Қазақ
тілі
7-сынып
Сабақтың
тақырыбы: Мінездің ұнамды
белгілері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеру; сұраулы сөйлем,
құрмалас сөйлем және шылаулар туралы
білу;
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау барысында алған білімдерін кеңейту,
сөздік қорын молайту; қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын
дамыту;
Тәрбиелік: Сыйластық, ынтымақтастық қарым-қатынас қасиеттеріне
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа
сабақ
Қолданатын әдістер: түсіндіру,
баяндау.
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі.
II. Үй тапсырмасын
тексеру.
III. Сабақтың мақсатын,
барысын айту.
IV. Бекіту.
1. Сөздік
жұмысы.
келбет –
внешность
жан дүниесі - внутренний
мир
көркі -
вид
үңілу –
заглянуть
құдай сақтасын! - боже
упаси!
ештеңемен -
ничем
жуып кетіре алмау - не
смыть
2. 1-тапсырма. А. П. Чеховтың
айтқан сөзін қалай түсінесіңдер? Өз пікірлерін ортаға салу.
Мәтіндегі жалғаулық шылаулары бар сөйлемдерді жазып
алу.
3. 2-тапсырма. «Мінездің
ұнамды белгілері» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды
орындау.
Жеке-топтық
жұмыс
Құрал-жабдығы:
1. Бағалау
парағы.
2. Оқулықтағы үш күрделілік
деңгейдегі тапсырмалар.
3. Жауап үлгілерін мұғалімнің
өзі дайындайды. Жетондар.
Ойынның жүру
барысы: Бұл сабақта оқушылар өз білім деңгейіне қарай тапсырмалар
таңдай алады. Үстелде әр оқушының алдында үш деңгейлі барлық
сұрақтар бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан). Оқушылар
деңгейді таңдайды:
• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе
білуді талап етеді.
• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап
етеді.
• I деңгей (едеуір
күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан
тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін
білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі
тиіс.
Жауаптар әр деңгейдің ішінде
бес балдық жүйемен
бағаланады.
Оқушыларға өздеріне тиісті
деңгейді тандап алуға уақыт беріледі (2-3
минут). I деңгейді тандап алған балалар бөлек отырады (оларға көбірек
уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін
оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі.
Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей
тапсырмаларын тандап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша
жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып,
сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне
баға қояды.
Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере
алады. I күрделілік деңгейінің тапсырмасын алған оқушылардың
жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың
жауаптары да осы үлгімен
дайындалады.
Бағалау: II және III деңгей
тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары
негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау
парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді. I деңгей тапсырмаларымен
жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі
толтырады.
4. 3-тапсырма. «Уәде берсең қайтпа, қолыңнан
келмесе айтпа» деген ата-бабаларымыздың айтқанын қалай
түсінесіңдер? Осы тақырып бойынша шағын әңгіме
дайындау.
V. Сабақты
қорытындылау.
VI. Үй
тапсырмасы. Ережелерді жаттап
келу.