Материалдар / М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
4класс бойынша М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңі жоспары әріптестеріме сабақ жоспарын жасау барысында көмегі тиер деген ниетпен жолдап отырмын. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып құрылған жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
495
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Әдебиеттік оқу пәні

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

«Жарық жұлдыздар»

Күні: 13қараша

Мұғалімнің аты-жөні: Турсынбекова Халида Хамитовна

Класы: 4 «А»

Қатысқандар: 19 Қатыспағандар:0

Сабақтың

Тақырыбы

М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

Оқушыларға «Жарық жұлдыздар» атты бөлім жайлы түсінік беру, Мағжан Жұмабаевтың өмірі жайлы мағлұмат бере отырып, «Түркістан» атты өлеңімен таныстыру, тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.

Сабақтың мақсаты:






Барлығы:

  • өлең мазмұнын түсініп оқиды;

  • сұрақтарға нақты жауап қайтара алады;

Көпшілігі:

  • «Түркістан» өлеңі жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеп, балалар тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыланады.

Кейбірі:

М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртады, тереңдете түседі.

Бағалау критерийлері:

Өлеңді түсініп оқиды

Өлең мазмұнын түсіндіре алады

М. Жұмабаев өмірі туралы білгендерін ортаға салады

Тілдік мақсат

Түрік – ұлт атауы.Түркі туыстас туысқан халықтар атауы. Екі дүние есігі –осы дүние мен о дүниенің түйіскен жері,қасиетті жер деген мағынада. Несібі –байлығы, Тұран –түркілердің астанасы, ұсап –ұқсап,енші алысу –ата-аналардың материалдық байлығынан балаларының алатын үлесі, Алаш –қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрікмен, татар т. б,Көксеу – сағыну

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығы аясында оқушыларға Түркістан қаласының тарихи маңыздылын ұғындыру

Пәнаралық байланыс

Тарих , дүниетану

Алдыңғы білім

Сұрақтарға жауап беру арқылы ақын-жазушылар туралы білімдерін тереңдетеді


Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



Ынтымақтастық атмосферасын орнықтыру. Оқушылардың оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аудару. Оқушылармен амандасу, ежелгі қалалар суретін құрастыру арқылы топқа бөлу. Оқушылар шеңбер құра отырып, бір-біріне жақсылық тілейді.



Ежелгі қалалар суреті

Үй тапсырмасын сұрау. «Шынжыр» ойыны




Қызығушылықты ояту

Қазір, оқушылар біз бір сәтке көзімізді жұмып алдымызға түнгі аспанды елестетейікші. Сұрақ:

-Біз не көріп тұрмыз, балалар?

-Түнгі аспан, жарық жұлдыздар т.б.

Олай болса, қазір барлығымыз сол қою қара аспаннан өз жұлдызымызды таңдап алайықшы, және оны алақанымызды соза отырып, жүрегімізге жақын тартып, сонан соң жай ғана босатайық. Сол сендер таңдаған жарық жұлдыздарың болашақта сендерге анық жол көрсетіп, сендерді жақсылыққа жетелеп, арман-мақсаттарыңа жеткізеді деген сенімдемін.

Сұрақ: - Балалар, «Жарық жұлдыз» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Жұлдыздар



«ББҮ» сызбасы


Сабақтың

ортасы
















Жаңа сабақ М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңі

Қазақтың маңдайына біткен «Жарық жұлдыздардың бірі –Мағжан». «ББҮ» әдісі бойынша Мағжан Жұмабаев – қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларының бірі болған. Мағжан – әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға. «Түртіп алу» әдісі Оқушыларға автор жайлы мағлұмат бере отырып, тың деректерді дәптерлеріне жаздыру.

Мұғалім автор жайында мғлұмат береді.

Бейнеролик «Түркістан» туралы

«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.

М. Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын. Түркістан қаласы- тарихын тереңнен алатын, ежелгі қалалардың бірі.(тарихпен кіріктіру)

- Өлеңді электронды нұсқада тыңдату

- Түркістан туралы не білеміз?

- Түркістанның ескі атаулары қандай?
Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі.

Тақтадан Түркістан туралы бейнебаян көрсетіледі.

«Ротация» әдісі 1-тапсырма

1-топ М.Жұмабаев өмірі

2-топ М.Жұмабаев өлеңдері

3-топ М.Жұмабаев оқыған кезеңдері

4-топ М.Жұмабаев оқыған қалалары


Презентация М.Жұмабаев өмірі








Бейнеролик «Түркістан» туралы





Қазақстанның физикалық картасы



Әдебиеттік оқу пәні . Т.Әбдікәрім., С.Рахметова., Р.Базарбекова. Атамұра-2015

Оқулық 75-бет.


Флипчарт


Сабақтың соңы



Қазіргі Түркістанмен бұрынғы Түркістанды салыстыру.

Венн диаграммасына салу

Венн диаграммасы


«ББҮ» әдісі бойынша сабақта не үйренгендерін жазады. Постерлерін оқып, жауаптарын толықтырады.

«ББҮ» кестесі



Рефлексия


Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі бойынша тақтадағы бағдаршамсуретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар бағдаршамның үш түсіне стикер жапсыра отырып сабақты түсінік деңгейін білдіреді.

Үйге тапсырма: М. Жұмабаев эссе жазу

«Түркістан» өлеңді жаттау.

«Бағдаршам» суреті


Әдебиеттік оқу пәні . Т.Әбдікәрім., С.Рахметова., Р.Базарбекова. Атамұра-2015

Оқулық 75-76 бет



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!