тұрады?

А)45

Б)56

С)79

Ресми санақ бойынша неше пайыз халық ауылда тұрады?

А)44

Б)58

С)47

Ой шақыру

Ендігі кезекте балалар, тақтаға көңіл аударсақ

«Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол».

«Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл».

«Білім инемен құдық қазғандай».

Мақал-мәтелдерден тұжырымды ой құрастырып айт.

Мұғалім: Туған жер – әр адам үшін қастерлі де қасиетті ұғым. Туған жерге, туған елге деген махаббат әр адамды алға жетелеп отырады. Кешегі өткен заманда ата – бабаларымыз мынау байтақ жеріміз үшін аянбай күресіп, тер төккен. Білектің күші, найзаның ұшымен жерімізге көз алартқан жаулардың әрдайым бетін қайтарып, тойтарыс беріп отырған. Қазір шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыздың“Айшылық алыс жерлерден” ат арытып келгендегі басты себеп, ол – туған жерге деген мәңгілік сағыныш. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деп бекер айтылмаса керек. Әйгілі Бейбарыс баһадүр туған жерін сағынғанда, туған ұлысы – Дәшті-Қыпшақ даласынан алдырған бір түйір жусанды иіскеп, сағынышын басқан екен. Ата – бабамыз аманаттап кеткен біздің жеріміз ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы тозатын Алтайдан Атырауға дейін, Алатаудан Арқаға дейін жалғасып жатқан кең байтақ атырап. Осынау ұлан – ғайыр даланы көзінің қарашығындай қорғау, шексіз сүю, әр тауы түгілі тасын да қастерлеу басты міндетіміз болып табылады.

Туған жер» сөзіне синквейн құрастыру

Туған жер

2 сын есім

3 етістік

4 сөзден сөйлем құрау

5 синоним

Қорытынды.Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»-деген халық қағидасын ұстап, елін сүйер азамат болыңдар.


5. Сабақ бойынша рефлексия

Менің сабақтан алған әсерім

-Қандай ой пайда болды?

-Не сезіндім?

-Не ұнады?


6. Үй тапсырмасы

«Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстандағы көші-қон мәселесі»шағын жоба/презентация жасау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2023
1857
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі