Сабақтың
технологиялық картасы
Пәні:
Қазақ тілі және
әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов. «Оян,
қазақ!» өлең жинағы.
«Бақытсыз Жамал» романы.
Сабақтың
мақсаты:
білімділік: Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығымен оқыту.
Міржақыптың «Оян, қазақ!» өлең жинағын жазудағы мақсатымен
таныстыру. «Бақытсыз Жамал» романының тақырып-идеясын ашу, сол
кездегі тарихи-әлеуметтік жағдайға тоқталу.
дамытушылық:
Туындыларды мазмұндай отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге
баулу, сауаттылықтарын дамыту.Міржақыптың шығармашылығына ребустар,
сөзжұмбақтар жасата отырып, ой-өрістерін дамыту.
тәрбиелік: Шығармаларын оқыта отырып, адамгершілікке,
білімділіке,жігерлілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім
және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану.
Сабақтың өткізілу
әдістері: Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді
қолдану.Шығармашылық
ты дамыту+
талқылау
Сабақтың өткізілу
әдістері: ауызша
(әңгімелеу, баяндау,
семинар, дәріс,
сұрақ-жауап,
мәтінмен
жұмыс).
көрнекіліктер: (иллюстрация,
демонстрация, сызба-карта, әңгіме, роман, поэма)
Тәжірибелік (жаттығу, зертханалық тәжірибе,
міндеттерді шешу, оқулықпен
жұмыс,
тапсырмамен жұмыс,
кестемен
жұмыс, суретпен
жұмыс)
Сабақтың
жабдықталуы:
оқу көрнекілік
құралдары: сызбалар,
кестелер.
үлестірмелі
материалдар: үлестірлемі қағаздар, мәтіндер,
оқулықтар.
ТОҚ: компьютер,
экран, диск, видео.
Пән аралық
байланыс:тарих, қазақ тілі, орыс
әдебиеті, география.
Сабақтың өту
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
А) Сәлемдесу,
түгендеу, аудиторияның сабаққа
дайындығы,
ІІ. Оқушылардың
біліктілігі мен дағдысын
тексеру:
-
А. Байтұрсынов өмірінің
негізгі кезеңдерін, оның қоғамдық өмірге араласуын
әңгімелеңдер.
-
«Маса» өлеңдер жинағының
«маса» аталу себебі не?
-
«Қырық мысал» деген
мысалдар жинағын неліктен жазды?
-
Бір мысалды оқып, мағынасын
ашып талда. Ахметтің қосқан ойына өз ойыңды қос.
-
Неліктен Ахмет - мысал
шеберінің атасы атанған?
-
А. Байтұрсыновтың «Қазақ»
газетіндегі қызметін, негізгі мақалаларын атаңдар.
-
Ақынның бір өлеңін
жаттаңдар.
-
Ахмет Байтұрсынұлы туралы
қосымша материалдар жинап, тест құрастырыңдар.
III. Жаңа
тақырыптың мазмұны мен
жүйесі:
Жаңа сабақты түсіндіру:
Міржақып Дулатов. «Оян,
қазақ!» өлең жинағы.«Бақытсыз Жамал» романы.
Жылдар
|
Өмір жолы
|
Шығармашылығы
|
20 ғ. басы
|
Әдебиетке үлкен
үлес қосқан қаламгер.
|
|
1885ж
25 қараша
|
Торғай облысы,
Жангелдин ауданы, Қызбел атырабында дүниеге келген.
|
|
әкесі Дулат
|
Ескіше оқыған, қолы
шебер адам.
|
|
ағасы Асқар
|
Мұсылманша, орысша
оқыған заң қызметкері.
|
|
2 жасында
|
Шешесінен
айрылады.
|
|
12 жасында
|
Әкеден жетім қалып,
ағасы Асқардың тәрбиесінде болады.
|
|
1897 ж
|
2 сыныптық
орыс-қазақ училищесінде Торғайда оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық
алады.
|
Орыс жазушыларымен
танысып, ақындыққа бет бұрады.
|
1902 ж
|
Бастап мұғалім
болады.
|
|
1904 ж
|
Омбыдағы қазақ
оқығандарының бас қосуына қатысады.
|
|
1905 ж
|
Ахметпен бірге
Қарқаралыға келеді. Орал қаласында бес облыс өкілдерінің съезіне
қатысады.
|
|
1906 ж
|
Петербургке барады.
Қазақ зиялыларымен танысады.
|
|
1907 ж
28-наурыз
|
|
«Серке» газетінде
«Жастарға» деген өлеңі басылады. «Біздің мақсатымыз» мақаласы
жарыққа шығады.
|
1909 ж
|
«Оян, қазақ!»
жинағы үшін тәркіленіп, қуғынға ұшырайды. Қызылжар қаласына кетуге
мәжбүр болады.
|
Уфа қаласында «Оян,
қазақ!» өлеңдер жинағы жарыққа шығады
|
Қызылжарда
|
Қазақ балаларына
орыс тілінен сабақ береді. Осы кезде одан М. Жұмабаев сабақ
алады.
|
|
1910 ж
|
|
«Бақытсыз Жамал»
романы Қазан қаласында жарық көреді.
|
|
Түрмеден шыққаннан
кейін Орынборға келеді.
|
«Қазақ» газетінің
орынбасары қызметін атқарады.
|
1911 ж
|
Жұмағали
Тілеулиннің үйінен «Оян, қазақ!» жинағының мың данасы табылған.
|
«Оян, қазақ!»
өлеңдер жинағы Орынборда екінші рет басылады. Патша әкімшілігі
кітапты жою жөнінде шешім шығарады.
|
1911ж
|
Семейге келеді.
Полиция қолына түсіп, 1,5 жыл түрмеде отырады.
|
Міржақыптың
қамалғанын жариялағаны үшін «Айқап», «Уақыт» газет-журналдары
уақытша жабылады.
|
1913 ж
|
|
«Азамат» жинағы
жарыққа шығады.
|
1915 ж
|
|
«Терме» өлеңдер
жинағы жарыққа шығады.
|
1920ж
|
Ташкентке
келеді.
|
«Ақжол» газетінде
жұмыс істейді.
|
1921 ж
|
Семейде облыстық
сотта жұмыс істейді.
|
|
1922 ж
|
Қамауға алынып, Орынборға жөнелтіледі.
|
Босатылғаннан кейін
«Еңбекші қазақ» газетінде, «Қазақ» баспасында істейді.
|
1928 ж.
желтоқсан
|
Бірқатар қазақ
зиялыларымен бірге қамауға алынады.
|
|
1935 ж.
5 мамыр
|
Қайтыс болады.
|
|
1993 ж
|
Ақталады.
|
|
1-тапсырма. Кестені көшіріп
жазыңыздар.
Шығармамен жұмыс:
2-тапсырма. Төмендегі ақынның өлең шумақтарының
мағынасын ашып, сол кездегі тарихи-әлеуметтік жағдайға
тоқталыңыздар.
Көзіңді аш, оян қазақ,
көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер
жасты
Жер кетті, дін нашарлап,
хал харам боп,
Қазағым енді жату
жарамасты
Алыстан Алаш десе
аттанамын,
Қазақты қазақ десе
мақтанамын,
Болғанда әкем - қазақ,
шешем – қазақ
Мен неге қазақтықтан
сақтанамын?
«Бақытсыз Жамал»
романы
Арасында екі оттың,
Мені Алла қор еттің.
Ғаріптің көңілін
мұңайтып,
Дұшпаныңды шат, зор
еттің.
1910 жылы «Бақытсыз Жамал»
романы Қазанда басылып шықты. Қазақ ұлттық әдебиетіндегі тұңғыш
роман. Шығармаға арқау болған оқиға ХХ ғасырдың бас кезіндегі жас
қыздардың тағдыры. Шығарманың негізгі желісі, басты кейіпкер Жамал
тағдырымен өрбиді. Жамал Сәрсенбай мен Шолпанның құдайдан
жалбырынып, сұрап алған баласы. Алақанға салып еркелетіп, тіпті ұл
балаша киіндіріп өсірген. Молдадан оқиды. Зеректігімен,
ақылдылығымен, шешендігімен көзге тез түседі. Сөйтіп жүргенде
Байжан деген бай таз баласы Жұманға Жамалды атастырады.
Мен қайран, атам малға
сатқанына,
Бір тазды жалпақ елден
тапқанына.
Аты өшіп, тумай кеткір,
Жұман деген,
Мал беріп, мені өзімсіп
жатқанына.
Бір тойда жас, оқыған,
сыпайы, сұлу жігіт Ғалимен танысады. Осылай бір-біріне өлеңмен хат
жазысып, хат алмасады. Ғали Жамалды алып қашып, қаладағы саудалас
досы, татар байы Фатихолланың үйіне апарады. Бірақ екі жастың
бақытты күндері ұзаққа созылмайды. Аяқ астынан ауырған Ғали 13 күн
төсек тартып, кенеттен дүние салады. Жамалдың жалғыз қалуы, еріксіз
Байжанның босағасына баруы, Жұманнан қорлық көруі, қайғылы
махаббаттың уын ішуі оны боранды түнде адасып өлуге дейін барған
себептерінің айқын дәлелі болып табылады.
IV. Жаңа материалды
бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:
3-тапсырма. Сұрақтар қоя
отырып, алған білімдерін бекіту.
-
Міржақып Дулатовтың өмірі мен
шығармашылығын оқыңдар.
-
Поэзиясының басты тақырыбы қандай?Бір
өлеңін жаттаңдар.
-
«Бақытсыз Жамал» романының идеясын
ашыңыз, романның негізгі түйіні.
-
Шығарманың негізгі түйінін, тәрбиелік
мәнін жазыңдар.
-
«Қазақтың тұңғыш романы – Бақытсыз
Жамал» тақырыбына шығарма жазыңдар.
V. Сабақтың
қорытындысы:
4-тапсырма. Кестеге
ақпараттарға назар аударыңыздар.
VI.
Рефлексия:
5-тапсырма. Кестені
толтырыңыздар.
Міржақып кім?
?
?
?
?
?
?
V
II.
Бағалау:
А) үй тапсырмасын
орындағаны үшін;
В) сабақтағы белсенділігі
үшін;
VIII. Үй
тапсырмасы:
«Оян, қазақ!»
өлеңінен үзінді жаттау.