Материалдар / М.Ж.Көпейұлы. "Хал-ахуал", "Шайтанның саудасы"

М.Ж.Көпейұлы. "Хал-ахуал", "Шайтанның саудасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушылар мен студенттерге, оқушыларға керек болуы мүмкін. Материалда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы баяндалады. Сонымен қатар, түрлі тапсырмалар бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2020
1095
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


МЕДИКО-СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ

КОЛЛЕДЖ

ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ, ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕР БӨЛІМІ

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ

2019-2020 оқу жылы



БЕКІТЕМІН:

Директордың оқу- әдістемелік

жұмыс жөніндегі орынбасары

____________Жантелиева Л.О.

«____»___________ 2020 ж.





АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ



Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. "Хал-ахуал", "Шайтанның саудасы"

Курс: 1, 104-топ Семестр: 2 Өткізу мерзімі: 16.13.2017 ж.



Ұйымдастырушылар

Қызметі

Қолы


Ахметова А.О.



Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің оқытушысы



Ашық сабақтың әдістемелік нұсқаулығы жалпы білім беру, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бөлімінде қаралып, мақұлданды.

___ "____" _______ 2020 ж.

ЦӘК төрайымы: Асжанова М.А.

_____________













Алматы, 2020 жыл

Сабақтың тақырыбы: М.Ж.Көпейұлы. "Хал-ахуал", "Шайтанның саудасы"

Сабақтың мақсаты: Білімгерлерге М. Ж. Көпейұлының өмірі, шығармашылығынан мәлімет бере отырып жан - жақты қырларын ашу. Білімгерлер бойында ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Ақынға, еліне, тіліне деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жарыс сабақ

Көрнекілігі: Суреті, баспа материалдары, сызбалар, кезегіне қарай проектормен достық, ақыл - ой, саналылық, ақылдылық туралы ғибрат сөздері шығып отырады.

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут 2. Үй тапсырмасы: 20 минут 3. Жаңа тақырып: 30 минут 4. Жаңа тақырыпты бекіту: 25 минут 5. Сабақты қорыту: 3 минут 6. Бағалау: 3 минут 7. Рефлекция: 3 минут 8. Үйге тапсырма: 1 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі: Білімгерлердің назарын сабаққа аудару, амандасу, түгелдеу. (5 минут)

Жылдар

Оқиға

1

1858 ж.


2


Құдайберді дүниеден қайтты

3

1958 ж.


4


Физулидің "Ләйлі-Мәжнүнін" қазақша жазған

5

1905-1906 жж.


Жылдар

Оқиға

1


Ұлы Ахат Құдайбердиев әкесінің сүйегін құдықтан қазып алып, Жидебайдағы Абай зиратының қасына жерледі

2

1891 ж.


3


Қай жылы ақын есімі толық ақталды?

4

1931 ж.


5


Ақын елден жырақтап, оқу, ойлау, жазумен болған

2. Үй тапсырмасы: хронологиялық тест арқылы сұрап, жауаптарын тақтаға шығартып бір-біріне тексертемін. (5 минут)

2. Қосымша Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы сұрақтар беріп сұрап, жауаптарын толықтырып қорытамын. (15 минут)

Зымыран сұрақтар:

1. Шәкәрім ақын қай жерде дүниеге келген? (Семей уезіне қарасты Шыңғыстау болысының Кеңбұлақ аулында) - 5 ұпай

2. Абаймен қандай туыстығы бар ? (немере інісі) - 10 ұпай

3. Ақынның аты толығымен қай жылы ақталады? (1988 ж.) - 20 ұпай

4. Шәкәрім қай жылы қайтыс болды? (1931 ж.) - 15 ұпай

5. Шәкәрім қажылыққа қай жылы барды? (1905-1906 жж.) - 5 ұпай

6. Шәкәрім жастарға қандай азаматтық істер, жауапты міндеттер жүктейді ? ("Қай ғылымды білсеңіз де, қазір оны елге жай, құр ішіңде кеткенше, пайдалансын өзгелер") - 10 ұпай

7. Шәкәрім Медине, Мысыр, Стамбұл қалаларында немен айналысады? (Медине, Мысыр, Стамбұл қалаларындағы кітапханаларға барып көне қолжазбалармен танысады). - 15 ұпай

8. Баласы Ахат Құдайбердиев қай жылы, неше әнін магнитофон лентасына жаздырады? (1966ж., 14 әнін) - 20 ұпай

9. Жанына ерекше жақын тұтқан шығыс ақындары кімдер? (Хожа Хафиз, Физули, Науаи) - 5 ұпай

10. Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген кім? (Альвин Эрнестович Бимбоэс) - 10 ұпай

11. "Еңлік - Кебек" поэмасына арқау болған оқиға? - 15 ұпай

12. Шәкәрімнің қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер? - 20 ұпай

Жаңа сабақ. Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. "Хал-ахуал", "Шайтанның саудасы"

Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің әулиелігі туралы.

Алла артық жаратқан ақыл-ойын,

Тұнып тұрған қасиет тұла бойың.

Ел тарихын тамшыдан дария етіп,

Тұранның түгел шарладың қыр мен ойын.

Батаң-байлық, дұғаң ем, сөзің зәмзәм,

Дәмін татқан жан сергіп, ләззат алған.

Салмағы елу томдық мол қазына,

Асыл мұра атадан бізге қалған.

Бақи Әбдіқадыров

Шәкәрім - Абайдың немере інісі ғана емес, сонымен қатар Абайдың жаңашылдық дәстүр дамытушы. Егер Абай жаңа сападағы ұлттық әдеби тілдің көш бастаушысы болса, М.Ж. Көпейұлы - сол көштің қостаушысы, әрі қарай жалғастырушы.
1. Бүгінгі ашық сабағымызда халықтың маржан тілін қадірлеген М. Ж. Көпейұлы жинаған мұра мен орасан зор құнды дүниелерден мағлұмат аламыз.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаянмен сабақты бастау.   (10 минут)
Қазақтың белгілі ақыны, фольклоршы, тарихшы, этнограф Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы Баянауылдың Қызылтау деген жерінде 1858 жылы дүниеге келген. Туғанда азан шақырып койылған есімі – Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса-дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде, жиынға шақырып отырған М.Шорманұлы Адам Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халқына Мәшһүр болатын бала екен» деп, содан Мәшһүр-Жүсіп атанып кетеді.
1858 жылы қыста Көпей Сермұхам­медұлы керуеншілікте жинаған табысына мал алып, Қызылжардан көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861 жылы Адам Жүсіп 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ сирақ» болып шығады. Сонда Көпей Сермұхаммедұлы: «Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас» деп, ұлы Адам Жүсіпті оқуға беріп, ол Баянауыл медресесінде Қамар (Хамариддин) хазіреттен білім алып, оқуын жалғастырып, 1872-1874 жылдары Бұһарадағы «Көкілташ» медресесінде орта ғасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгереді. Еліне оралған соң екі жылдай (1875-1877 жж.) өз ауылында балаларды оқытып табыс табады. Тұрмысы түзелген Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 1885, 1887, 1907 жылдары үш мәрте Түркістан, Ташкент, Бұхара, Самарқанд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтады.
Орта Азия қалаларына шеккен сапарларының тағы бір құнды нәтижесі – сол өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерінің жазылып алынуы. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өзі дерек жинастыру қызметін ерте кезден бастаған. Әлкей Марғұлан хаты бойынша, «Ер Олжабай батыр» жырын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 7 жасар бала кезінде 1865 жы­лы Сақау ақынның айтуымен жазып ал­ған. Бұған ұстазы Қамар хазіреттен қис­са-дастандарды қағаз бетіне көшіріп түсіруі де әсер еткен.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы патша манифесінің арқасында үш бірдей кітабын («Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» ) 1907 жылы жарыққа шығарды. Ғалым бұл мезгілде саяси-қоғамдық өмірмен байланысын үзіп, ақындықпен қош айтысып, «Қазақ түбі» үл­гілерін (шамамен XX ғ. 20-жылдары) құ­растырып жинақтай бастайды. Саяси кү­рестің шиеленіскен жағдайда, 1921 жылы ортаншы баласы Әмен Ташкентте қаза болып, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы көтерілісші қазақ жастарының тобына кездесіп, солардың ескертуінен соң, Ташкентке бармай орта жолда қайтып оралуға мәжбүр болады. 1931 жылы Мәшһүр Жүсіптің қайтыс болғаны туралы хабар ел арасына жетеді.

Нақыл сөзі: "Үш дауасыз, үш қадірсіз, үш арсыз"/2 мин./
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығарма­ларының 20 томдығы 2013 жылдың 21-қарашасында ақынның 155 жылдық мерейтойына орай жарық көрген болатын.
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын бастырудың неге кешеуілдеп қолға алынғаны да белгілі. Алдымен ақынның 1907 жылы Қазан қаласында басылған үш кітабы: «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» деп аталатын кітаптары 1912-1913 жылдары Ресей патшасы цензурасының назарына іліккені, сол кезде ақын шығармаларын жариялауға тыйым салынып, өзі қуғынға ұшырағаны мәлім. Патша заманында теперіш көрген ақын кейінгі Кеңес билігі кезінде де қысымнан босаған жоқ. Рас, 1940-1950 жылдар аралығында ақын шығармалары мектепте оқытыла бастады. Әйтсе де, 50-жылдар басындағы «Ұлтшылдықпен күрес» науқаны Мәшһүр-Жүсіпке де салқынын тигізді. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының мектеп оқулығынан шығарылуымен бірге, оның өзі көзі тірісінде салдыртқан кесенесінің
үкімет нұсқауы бойынша қиратылғаны мәлім. Әйтсе де, И.В.Сталиннің жеке басына табынудың 1956 жылы СОКП ХХ съезінде сыналуы, 1957 жылы С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин және т.б. ұлт зиялыларының ақталуы – бәрі ақын шығармаларының алдымен жоғары оқу орны хрестоматиясында (1959 ж.), кейін газет-журнал беттерінде жариялана бастауына жол ашты. Осы орайда ақын таңдамалысының 1 және 2 томдары 1990, 1992 жылдары Алматыдағы «Ғылым» баспасынан жарық көргенін еске ала отырып, оның шығармаларын толық шығару ісінің ұзаққа созылу себебін де түсіндіру керек болар. Біріншіден, ақын шығармаларының ескі араб (хадим) әрпімен жазылуы, көп үлгілердің араб және көне парсы тілінде жазылуы, ол саладағы мамандар жетіспеуі – бәрі бұл істі шешуге басты бөгет болды. Екіншіден, ҚР ҒА Орталық ғылыми кітапханасы қолжазба қорына тапсырылған үлгілердің біразы кітапхана қызметкерлері жетіспеуінен күтімсіз, бақылаусыз күй кешуі салдарынан дұрыс сақталмады, қолды болғандары да бар. Үшіншіден, ақын шығармаларының ел арасынан жиналып бітпеуі, әр жерде әр адамның жеке кітапханасында жасырын сақталып келуі де ақын туындыларын шығаруда кедергі жасады.

2. Топпен жұмыс: Сөзжұмбақ шешу (5 минут)

3. Жұппен жұмыс: Ребус шешу (5 минут)

4. Жұппен жұмыс: М.Ж.Көпейұлы мен Ш.Құдайбердіұлының шығармаларының аттары беріледі. Әр ақынның шығармасын тауып, дұрыс орналастыру керек. (5 минут)

5. Топпен жұмыс: Білімгерлерге  Мәшһүрдің өлеңдерінен үзінді беріліп, талдау  жасатылады.  Бұл тапсырмада білімгерлер өздерін-өздері бағалайды. (10 минут)

Атауы

Шайтанның саудасы

Әдебиет тегі

Поэзия

Жанр түрі

Өлең

Шумақ

59

Тармақ

236



Бунақ

2-3

Буын

10-13



Ұйқас

а-а-б-а қара өлең

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының «Шайтанның саудасы» өлеңін ақынның жиені Қасенғали Жүсіповтен белгілі жазушы Зейтін Ақышев 1937 жылы жазып алып, оны мектеп оқулығын құрастырушылар ­– Қайыржан Нұрхожаұлы Бекхожин мен Есмағамбет Самұратұлы Ысмайыловқа ұсынғаны белгілі. Содан бастап ақынның осы өлеңі алдымен мектеп оқулықтарына (1940-1946), кейін жоғары оқу орнына арналған хрестоматияға (1959, 1983) енді. Сонымен қатар бұл туынды орысшаға аударылып, 1978 жылы Ленинградтан шыққан «Поэты Казахстана» антологиясында (құрастырушы  М.Мағауин) жарияланды.

*Антология (гр. anthologіa – гүл шоғы) – таңдамалы шығармалар, ақындардың таңдамалы өлеңдерінің жинағы.

Атауы

Хал-ахуал

Әдебиет тегі

Поэзия

Жанр түрі

Өлең

Шумақ

5

Тармақ

18



Бунақ

2-3

Буын

11-12 (10-13 толық талданған жағдайда)



Ұйқас

а-а-б-а қара өлең

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 1907 жылғы «Хал-ахуал» кітабында шығыс поэзиясында кең әспеттелген махаббат, бақыт символы бұлбұл мен гүл жарасымдығын қызықтап, бұлбұлдың түнімен қызыл гүлдің ашылуын тосуын, арман етуін жырлағаны белгілі. Ақын сонымен бірге орыс поэзиясы дәстүріне де иек артып отырған. Бұл ақынның шеберлігімен бірге тақырыптық аясы мол кемел талант иесі екенін де білдіріп тұрғандай.

6. Жеке жұмыс:  Постер қорғау . Әр топ бірін-бірі  бағалайды.  (5 минут).

Сабақты бекіту: Шығармашылығы халқымыздың тарихымен, салт-дәстүрімен, бай ауыз әдебиетімен тығыз байланысты өрілген ақынның дара туындылары өзіндік қолтаңбасымен ғасырдан ғасырға жалғасып, тәлім-тәрбиелік әсері, өнегесі мен тағылымы талай ұрпақтардың жан дүниесін кемелдендіріп, рухани тұрғыдан байыта берері сөзсіз. (3 мин)

Рефлекция: 1. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің? 2. Не естеріңізде қалды? 3. Бүгінгі тақырып төңірегінде нені тереңірек білгілерің келеді? (3 минут)

Бағалау: сабаққа қатысуына қарай, жинаған ұпайына қарай бағалаймын (3 минут)

Үйге тапсырма: ақынның өмірі мен шығармашылығы,"Хал-ахуал" өлеңін жаттауға (1 м.)

Оқытушының қолы: _______________

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ