Материалдар / М.Жұмабаев : "Батыр Баян" поэмасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Жұмабаев : "Батыр Баян" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 9- сынып оқушыларын елжандылыққа , патриотизмге үйретеді. Сабақтың мұғалімдерге пайдасы өте зор сабақ барысында бейнефильм, күй тартылып, оқушылармен жұмыс жүргізіледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
909
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімі: Исаева Роза Рахымжановна

Мектебі: Ғ.Молдашев атындағы орта ЖББ мектебі Казталов ауданы БҚО

Күні: 24.02.2016

Сыныбы: 9 (орыс сыныбындағы қазақ тілі)

Ашық сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік-поэмаға талдау жасау,әдебиет теориясымен ұштастыру, поэманың тарихилығы, ақынның образ жасаудағы шеберлігін жеткізу.

2.Дамытушылық-оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, өз ойларын шебер жеткізе білуге үйрету, өз пікірін қалыптастыруға үйрету.

3.Тәрбиелік-Отансүйгіштікке , ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы, проблемалық баяндау, сұрақ-жауап,ой шақыру,

СТО элементтері;

Сабақтың көрнекілігі: Мағжанның суреті, интерактивті тақта,кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

(Жамбыл Жабаевтың «Өзім туралы» шығармасынан үзінді жазып келу).Оқушылардан сұрау.

Миға шабуыл:

-Жамбыл қай жылдары өмір сүрген? (1846-1945жж)

-Домбыра тартуды кімнен үйренген? ( нағашысы Қана)

-Жамбылдың пірі кім? (Сүйінбай)

-Неше жасынан бастап ақын атанған? (16-17жж)

-Қай ақындармен айтысын білесіздер? (Сарамен, Құлмамбетпен, Доспамбетпен, Шашубаймен, Айкүміспен т.б.)

-1916ж. Ұлт-азаттық тақырыбына арналған қандай өлеңдері бар?

(«Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық»)

-Ленингад қаласына байланысты шығарған өлеңі қандай?(Ленинградтық өренім)

-Жарайды.

-Сонымен бірге тарихты болған атақты тұлғалар Абылай хан мен Батыр Баян туралы мәлімет жинап келу тапсырылған болатын.

-Кім айтады? (оқушылардан Абылай хан мен Батыр Баян туралы сұрау)





Мұғалім сөзі:

Иә, Жамбылдың ақындығын қазақ еліне паш еткен оның Қүлмамбетпен айтысы болса, Мағжан Жұмабаевтай шоқтығы биік тұлғаны әдебиет көгінде танытқан оның «Батыр Баян » поэмасы еді.

-Олай болса , дәптерімізді ашып,жазайық (Күннің жады мен тақырыбы)

ІІ.Жаңа сабақ.

1.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

2.Қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: «Мағжан-мәдениеті зор ақын,сондықтанда бүгінгі күннің жазушысы ішінен келешекке бой ұрып,ұрпаққа қалдыруға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі» -деген еді

3.Мағжан туралы мәлімет беру:«Хафиз» күйі ойналып тұрады,

-Мағжан Жұмабаев ХХ ғ. басында әдебиет көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздардың бірі.Ол 1893ж.қазіргі СҚО , бұрынғы «Молодежный » кеңшары, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген.Әкесі Бекен-орта дәулетті, өзінің ақылдылығымен, парасаттылығымен ел арасында беделі жоғары болған.

Мағжанның өміріне қысқаша тоқталар болсақ,1910-1913 жж Уфа қаласында медреседе оқып білім алады.

1913ж. Қазан қаласында тұңғыш «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көреді . Өлеңдерін ағартушылық бағытта Абайға еліктеп жазады.

1913-1916 жж. Омбыда мұғалімдер семинариясында оқиды.

1923-1926 жж. Мәскеуде әдеби көркем институтында оқиды.Мәскеуде оны қазақтың Пушкині деп атайды.

1929 ж.бастап қуғын-сүргінге ұшырап, Карелияға жер аударылады.

1935 ж.орысты ұлы жазушысы М.Горкийдің араласуымен түрмеден шығады, бірақ, «Халық жауы» деген атпен қайта сотталып, 1938 ж.атылады.

Мағжан алдымен ұлт ақыны. Оның шығармашылық бағытында, Міржақып, Ахмет Байтұрсынов сынды ағаларымызға қарағанда- ағартушылық бағыт басым болды. Яғни, ұлт оянушылығын көксеу, не жақсы , не жаманды халыққа түсіндіріп, қазақты өрге қарай сүйреу болды.

Мағжан ағартушылық бағыттан да кең өріске шығып, қазақ поэзиясын жаңа бір лирикалық, психологиялық, әлеуметтік салмақтағы, аса бір тілі де сұлу, өрімі де бөлек жаңа бір поэтикалық биікке көтерген ақын.

-Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиеті мен мәдениетіне қаныққан Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен енеді.(8-11 слайдтарды көрсету)

Өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені, артта қалған қазақ елін алға жетелеу-сол халықтың өзінің қолынан ғана келмек. Сондықтанда,халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді.Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады.Абылайды, Кенесарыны жырға қосты.Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады.

-Мағжан Жұмабаев бірнеше көркем поэма жазған,құлашы кең ақын.(12 слайд) Оған , 1926 ж. жазылған «Ертегі» поэмасы, желісі мысықтар мен тышқандар арасындағы соғыс туралы ертегісі үшін саяси кінә тағылады.

Келесі , Қорқыт, Қойлыбайдың қобызы, Батыр Баян поэмалары бар.

Ақын поэмаларының ішіндегі күрделісі, көркемдігі жағынан шоқтығы биігі-

«Батыр Баян» поэмасы. Поэма 1923 жылы жарық көрген. / 13-слайд

Қаламының қуаты тұрғысынан келсек, поэманың маңызы ерекше.

(14-15 -16 слайд)

Поэма бір кездегі қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заманнан алынған.Поэманың басты кейіпкерлері-Абылай хан, Батыр Баян, Ноян,қалмақ қызы,Қанай би, Батыр Баянның досы –Жанатай.

Негізі ,өмірде Баянның Ноян деген інісі болмаған. Толқыншаш- қалмақ қызы,Жанатай-әдеби кейіпкер.

-Сұрақ: Осы басты кейіпкерлердің ішінде қайсысы тарихи тұлғаға жатады?

-Жауап: Абылай хан мен батыр Баян. /17 слайд

-Абылай 1711-1780 жж өмір сүрген. Қазақ халқының ұлы ханы .Ел азаттығы үшін күрескен тарихи тұлға. Алдымен , ата-анасынан жастай айырылып, кейін Төле бидің түйесін бағып жүргенде, оған Сабалақ деп ат қойса, кейін 15 жасынан бастап соғысқа кірісіп, жоңғарларды қырып, жекпе-жекте Қалдан Сереннің сүйікті жиенін өз қолымен өлтірген, соғыста Абылайлап айқайлайтын батырға Үш жүздің жақсылары жиналып , Абылай деп ат қояды. Елі үшін ештеңеден тайынбай, Қытай мен Ресейге әлі жетпеген кезде, ең сүйікті балаларын кепілдікке беріп отырған.

18-19 слайд

-Батыр Баян Қосаболатұлы туралы дерек өте аз. 1710-1757 жж

1700-1715жж аралығында дүниеге келіп,1757ж.дүние салған. Тарихи дерек бойынша Ағасы Сары екеуі соғыста шейіт болады.

Қалмақ ,жоңғарларға қарсы, ел азаттығы жолында күрескен батыр, тарихи тұлға.Оның ұрпақтары СҚО Булаев ауданында тұрады делінеді.

Шығарманың композициясы:

1.Шығарма – кезекті бір жорықта қалмақ қызының тұтқынға түсуінен басталады.

2. Шығармадағы байланыс-аңғал жігіт Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы болса,

3. Ноянның қалмақ қызымен қашуы оқиғаны тіпті шиеленістіреді.Қалмаққа қарсы жорыққа аттанбақ болған Абылай хан қол астындағы батырларын жинайды.Хан Абылайдың:

Баян қайда? Батырсыз соғысқа қалай барамыз?-деген сөзінен басталады.

Жалғыз Батыр Баян ғана кешігіп келеді. Сөйтсе, жорықта қолға түскен қалмақ қызы мен Батырдың інісі Ноян екеуі қалмаққа қарай қашып бара жеткен жерінен Баян қуып жетіп, екеуін де,оққа байлап өлтірген екен.Осы тұста ақын поэмадағы оқиғаны шарықтау шегіне жеткізеді.

Ал, шығарманың шешімі-Батыр Баянның соңғы шайқасы, сол шайқаста халқы үшін, елі үшін қаза табуы.

-Оқиға желісін Мағжан жай баяндап шықпайды, биік романтикалық сарынға құрылған .Бұл поэмада батырлық та , достық та, адамгершілік те,мейірім де, ашу-ыза да бар.Поэманың бас кейіпкері –Баян батыр осы поэмада екі сипатта көрінеді.Біріншісі, інісі мен қалмақ қызының қылығына ашуланып, соңынан қуып жеткен Баян мен екі жасты өлім құштырғаннан кейінгі Баянның көңіл-күйі, кескін-кейпі екі түрлі.Бірақ, нанымды.Бәрі де қарапайым, адам баласының бойынан табылатын таныс жағдайлар.

(Үзінді оқу)

-Алыстан екі қара көрді Баян,

Кілегей қара бұлттай төнді Баян

Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр екпін боп,

Сұңқардай сорғалаған келді Баян-бұл Баян батырдың екі жастың артынан қуғандағы кейпі. Ашу қысқан, сабырынан айрылған,жүрегін ашу мен ызаның оты жандырған алапат күш иесі.


Келесі кезекті «Батыр Баян» бейнефильмінен үзіндіге назар аударайық


Оқулықпен жұмыс: ( Оқушыға сұрақтар қою)

1.Поэмада Баян образы қалай сомдалған. Портретін тауып оқып беріңдер?

125 бет

/ Көп жаудың албастысы, ел еркесі,

Баянның батырлығы алашқа аян

Баянның аруақты құр атынан

Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?

Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат,

Баянсыз қанатымды қалай жаям?Би Қанай аттанбайды, хан Абылай

Келмесе қандыбалақ Баян батыр/


-Иә, Абылайдың Баянсыз жауға шаппауы-кейіпкер портретінің бірінші штрихы.
2. 2.Қалмақ қызының сипаты қандай ?

/ Оқулықтан үзінді оқып беру/

126 бет

/Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай

Бір соған бар сұлулық жиналғандай

Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,

Сөздері су сылдырлап құйылғандай

3. Інісі Ноян мен қалмақ қызы қашып кетті деген хабарды естігендегі күйі;
131 бет

/Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,

Жаралы жолбарыстай күңіренді..

Ақыры ашу ерді билеп кетіп,

Жалп етіп, сөнген шамдай ақыл өлді.

Өлді ақыл. Атып тұрды Батыр Баян

Боз үйден оқ жыландай шыға келді.


- Болды. Бәрі бітті, ақыл өлді.Алдынан тау кездессе де төңкеріп кетердей екпінді.Тіпті Ноянның өзі ағасының мына түрінен шошынып қалады.

-Інісі мен қалмақ қызын өлтіргендегі жан күйзелісі,ашу мен ақыл, сана мен сезім таласын Батыр Баянның монологін, жан күйзелісін бейнефильмнен қарайық. / Психологиялық параллелизм туралы айтып кету/

-Осылайша күйзелген Батыр Баян ойланады. Болған іс болды, Өз қолын өзі кесе алмайды.Егіле тұрып ойланады,

Әлде...жоқ, жоқ, әлде өлтірдім бе?

Інімді алты алашты намысы үшін ?!-деп өзін-өзі жұбатады. Осылайша , Батыр қалмақтармен соғысқа аттанып,сол жорықта қаза табады.


  • Мұғалім сөзі: Ақын Мағжан поэмада әдеби көркемдеуіш тәсілдерді шебер қолданған: Ашуы жауған қардай, тілі шаян, сұм өмір тағы басқалары.

  • Карточкамен жұмыс : Метафора, теңеу, эпитетті табу.

  • Ойталқы: /дебат

  • Батыр Баянның іс-әрекетін бағалау; (Оқушылардың пікірін тыңдау)


І-нұсқа:

  • Роль-қалмақ қызы

  • Аудитория-Баян батыр

  • Форма-хат

  • Тақырып-кешірім



ІІ нұсқа:

- Роль-Батыр Баян

- Аудитория-Ноян

- Форма-әңгіме

- Тақырып-өкінген іс



Қорытынды: / Осы жерде 3 оқушыға топтастаруға карточка беріп қою: Баян, Ноян, қалмақ қызы туралы не білеміз?

Сонымен , бүгін өткен поэманың тақырыбы қандай?

-Авторы кім?

-Идеясы?

-Кейіпкерлері кімдер?

-Поэма неге тарихи ,психологиялық деп аталады?

Енді, топтастыру әдісімен басты кейіпкерлерге тоқталайық

-Батыр Баян қандай?

-Ноян ше?

-Қалмақ қызы туралы ?



- Инсерт кестесін толтыру үшін карточка беру.

Бекіту: «Автор орындығы»

-Мұғалім сөзі: Бұл шын мәнінде үлкен драматизмге құрылған поэма. Қазақ поэмасының басы.Кейіпкердің ішкі жан-дүниесін, бүкіл бойына реалистік шығарма.Алпамыс, Қобыланды жырларындағыдай эпикалық жыр емесғ әрекет үстіндегі,әрбір сәттегі Баянның жан дүниесі, ниетінің ақтығы дәл берілген. Сөзімізді қорыта келе, Батыр Баян поэмасы бүкіл қазақтың қазыналы қорынанойып орын алатын құнды дүние.

Ақынның бергенінен берері көп еді. Ақын нағыз шабытты кездерін айдауда, абақтыда, қуғын-сүргінде, түрмеде өткізді.

Не көрсем де Алаш үшін көргенім

Маған артық ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсем де Алаш өлмес көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін-деп ақын жырлағандайй, өз өмірі қуғында өткен Мағжан, Абылай хан,Батыр Баян секілді тұлғаларды шын күрсекер етіп көрсете білді. Батыр Баянның ішкі жан дүниесі, елім, алашым, халқым, қазағым деп егілуі Мағжанның шын болмысын ашып көрсете білді.Мағжан-Баян да , Батыр Баян-Мағжан –үлкен психологиялық прототип.Поэмадан Баянның рухани күрескерлік бейнесін Мағжанның өзінің жан бойынан айнадан көргендей көреміз.

Иә, қолына кісен салса да, тіліне кісен сала алмаған солақай саясат, Алаш ұлдарын алып кетсе де, артында өлместей мұра қалдырды./35-37 слайд/

-Мағжан мұрасы-ол мәңгілік!

Бағалау.

Үйге тапсырма:«Батырлар туар ел үшін!» атты тақырыпта шағын эссе жазып келу;

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!