Материалдар / миокард инфартының алдын алу шаралары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

миокард инфартының алдын алу шаралары

Материал туралы қысқаша түсінік
Миокард инфарктысы – жүректің ишемиялық ауруларының клиникалық түрлерінің бірі, коранарлы қан айналымы жетіспеушілігі салдарынан жедел жүрек бұлшық етінің ошақты некрозы (спазм, тромбоз, коранарлы артериялардың облитерациялық атеросклерозы).
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2022
274
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Миокард инфарктысы – жүректің ишемиялық ауруларының клиникалық түрлерінің бірі, коранарлы қан айналымы жетіспеушілігі салдарынан жедел жүрек бұлшық етінің ошақты некрозы (спазм, тромбоз, коранарлы артериялардың облитерациялық атеросклерозы). Миокард инфарктысының алғашқы диагностикасын ұлы орыс клиницистері В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско (1909 ж.) ұсынған, олар оның бес клиникалық түрін сипаттады.

- Ангинальді түрі (status anginosus) - төс артында 20 минуттан аса стенокардия секілді басып немесе қысып тұратындай, нитроглицеринді тіл астына қойса басылмайтын және жүректің сәйкес Захарьин-Геда зоналарына таралатын (сол иық, жаурын, қол) ауырсынудың болуы. Ауырсыну кезінде науқасты қорқыныш үрей, қозу, суық тер басады.

- Астматикалық түрі – сол жақ қарыншаның жетіспеушілігі белгілері (науқастың тұншығу ұстамасымен бірге инспираторлы ентігуі, аяғын төмен түсіріп және бас жағын жоғары көтеріп, мәжбүрлі халде болуы).

- Аритмиялық түрі - «R-ден Т-ға» типті ерте қарыншалық экстрасистолиялар, политопты экстрасистолия, Гис шоғырының сол тармақтарының блокадасы, толық атриовентрикулярлы блокада, қарыншалардың фибриляциясы.

- Абдоминальді түрі – өт шаншуының ұстамасындай, ойық жарасы ауруындағыдай, панкреатиттегідей клиникалық көрініс байқалады.

- Церебральді түрі – ми қан айналымының бұзылуының динамикалық белгілерінің болуы (транзиторлы ишемиялық атака): бас айналуы, дизартрия, аяқ-қолдарының салдануы.

Жоғарыда айтылған белгілер бірнеше сағат бойы байқалады, ол морфологиялық субстраты жедел миокард дистрофиясы болып табылатын аурудың өткір кезеңіне тән. Өткір кезеңінде миокардтың ошақты некрозының түзілуі 2-10 күнге созылады: перикардиттан басқа, төс артындағы ауырсынулар басылып, субфеврильді қызу қосылып, қан айналымының жетіспеушілігі күшейеді. Өткірлеу кезең 4-8 аптаға созылады: жағдайы жақсарып, асқыну болмаса, науқас қалыпты жағдайға келеді. Инфаркттен кейінгі кезең (реаблитациялық) жарты жылға созылады. Осы уақытта науқас инфаркттың қайталануының алдын алу мақсатында диспансерлік бақылауда болады.

Аурудың диагностикасында электрокардиографияның маңызы зор. Миокард инфарктысы кезінде электрокардиографияда өзгерістер аурудың ағымына және зақымдалу ошағына байланысты (теріс және оң). ЭКГ-да инфаркталды кезеңінде монофазалық қисық («зақымдалу аймағы») пайда болады: SТ сегменті жоғарылап, Т сермесімен қосылады, теріс Q және S тісшелері байқалмайды. Өткір кезеңде SТ сегменті изосызыққа дейін төмендеп, Т сермесі теріске айналады, терең және кең Q сермесі түзіледі (миокардтың ошақты некроз белгісі), R сермесінің амплитудасы миокардтың зақымдалу тереңдігіне байланысты төмендейді. Трансмуральді инфаркт белгісі - R сермесінің болмауы, оның орнында ЭКГ-да QS аралығы болады. Кейін кардиограмма өзінің бұрынғы түріне келіп, тек терең және кең Q сермесі сақталады, ол инфаркттен кейінгі (ірі ошақты) кардиосклероз белгісі. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық болса да, ЭКГ-де оң көріністердің болмауы («қатып қалған» кардиограмма) сол қарыншаның инфарктіден кейінгі аневризмасы бар екенін көрсетеді.

ЭКГ-де ошақты өзгерістер көрінісі бірдей емес, ол сол қарыншадағы инфаркттық өзгерістерді көрсетеді. Алдыңғы-қалқалық инфарктте жоғарыда айтылған өзгерістерді V1–V31 тіркемелерде, сол қарынша ұшы аймағында инфаркт болса, V3–V4 тіркемелерде, бүйірлік қабырғада инфаркт болса - V5–V6 I, aVL тіркемелерде, төменгі (диафрагмалық) инфаркт - II, III, aVF тіркемелерде анықтайды. Сол қарыншаның артқы қабырғасында инфаркт болса R сермесі V1–V2 тіркемелерде биік және терең, кеңейген Q сермесі қосымша V7–V9 тіркемелеріне тән.

Миокард инфарктысының өткір кезеңінде қан анализінде лейкоцитоз анықталады, бірінші апта соңында ЭТЖ жоғарылап, АСТ, АЛТ, ЛДГ1, МВ КФК кардиоспецификалық ферментінің және Т тропонинінің деңгейі артады.

Миокард инфарктысында эхокардиографияның үлкен диагностикалық маңызы бар, ол арқылы миокардтың гипо- және акинезия аймағын және сол қарыншаның инфарктіден кейінгі аневризмасын анықтайды.

Миокард инфарктысының асқынуы:

- Кардиогенды есеңгіреу жүректің жиырылғыштық қызметінің өте төмендеп, тіндік микроциркуляциясының тежеліп және метаболизмдік ацидоздың дамуымен жүреді. Үш клиникалық-патогенетикалық түрін ажыратады - аритмиялық, нағыз және рефлекторлы.

- Сол қарыншаның аневризмасы, төстің сол жағында III–IV қабырға аралықта пульсацияның пайда болуы, ЭКГ-де қисық сызық «қатып қалған» күйінде және эхокардиографияда миокардтың қандай да бір аймағының бұлтиуымен сипатталады.

- Дреслера синдромы - миокард және перикард антигеніне қарсы антидененің түзілуінен аутоиммунды плеврит, перикардит және синовит дамиды.

1 - Қарыншааарлық перденің сол бөлігінің инфарктісі ЭКГ-де Гис шоғырының сол тармақтарының бөгемесі немесе толық атриовентрикулярлы бөгемесі арқылы көрініс береді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!