№4 Мәртөк орта мектебі
Ашық сабақ тақырыбы:
Мағжан Жұмабаев
«Сағындым» өлеңі
Өткізген: Жайшылыкова
Ф.Ж
2015-2016 оқу
жылы
Күні:
Пәні: Қазақ
әдебиеті
Класы: 5
«А»
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Сағындым»
өлеңі
Мақсаты:
а)
Білімділік: оқушыларға бүкіл
өмірін Алашына арнаған ұлы ақын
Мағжан Жұмабаев туралы мәлімет беру, ақынның «Сағындым» өлеңінің
мазмұны мен идеясын меңгерту;
ә)
Дамытушылық: оқушыларға өлеңді мәнерлеп
оқыта отырып, ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа
баулу;
б)
Тәрбиелік: оқушыларға ақынның қаламынан
туған «Сағындым» өлеңінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың
бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін
сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың
түрі: Жаңа
сабақ
Сабақтың
әдісі: ой қозғау стратегиясы, екі
жақты түсіндірмелі күнделік, кейіпкерге
хат.
Қолданылған
технология: СТО жобасындағы
сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: Бүктеме, Мағжан Жұмабаев
суреті, бейнебаян,сөзжұмбақ, слайд, интерактивті тақта, қима
кестелер,плакттар,буклет, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих,
география
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, олардың
ынта-зейінін сабаққа аудару.
II. Психологиялық
дайындық.
Қайырлы күн
достым,
Қайырлы күн
болсын.
Аптаның әр кезі
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын
III. Үй тапсырмасын
тексеру.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
«Шілде» деген өлеңін жаттау. М.Жұмабаев туралы мәліметтер жинап,
оқып келу.
Сиқырлы
доп. Оқушылар шеңбер жасап тұра
қалады. Бір біріне кезек-кезек допты лақтыра отырып, әр оқушы
өлеңнің бір шумағын айтады.
IY. Топқа бөлу
Оқушылар смайликтер арқылы 4
топқа бөлінеді.
Y.Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ.
1. М.Жұмабаевтың анасының аты
кім?
2. М.Жұмабаев қай ауданда
дүниеге келген?
3. Уфада қандай медреседе
оқыды?
4. Мағжанның асырап алған
немересінің аты кім?
5. Қандай партияны құруға
қатысты?
6. Тұңғыш басып шығарған
жинағы
7. Ақынның дәріс алған татар
жазушысының есімі?
8. Ақын қандай айыппен
сотталды?
9. Қай ақыннан бір қыс бойы
орыс тілінен дәріс алды?
10. Жақсы меңгерген тілдерінің
бірі
11. Қандай семенарияны үздік
медальмен бітірді?
12. Туған жеріне арнап қандай
өлең шығарды? …..көл
13. Қай жерде
әдеби –көркем институтында
оқыды?
14. «Артқы күнге анық қалуға
жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп айтқан
кім?
Міне, бүгінгі сабағымыз бес
арыстың ішіндегі бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын М.Жұмабаев
туралы болмақ. Балалар сендердің ізденіп келген мәліметтеріңе
қосымша деректермен таныс болайық.
Слайдтан қосымша
деректер.
1929жылы ол «Алқа» атты
жасырын ұйым құрды «Ұлтшыл» деген айыппен сотталады. Шын мәнінде
бұл әдеби үйірме болатын. 1938 жылы 19 наурызда халық жауы деген
атақпен ату жазасына кесілді. Сонымен қоса ақынның шығармалары да
қараланады. Тек содан кейін жарты ғасыр өткен соң ғана ақынның
қаламынан туған шығармалары қайта жаңғырды. 1960жылы ғана
ақталды.
Осыншама ауыртпалықты көрген
жаны жаралы ақынның жеке басында да көптеген қиыншылықтар
болды.
1917 жылы Шоқанның інісі Жақып
төренің қызы – сұлу Зейнепке үйленеді. 1919 жылы Зейнеп балаға
босану кезінде қаза болады. Азамат есімді ұлы бір жасында шетінеп
кетеді.
Ұлжан Жұмабаева ақын Мағжан
Жұмабаевтың немересі. Ол Мағжанның қара шаңырағында өсіп,
тәрбиеленді. Ақынның адал жары болған Зылиха Мағжанның басына
түскен барлық ауыртпалықты оқып жүрген кезінде де, 30-шы жылдардағы
қуғын-сүргінге ұшыраған тұста да, лагерьде айдауда болған жылдары
да онымен бірге бөлісіп өтті. Ол Мағжанның ағасының немересін
Ұлжанды асырап алған болатын.
Мағжанның поэзиясы.
YI. Қызығушылығын ояту.
–Балалар сендер үйден жырақта
жүргенде, алыста болғанда қандай сезімде
боласыңдар?
–Дұрыс айтасыңдар сендерді
сағыныш сезімі бойлайды. Сол сәттерде кімді немесе нені
сағынасыңдар?
Ақынның «Сағындым» өлеңін
оқымас бұрын алдымен өзіміз «Сағыныш» сөзінің мағынасын қалай
түсінеміз? Кітабымызды жауып қойып, бір сәт «Сағыныш» деген сөздің
тереңіне бойлап, әңгімелеп көрелік.
Жақсы, балалар! Біз «Сағыныш»
деген сөздің мағынасын әрқайсысымыз әр түрлі түсінеміз. Ол көзге
көрінбейді, тек жүрекпен, көңілмен, санамен ғана сезілетін дерексіз
ұғым.
Сағыныш-сырлы да сиқырлы
сезім. Туған үйіңнен, туған жеріңнен жыраққа кетсең,
алдымен ата-ана, бауырларыңды, достарыңды іздеп, олардың жақсы
істерін қимастықпен еске алып отырасың. Неге? Өйткені жүрегіңді
әлдебір сағыныш сезімі жаулап алуда.
Сағыныш-адамгершілігіңді
танытар үлкен сезім. Жүрегі қатал, мейірімсіз адам сағыну дегенді
білмейді. Ондай адам адамдықтан ада қалады. Жаратылыс заңы бойынша
өмірде адамдар бірін-бірі іздеп, бірін-бірі сағынуға тиіс. Сонда
ғана әлемде жауыздық, жамандық атаулы жоғала
бастайды.
Кезінде жазықсыз жалаға
ұшырап, тұтқындалғанда М. Жұмабаевтың Омбы түрмесінде отырып жазған
"Сағындым" өлеңімен танысамыз.
Олай болса, мына бейнебаянды
тамашалайық. Мағжан ақынның «Сағындым» өлеңін оқыған атақты
киножұлдызымыз.
Бейнебаян
YII. Кітаппен
жұмыс.
Оқушыларға «Сағындым өлеңін мәнерлеп
оқытамын.
Постер
қорғау. Өлеңді оқыған кезде қандай
әсер алдыңдар.
Топтық жұмыс.
І
топ: Ақын нелерді, кімдерді
сағынды? Топтастыру.
ІІ
топ: Анасына деген сағынышын өз
сөздеріңмен жеткізіңдер.
ІІІ
топ: Ақынға мінездеме бер.
Топтастыр. (мейірімді , бауырмал, қайратты, қайсар, иманды
т.б)
IV
топ: Абақтыны суреттеген өлең
жолдарын тауып оқы. Көз алдыңа елестетіп, абақтыдағы ақынның күйін
сипатта.
Ой толғау.
Төрт топқа әртүрлі тақырыптар
беріледі.(өз ойларын жазу).
І
топ Ана, өмірдің алтын кілті
сенде ғана
ІІ
топ Туған елін сүйе алмаған,
Сүйе ала ма туған жерін
ІІІ
топ Досы жақсының -өзі
жақсы
ІV
топ Бостандық- тәуелсіздік
нышаны.
Психологиялық
сұрақ. Сол заманда өмір сүргеніңде
Мағжан ақынға қандай көмек көрсетер едің?
Егер мен адвокат болсам,
Мағжан ақынның ақтығын, адалдығын заң алдында дәлелдеуге бар
күш-жігерімді салар едім.
Егер мен адвокат болсам, Мағжанның кінәсіздігіне
көзім жете тұра, оны қорғай алмасам, соттан Мағжанмен бірге мені де
ату жазасына кесуін өтінер едім.
Венн
диаграмма.Өршіл рухты, ұлы
ақындарымыздың бірі С.Сейфуллин. Оныңда өмірі Мағжан ақынымыздың
өміріндей. Оны да «Халық жауы» деп айыптап 1973 жылы абақтыға
қамады. 1938 жылы 23 ақпанда Алматы қаласынды атылды. 1957 жылы 21
наурызды ғана ақталды.
С.Сейфуллиннің «Сағындым»
өлеңін М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңімен салыстырыңдар.
Туғалы қапас көрмеген, Айналып-толғап
өсірген.
Көкіректе кектер кернеген, Ақ
сүтін беріп кешірген,
Талпынып құлаш сермеген
Тастамайтын есінен
Айтайын ішкі сырымды: Сағындым
ғаріп анамды.
Қайрымды қалың елі бар, Мал
бағып, шауып ойнаған,
Сарыарқа сары белі бар,
Үйреткен асау бойлаған...
Өрісті шалқар көлі бар Көк
жасыл шебі жайнаған
Сағындым мен кырымды. Сағындым
еркін даламды.
Өзенді, көлді жайлаған, Қымызы
бал шараптай,
Кермеге тұлпар байлаған,
Жігіті бағлан манаптай,
Хабарсыз арам ойлардан Тұлпары
тарпаң қанатты
Сағындым мен аулымды. Сағындым
бейбіт елімді.
Жібектей шашы оралған, Таулары
биік қиялы,
Қыпша белі кыналған, Орманы
шалғын миялы,
Еркесі қырдың бұралған Жылқы,
қой, сиыр, түйелі
Сағындым мен сәулемді.
Сағындым Арқа - жерімді.
Бекіту.
«Сиқырлы жүрекше» Жүрекшенің
ішінде сұрақтар берілген.
1. Мағжан Жұмабаев
кім?
2. Ақынның туған жерін
атаңыз.
3. Ақын қайда
оқыды?
4. Ақын қандай тілдерді
білді?
5. Мағжан қандай
ақын?
6. Ақынның қандай өлеңдерін
білесің?
7. Ақынның қандай поэмаларын
білесің? Қорқыт, Батыр Баян, Жүсіпхан
8. Мағжан неше ағайынды
болған? 9
9. Мағжанның достарын білеміз
бе? (М.Дулатыв,М.Әуезов,С. Сейфуллин, Ғ.Ибрагимов,Әбубәкір
Диваев)
10. Мағжанның бірінші әйелінің
аты кім?
11. Мағжанның анасының аты
кім? Гүлсім
12. Мағжанның әкесінің аты
кім? Бекен
Рефлексия.
Не
білемін?
|
Нені білдім?
|
Нені блігім келеді?
|
|
|
|
Бағалау.
Әр оқушы өзін смайликтер арқылы
бағалайды.
Үй тапсырмасы
1.М.Жұмабаевтың“Сағындым”
өлеңіндегі өзіңді толқытып тебіренткен жыр жолдарын
жаттау.
2. «Мағжандай боп өсемін»
тақырыбына шағын шығарма.