Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
М.Жұмабаев аудармаларының көркемдік ерекшелігі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
М.Жұмабаев аудармаларының көркемдік ерекшеліктері
№129 Жалпы орта мектеп
Г.А. Дүйсенбиева ғылым магистрі
Қазіргі уақыттың талабына сай өзекті мәселелердің бірі аударма ісі десек , осы тұрғыда Мағжан Жұмабаевтың поэзиясында , соның ішінде аударма өлеңдерінде де көркемдік ізденістер көп кездесетіндігіне көзіміз айқын жетеді. Атап айтқанда, ақынның аударма өлеңдерін талдағанда қазақ тұрмысына қажетті поэзиялық шығармаларды іріктеп, белгілі жүйемен тәржімалағанына куә боламыз. Жалпы алғанда аударма мәселесі бүгінде де уақыт талабына дөп келіп отыр. Мағжан Жұмабаев қазақ тіліне неміс ақындарының бірталай туындыларын аударып, оқырмандардың игілігіне арнады. Аударманың бір мәдениеттен екінші бір мәдениетке сіңуі , қабылдануы ең алдымен табиғи түрде , сонымен бірге ұлттық психологияға сайма –сай келуімен байланысты. Аудармашылар негізінен алғанда «Аударма мамандық емес - өнер » деп санайды. Әрине аударманың өнер екені рас . Сонымен бірге аударма мәселесі шығармашылық өнерге толы мамандық. Оны сол өнерге дағдыланған мамандар ғана игере алады. [9,188-б.]
Аударма мәдениет аралық қарым –қатынасты жеңілдетіп, оның жандануына , баюына елеулі ықпал етеді . Аударманы жасаушы да , қажет етуші де – оқырман. Аударма қай қоғамда болмасын үлкен роль атқарған . Ол бүгінгі заманда адам қызметінің барлық қырын қамтиды. Аудару кезінде екі тілдің де өзіне тән ішкі заңдылықтарының сырына үңіліп, салыстыру , жалғастыру арқылы саралануы қажет. Сондай –ақ аудармашы екі тілдің арасындағы айырмашылықты сезінуі керек .
Бір айта кететін жайт , аударма мәселелерін зерттеуге арналған алғашқы теориялық еңбектер ХҮІІІ ғасырда жарыққа шыға бастады. Зерттеушілердің басым бөлігі аударма принцптері аудармаға қойылатын үш негізгі талапты басты міндет деп санады. Біріншіден түпнұсқаның идеясын толық беру, екіншіден , аударманың стилі мен мінез-құлқы түпнұсқаның стилі мен мінез –құлқына сай болуы , үшіншіден , аударманың жеңіл әрі түсінікті қабылдануы ең басты мәселелердің қатарынан саналды.
Мағжан Жұмабаевтың аудармалары қазақ әдебиетінде өзінің көркемдік ізденістерімен есте қалып отыр. Ақын аудармаларының поэтикалық, көркемдік , әлеуметтік тұрғыдағы мәні мен маңызы аса зор. Ұзақ жылдарды араға салып, өз оқырмандарына қайта оралған аса көрнекті ақын Мағжан Жұмабаев қазақ поэзиясының алыптарының бірегейі .
Әлемде ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана ғылыми пән ретінде орныққан аударма тану ғылымының теориялық мәселелері біздің елімізде әлі толық қалыптасқан жоқ. Сондай –ақ аударма мәселелерін зерттеу нысаны нақты белгіленгендей емес. Соңғы жиырма жылдар бедеріндегі еркін ойлы , тың зерттеулер аударма тану мәселесінде лингвистиканың, социологияның , психологияның , психолингвистиканың , әдебиеттанудың , этнолингвистиканың , әлеуметтік лингвистиканың пән аралық өзара әсері мен ықпалының жүзеге асатынын көрсетіп отыр. Аударылатын мәтін бір тілден екінші тілге ауысуы арқылы ең алдымен бір мәдениеттен екінші мәдениетке көшіріледі.
Әлемдегі аумалы төкпелі , тіпті қоғамдағы адамдар өміріне ерекше ықпал еткен төңкерістер заманында ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзінің шығармашылық дүниелерінде аса бай бағалы әдеби, ғылыми мұралармен біргелікте тамаша көркем поэзиялық аудармаларын да өз оқырмандарына қалдырып үлгерді. Ақын Мағжан Жұмабаев әлемдік әдебиет өкілдерінен Пушкин мен Лермонтовты , Фет пен Гейнені , Гетені еркін аударды . Олардың шығармаларын қазақ әдебиетінің оқырмандарына етене таныстырды.
Мағжан Жұмабаев сол кезеңде адамзаттың көш соңында қалған қазақ халқының өркениет көшіне енуін қалаған. Абай мен Ыбырай салған даңғыл жолмен Мағжан да қазақ халқын, әсіресе жастарды оқу -білімге шақырып, өлеңдер жазды. Өз халқын оқу -білімге үндеді, насихаттады.
Мағжан оқу іздеп Омбыға, Мәскеуге барды. Валерий Брюсовтен дәріс алды. Бұл мезгіл Мағжанның ақын және азамат ретінде әбден қалыптасқан кезеңі. Ол осы жылдарда орыс және батыс Европа ақын-жазушыларын құнығы оқиды, шеберлігін үстейді. Гете мен Гейне, Толстой мен Верлен , Мережковский, Бальмонт пен Брюсов , Болк пен Сологуб сынды сан қилы , сан қырлы таланттар енді Мағжанмен бірге соның жүрегінде өмір сүре бастайды . Немістің Шпенглерімен орыстың Соловьеві сияқты философтарды да Мағжан аударып –төңкереді.
Мағжан Мәскеудегі оқу жылдарында Блоктың , Бальмонттың маңайында қалып қоймай , басқа да ақындардың творчествасын оқып үйренген.
Дүние әдебиетінен Гейне , Гете , Пушкин, Лермонтов, Фет,Кольцов, бергі күміс ғасыр әдебиетінің символистерінен тағлым алған.
Мағжан Жұмабайұлы өзінің зор талант , асқан шеберлігінің арқасында ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея , сұқтанар сұлулықты қазақ оқырмандарының ой сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазаққа өз ақындарындай, өз ғұлама философтарындай, өздерінің ұлы тұлғаларындай сүйгізді. Оның аудармалары алдағы халықтың мәдениеті мен әдебиеті қазақ жұртшылығының араларындағы дәнекері болды. Мағжан Жұмабаев жоғарыда атап өткен тұлғалардың туындыларын тек қана аударып қана қойған жоқ ,и оларды өзінің өмірі мен шығармашылығына үлгі тұтты. [11,156-б.]
Аударма жасау тұсында , еліктеу сәттерінде Мағжан орыс символистерінен өзіне жаңа өрнек,үлгі іздегені аңғарылады. Жаңашылдыққа, әсемдікке құмарн ақын қазақ құлағына тосаң естілетін жаңа тақырыптарды, сөз тіркестерін ішкі мағынаны іздеп табады.
Мағжан Жұмабаевтың неміс тілінен аудармасы, Гетенің «Орман патшасы »
Қараңғы салқын түнде кім
Аяңдамай , желеді?
Жанында жас ұлы бар
Жолаушы жортып келеді.
Әкесіне дірілдеп
Тығылды бір уық нәресте.
Құшақтап қысып баласын
Жылытады қарт әке.
«Неге қорқып тығылды,
Айтшы, көзім қарасы?»
«Көз алдымда жарқ етті,
Жан ата , орман патшасы.»
«Мойныңды бұр, балақай,
Маған қара нәресте
Не тілесең менде бар
Сансыз қызық көп нәрсе
Хош иіске толтырар
Фэруза гүлдер маңайын .
Бұлақтарың –меруерт,
Саф алтыннан сарайын !»
«Жан ата , орман патшасы
Сөйлеседе менімен
Меруерт, маржан інжу тас
Береді алтын кенімен!»
«Сақалы оның қоп-қою,
Қара тәж киген Қарахан»
«Жоқ, жаным су үстінде
Тұман ғои ол ағарған!»
«Жан ата орман патша
Шақырды, қара қастарың
Арасына бұтақтар
Шұлғиды қыздар бастарын! »
«Қорықпа балам, қараңғы
Түнде жоқ еш қорқыныш.
Ол –ақ шашты ағаштар,
Жай ғана тұр ғой тып-тыныш!»
«Жараланды жүрегім ,
Ғашықпын ,бала,көркіне,
Енді маағаан келерсің!
Қоймаспын, сірә еркіңе!
Жан ата ормаан патшасы
Қуып бізге жетті ғой.
Келіп қалды мінекей.
Қысылдым, дедім бітті ғой»
Жолаушы енді қысылып
Шаппайды ,ұшыып келеді.
Қайғырады нәресте.
Нәресте жылай береді.
Құйындатып жолаушы
Үйіне ұшып келіпті.
Бірақ оның қолында
Нәресте жолда өліпті.
Мағжан Жұмабаев тәржімәсында орыс тілінен тек тіке аударып отырған «Орман патшасы » өлеңінің астына «Гете –Жуковскийден » деген қосымша атау келтірілген . Аударма жас кезіндегі ақын ізденістерінің айғағы
Гете, Жуковскийдің қаламынан туған романтикалық сарын , «Орман патшасының қараңғы салқын түнде келе жатқан жолаушылардың баласын мерт қылғаны жайлы хикая, яғни нақты дүниеден тыс әлде не тылсым күштің адам тағдырына ықпалы болар ма? Деген ой жас қазақ ақынының жүрегін баурайды . Осы өлеңдегі «Шаппайды, ұшып келеді », «Құйындатып жолаушы, Желдей есіп келеді» деген тіркестер қазаққа ат шабысын суреттеу таңсық емес екенін көрсетеді . «Ақ шашты ағаштар , жай ғана тұр ғой тып –тыныш » деген жолдар табиғат жарастығын көрсетеді.
Құйындатып жолаушы , Үйіне ұшып келіпті деген жолдар әке жүрегінің үрейі, тілеуі , үміті «Бір ысып бір суыған » әкенің жан азабы, қайғысы, көңіл –күйі өте шеберлікпен өрнектелген.
Гете және Гейне сияқты дарындылардың шығармаларын аударушы да дарынды болу керек . Әрине тек талантты болу жеткіліксіз. Сонымен бірге тілді жақсы білу , оның қасиетін терең ұғыну бар. Бұлар бір –бірімен байланысты ұғымдар. Яғни түсінумен қатар ақындық, жазушылық таланты мен дарыны болуы тиіс.
Шығармадағы көркемдік элеметтерді табу, тану оңай дүние емес , ол үшін шығармаға бойлап ену керек. Шығарманың өн бойынан адам жанына нұр себер, жақсылық нышандарға жетектер жан әлеміне ыстық леп берер теңеулерді іздеуге тиіс. Ақынның шығармасы –оның жан құбылысының, жүрек лүпілінің , мұрат –мақсатының көрінісі . Мағжан Жұмабаев бұл аудармада шығарманың философиялық , эстетикалық, адамгершілік ой –түйінін бере алған. Сонымен қатар бұл аудармада Мағжанның ақындық күші, сөзге еркіндігі, суретшілігі толық көрініс тапқан.
Сол Гетеден аударған «Айрылдым , сенен , жан сәулем» атты өлеңінде ұлы неміс ақынының ғашығына арналған монологындағы трагедиялық лиризмді айтарлықтай жеткізген.
«Мен де сондай қапамын, тоғайға қырға қараймын. Қайғымен жалғыз күңіреніп» .Ақын бұл жолдармен адам жанының сан-алуан құбылыстарын , нәзіктігін адам көңілінің ыстық , суықтығын , адамның жан толғанысын , ішкі арпалысын бейнелеген.
Айрылдым сенен, жан сәулем
(Гетеден )
Айрылдым сенен, жан сәулем ,
Көруге енді жоқ үміт.
Бірақ соңғы сөздерің
Кетпейді естен боп үміт.
Менде сондай қапамын,
Тоғайға, қырға қараймын.
Қайғымен жалғыз күңіреніп ,
«Жан –жарым!» деп жылаймын .
Жапанда жалғыз жолаушы ,
Аспанда торғай жырласа ,
Көзі көкте ,тілегі
Көріп жақын тыңдаса...
Екі бетің, сұлу қыз...
(Гейнеден)
Екі бетің ,сұлу қыз,
Розадай ойнап , жанып тұр
Жас жүрегің бір –ақ мұз ,
Жүрегімді қарып тұр.
Мұның бәрі өзгерер,
Көрерсің әлі –ақ сұлу қыз,
Жүрегіңе жаз келер,
Екі бетте орнар қыс
Махаббаттың мұңды сазын Гейненің «Күннің батуы» өлеңінің аудармасынан да айызың қана сезінесің . Ерлі –зайыпты күн мен айды айырған өсек сөз екі ғашық жастың сүйіспеншілік отын бәсеңдете алмағанын , қайта маздата түскенін тәржімәші қазақ оқырманының жүрегіне табиғи қалпында құйады. Адамдардың мінезін дұрыс келтіру , сұлуды, махаббатты, батырды суреттеу арқылы өмірдің қатыгез заңдылықтарын түйе білгендігін көрсетеді және суреттеу арқылы оқырманның өмірдің көлеңкелі жақтарына әзірлегендей.
Күннің батуы
(Генрих Гейне )
Толқындаған дарияға,
Қызарып оттай күн батар.
Жұқа, ақшыл бұлттар
Құрмет қып оны ұзатар.
Қарсыда , қара бұлттан
Қайғылы аппақ туар Ай
Тұманды көкте жыбырлар
Жұлдыздар ұсақ ұшқындай
Баяғы ерте заманда
Бұларда артық бақ болған
Ай әйел боп , Күн –ері,
Толықсып тұрған шақ болған .
Нұрлары балқып екеуі
Қосылысқан бір мезгіл
Айнала жұлдыз –балалары-
Жайнаған өңшең алмас гүл.
Жайнатып бақытын қоймаға
Өтірік, өсек жайылған.
Көрместей қылып бір –бірін ,
Дұшпан қып бұларды айырған
Осы күнде тәкәппар
Күн көкте жайнайды.
Сәулесіне алтын мәз болып,
Күн ұзын көкте ойнайды.
Бақыты мол адамдар ,
Көрмеген қасірет жамылып,
Оған еш зат тең келмес,
Тәңірі қып жатқа табынып.
Түн болса аппақ қайғылы,
Қорқып қана Ай туар.
Апалап ерген артында ,
Балалары –жетім жұлдыздар .
Бақытсыз жанға жас қыздар,
Қайғыда оны ес көрер .
Мұңын жцрлап аулақта,
Ащы,ыстық жас төгер.
Айнымас әйел көңілімен
Айбынды Күн күйеуін ,
Ұмытқан жоқ Ай сорлы
Әлі күнге сүюін.
Кешкі мезгіл көп уақыт,
Дірілдер , қорқар , ағарар.
Жұқа бір бұлт астынан ,
Батқан күнге он қарап
Жүрегі жанып мұңайып,
Көзінен күнді батырад.
Айтатындай өтініп,
«Тоқта!-деп , -балалар шақырады »
Тәкәппар күн қарамас ,
Мұңды айдың түстіне .
Онан жаман қызарар,
Ашу сыймай ішіне
Айыпсыз айға қарамай ,
Жатары барып- тұл төсек
Күн мен де Айды айырған ,
Неғылмас дейсің бұл өсек.
Шығармалары бір тілден екінші тілге аударғанда, сөз орнын ауыстыру , бір сөздің орнына басқа синонимдер алу –аударманың жалпы заңы . Соған байланысты М. Жұмабайұлының аудармалары осы айтылғанға сәйкестей отырып оларды дәл және ерікті аудармалар дәл айтуға болады.Оның көптеген тамаша аудармалары бір тілден екінші тілге аударылғанда сақталынуға керекті шарттардың негізін дұрыс ұғынған адам. Шығармалардың немесе өлеңнің мазмұны түріне әр түрлі әдіс қолданылады. Ішіндегі дәлме –дәл аударуға келетіні болса оған жақын келетін ұқсас нұсқаларын тауып аударған. Бұлай аудару көпшілігімізге мәлім. Бір тілден екінші тілге аударғанда қолданылатын ежелгі әдістің бірі . Мағжан аудармалары - өз тіліндегі көркемдік құнды құлаққа нанымды , көңілге жағымды етіп аударылған шығармалар . Ал, бұл қасиет аудармалардағы құнды қасиеттердің бірі . Шығармадағы әдемілік қасиеттермен терең ұғымдар қазақ тілінің мейілінше байлығынан шығар. Тілдің байлығын, көркемдігін дәл пайдалану ұқсата қолдана білу - аудармашының таланттылығы. М.Горький, Гете,Гейне,Мятловтан ,Лермонтовтан т.б ұлы таланттардан алған үлгі-өнегесі. [12,138-б.]
Осы айтылғандарды қорыта келгенде аударма жөнінде қазақ әдебиеті тарихында да Мағжан Жұмабаевтың орны ерекше деп айтқымыз келеді. Өйткені қазақ әдебиетін жоғары сатыдағы үлкен идеялы әдебиетпен таныстырып рухани тіршілгі мен мәдениетімен тәсілдерін көрсетіп кейінгі ұрпаққа үлгі етті. Ал аударма қазіргі таңда да өз мәнін , қажеттілігін жойған жоқ.
Жалпы тілдердегі тұрақты тіркестер атаулының бәрі аударма практикасы үшін де, теориясы үшін де ең қиын , ең күрделі проблема . Яғни тілдер құрылысы басқа топтарға жатса , тілдік дәстүрлі эквиваленттері аз болса және осы тілдерде сөйлейтін халықта ұғымында қалыптасқан әдет –ғұрып, салт –санаға байланысты өзгешеліктер көп болса өлеңдерді бірінен екіншісіне аудару оңайға түспейді . Сондықтан да өлеңдерін аудару кезіндегі ең қиын да күрделі процестің бірі - осы ұлттық ерекшелікті сақтай отырып аудару . Себебі ұлттық өрнек –халықтың қанына , сүйегіне сіңген асыл қас иеттерден туатын болдмыс пен тірлік дүниесімен біте қайнасқан біртұтас нәрсе.
Бұндай ұлттық өзгешелігі көрініп тұрған неміс тілі қазақ тіліне мәндес , сәйкес келе бермейді. Оларды аударғанда –аударма тілін түсінікті ету үшін, ұлттық ситапыт сақтау үшін, ең алдымен олардың табиғатын жан –жақты түсіну , шығуына негіз болған жағдайларды білу –үлкен көмегін тигізері сөзсіз.
Қалыптасқан өлеңдері басқашалау болып шығуы мүмкін . Алайда, бұған үрке қарауға болмайды . Себебі тілдің негізгі функциясы қатынас құралы екені белгілі. Ал мұндай жаңа өріс тіліміздің аясын кеңейте түседі. Бұл аудармашыға екі тілдің бүге –шүгесін біліп қана қою аз, сол тілдердегі сөз байлығының ішкі мүмкіндіктерін ұғатындай қабілет керек.
Сонымен бір халықтың әдеби мұрасын екінші тілге аудару кезінде екі тілдің өз өзіне тән неше алуан ішкі заңдылықтарының сырына үңілуге мүмкіндік туып, салыстырулар кезінде әр қилы тәсілдер, заңдылықтар ашылады. Неміс тілінен қазақ тіліне аударғанда ол тілді білмейтін қазақ оқырмандарының немісше танысуға мүмкіндік берумен қатар оларды аудару арқылы, балама, іздеу арқылы ана тіліміздің даналық сөздің сөздік қорын байытамыз.