Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі құндылықтар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Толқынмен толқын сырласып…» (М.Жұмабаев шығармалары бойынша зерртеу жұмысы)
Тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі құндылықтар
Проблемасы: Өлеңдегі құндылықтардың жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні
Проблеманы шешудің болжамы: шығарма сюжеті бойынша құндылықтардың түрін жіктеу, ұқсас шығармаларды салыстыра талдау арқылы ортақ шешім шығару. Шығарма түйінін бүгінгі күнмен сабақтастыру.
Пәні мен нысаны:әдебиет пәні, «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңі
Мақсаты: «М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі құндылықтар» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізу
Міндеті:
-
Әдебиетіміздегі Ескендір образы арқылы батырлықты, ерлікті дәріптеу;
-
Шығармадағы құндылықтар мәселесін жан-жақты талдау;
-
«Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі нағыз адамдық белгісі – тілге сақ болу керектігін дәлелдеу;
-
Өлеңде көтерілген мәселенің бүгінгі күндегі өзектілігін анықтау.
Әдіс-тәсілдері:салыстыра талдау,зерттеу.
Ақпарат көзіне талдау: Д.Бабатайұлы «Шаштараз» мысалы, М. Жұмабаев «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңі, А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы.
Жоспар:
І. Әдебиеттегі Ескендір бейнесі
ІІ. Құндылықтар – көркем шығарманың негізі
2.1. «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтар
2.2. «Ескендір» поэмасы мен «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың көрінісі
ІІІ. Өлең идеясының бүгінгі күндегі маңыздылығы
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Болашаққа тәуелсіз мемлекет ретінде қадам басқан қазақ жастарын, келешекті тәрбиелеуде, М.Жұмабаев шығармашылығы орасан зор ықпалын тигізеді деп білеміз. Сондықтан да, «М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі құндылықтар» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізу – ғылыми жобамыздың басты мақсаты болып табылады. Осы арқылы құндылықтарды аша отырып, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды зерделеп;адами қарым-қатынастың озық үлгілері арқылы гуманистік көзқарасты жан-жақты талдамақпыз. Ғылыми зерттеу жұмысын жазудағы басты мақсатымыздан төмендегідей міндеттер туындайды:
-
Әдебиетіміздегі Ескендір образы арқылы батырлықты, ерлікті дәріптеу;
-
Шығармадағы құндылықтар мәселесін жан-жақты талдау;
-
«Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі нағыз адамдық белгісі – тілге сақ болу керектігін дәлелдеу;
-
Өлеңде көтерілген мәселенің бүгінгі күндегі өзектілігін анықтау.
Зерттеу жобасының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
https://adebiportal.kz/kz/multimedia/audio/magzhan_zhumabaevtin_olenderi__373
М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңі қазақ арасына кең тараған ауыз әдебиеті үлгісінің сюжеті негізінде жазылған. Қазақ фольклорының құрамында Шығыстан келген бірталай жырлар мен ертегілер бар екені баршаға мәлім. Солардың бірі – Ескендір Зұлқарнайын туралы ертегілер. Ескендір туралы қағаз бетіне түскен қазақ ертегілері негізінде екі сюжеттен тұрады. Бір сюжеттің мазмұны мынадай: Ескендір патшаның басында мүйізі бар; мүйізін ешкімге көрсетпеу үшін ол шашын алған адамдарды түгел өлтіріп отырған. Ең соңында бір шаштаразшы тірі қалады. Бірақ ол Ескендірдің мүйізі туралы құпияны жасыра алмай, құдыққа барып айқайлайды. Құдықтан қамыс өседі. Ол қамыстан бір қойшы сыбызғы жасайды. Ал сыбызғы Ескендірдің мүйізі туралы ән салып елге жариялайды.
Низами тұңғыш рет гректердің есек құлағы бар Мидас патша туралы аңызын Ескендірге әкеп таңады. Сөйтіп барып, енді Мидастың орнына Ескендір пайда болады. Бұл сюжеттің төркіні – ертедегі гректердің есек құлағы бар Мидас деген патша туралы мифі. Мұнда да Мидас патша үлкен құлағын елден жасырып жүреді. Бірақ, амал не, жоғарыдағы әңгімедей, оның құпиясын сыбызғы елге хабарлап қояды. Көріп отырсыздар, гректердің мифінде Мидас патшаның есек құлағы бар да, қазақ ертегілерінде Ескендір патшаның мүйізі бар. Басқа еш өзгешелік жоқ. Сюжет біреу-ақ. Ескерте кететін бір жай – Ескендір тек қазақ ертегілерінде ғана емес, көптеген шығыс халықтарының ертегілерінде де қос мүйізді патша боп көрсетіледі.
Белгілі ғалым Е.Э.Бертельстің дәлелдеуінше, Ескендір туралы алғашқы аныздар мен әңгімелер оның өз сарбаздарының арасында туған. Ол әңгімелерді көпшілікке таратқан да – осы сарбаздар.
Гректерден сириялықтарға келген Ескендір қос мүйізді болып бейнеленеді де, «Зұлқарнайын» («Қос мүйізді») деп аталады. Содан барып, оған ерекше күш, айбын, тіпті ерте Египеттегі жануар басты құдайлар мен патшаларға тән қасиет танылады. Себебі Шығыс халықтарының ерте заманғы түсінігі бойынша, адамға біткен мүйіз – ерекше бақыттылықтың аса бір ерекшеліктің айғағы есепті. Мұндай түсінік қазақтарда да сақталған. Мысалы, қазақта: «сонда шыққан мүйізің қайсы?» – деген тіркес, «артықшылығың қайсы?» деген мағынада қолданылады.
Махмуд Қашқаридің кітабындағы әңгімелерге қарағанда, түрік халықтары Ескендірді қатал, жаугер адам деп білген. Сондықтан да бұл халықтардың арасында Ескендірдің қаталдығын көрсететін Зұлқарнайынның жасырын мүйізі жөнінде және еш күнәсіз өлтірілген шаштаразшылар жөнінде әңгіме кең тараған.
Демек, Ескендірдің мүйізі туралы сюжетке құрылған қазақ ертегілерінің төркіні – Низамидің «Ескендір-намасы».
Ескендір туралы қазақ ертегілерінің екінші бір сюжетінің төркінін ашуда көңіл аударарлық шығармалардың бірі – XIV ғасырда жазылған Рабғұзидің «Қисас-ал-анбия» кітабы. Бұл кітап ескі аңыздардың, Фирдауси мен Низами шығармаларының Құран мен Тафсирдің үзінділерінен құралған. Құр үзінді ғана емес, оларға қиял-ғажайып ертегілер де араласқан. Осы кітапта «Ғайнылхаят» суын іздеген Ескендір мен Қызыр туралы ертегіні кездестіреміз. Біздің ойымызша, Ескендір туралы қазақ ертегілерінің екінші сюжеті, яғни «өлмес» суды іздеген Ескендір, Қызыр, Ілияс туралы әңгімелері, осы «Қисас-ал-анбиядан» алынған.
Абай ақындық кемеліне келіп, таланты әбден толысқан кезде «Ескендір»
поэмасын жазды. Ақын ойының ішкі қуаты мен суреткерлік шеберлігін де, өмір материалының кесектігі мен гуманистік ой-пікірлерін тереңірек
танытатыны да - «Ескендір» поэмасы.
Шығарманың негізгі тақырыбы - адамгершілік, қанағат, рақымшылық.
Идеясы - әділет пен даналықты дәріптеу, ашкөздіктен сақ болу, пендешіліктен арылу, ол үшін иманды болу, ұятың мен арыңды сақтау. Абай поэмасының көлемі шағын болғанымен, мазмұны эпикалық жүк арқалап тұр, себебі мұнда адамзат баласына ортақ адамгершілік қасиет пен адамның биік мұраты туралы кесек ой айтылған.
Поэманың басты кейіпкері Ескендір - Еуропаға Александр Македонский
деген атпен белгілі болған ірі қолбасшы, Шығысқа Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған.
Ә.Фирдоусидің «Шах-нама», Низамидің «Ескендір-нама», Жәмидің «Ескендір даналығының кітабы», Науаидың «Ескендірдің қорғаны» дастандарында оның образын ардақтап көрсеткен. Ескендір Зұлқарнайын хақында қасиетті Құран- Кәрімнің Кәһф сүресінің 83-97-аяттарында да баяндалады.
Абай мұсылмандық шығыс ғұламаларының бізге жеткен мұрасының барлығымен таныс болған. Бірақ Абайдың «Ескендірі» бұлардан мүлде бөлек. Неге? Поэманың «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деп басталуында үлкен сыр жатыр. Академик Сейіт Қасқабасов «Ескендір» поэмасының сюжеттік негізі» деген мақаласында «Ескендір» поэмасының қазақ арасында әпсана, хикаят, жыр түрінде тарап, қос мүйізі бар Ескендір мен өлмес су іздеген Ескендір жайындағы әпсана-хикаяттардың сюжеттік негізі Низамидің «Ескендір-намасы» мен Рабғузидың «Қисса-сул-әнбиясынан» таралғанын, ал Абайдың «Ескендірі» ежелгі дәуірдің аса құнды жазба ескерткіші - «Талмуд» кітабына апаратынын алға тартады. Бұл кітаптың «Агада» деп аталатын бөлімінде Ескендір туралы бірнеше мысал-әңгіме бар. «Агада» - біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырлардан бастап ауызша айтылып келген алуан түрлі мысалдар мен әңгімелердің, ертегілер мен әпсаналардың біздің жыл санауымыздың III-V ғасырларында жазылып алынып, «Талмудқа» енгізілген шығармалардан тұратын жинақ».
XIX ғасырдағы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті өкілі болған
француз Альберт фон Шамиссо (1781-1838) осы кітаптағы сюжет негізінде
«Ескендір туралы аңыз (Талмуд бойынша)» деген көлемді өлең жазған. Бұл
өлеңді орыстың романтик ақыны В.А.Жуковский (1783-1852) 1844 жылы еркін аударып, «Москвитянин» журналының 1845 жылғы №1 санында жариялайды. Осылайша Ескендірдің жұмаққа барып, қу бастан басқа ештеңеге ие бола алмағаны туралы ежелгі Талмудтағы сюжет ХІХ ғасырда орыс әдебиетіне Жуковский арқылы келс, қазақ даласына Абайдың «Ескендір» поэмасы арқылы таралған. Шығармада үш кейіпкер бар: Ескендір, күзетші, Аристотель.
Ақын «Ескендір» поэмасында сюжет көлемін шағын ала отырып, диалог, баяндау, суреттеуді қолданады. Философиялық шегініс элементтерін пайдаланады. Поэманың идеялық мазмұнын автор сөзімен, яғни ғибратты түйінмен бекіткен. Поэма мазмұны әлемге аты әйгілі қолбасы, жорықшы Ескендір Зұлқарнайын, яғни Александр Македонский туралы аңыз-әңгіме желісіне құрылған.
Зерттеушілердің пікірінше, Абай Ескендірдің шығыс ақындарының шығармаларында сомдалған бейнесінен өзге тарихи деректерді білген. Оның жер жүзін жауламақ болған ниеттегі жорықтары, қанқұйлы әрекеттері мен қатыгездігі туралы аңыздар ақын шығармасының идеялық мақсатына негіз болған. Ақын шығарманың басында-ақ Ескендірді «мақтансүйгіш, қызғаншақ адам екен» деген мінездеуден бастайды. Ескендірдің жер жүзін жауламақ болған тойымсыз, ашкөз, мақтаншақ әрекетін сынға алады. Поэманың гуманистік сипатын толықтырып тұрған кейіпкер – Аристотель. Таразы басына салынған бас сүйекті бір уыс топырақпен басатын Аристотель шығармадағы Ескендір жауыздығын да әділ түйінді сөз таразысымен жеңеді. Поэманың көлемі шағын, тілі жеңіл, оқиғаның баяндалуы бірізді, оқырманын көркем шешімге жетелеп отырады.
https://bilimland.kz/kk/search?q=ескендір
Жалпыадамзаттық құндылықтарға Отан, отбасы, тәрбие, білім, махаббат, достық, бейбітшілік, теңдік, бостандық, ана, дін, өнер, сенім, жауапкершілік, адалдық, ерлік жатады. 27-бет,8-кл.
Болсаң да жалғыз жапанда,
Сырыңа, құрбым, берік бол!
Күбірлесе-ақ ауызың,
Әкетер қағып жүйрік жел,-деген жолдардан тәрбие көзін аңғаруға болады. Әр адам өсек-әңгіме айтпауға, сырын жұртқа шашпауға өз-өзін тәрбиелеуі керек. Өлеңнің осылай басталуының өзі өмірдегі ең үлкен мәселе – сырға берік бола білу керектігіне үйретеді.
Ертегі ерте күндерде
Ескендір атты хан болған.
Бесіктен көрге кіргенше,
Көргені қызыл қан болған.
Заманында Ескендір
Жеті ықылымды билеген.
Асқан алып, киелі,
Түссе де отқа күймеген.
Ескендірдей алыптар
Дүниеге енді туа ма?-үзіндісінде басты кейіпкердің өзіне жауапкершілік артып, билікті мығым ұстағанын байқаймыз. Жауларына теңдік бермей батыр атымен танылған Ескендірдің ерлік әрекеттері бесіктен белі шықпай жатып күллі әлемге танымал болғандығына көз жеткіземіз. Әдебиеттегі Ескендір туралы аңыз-ертегілерде, Абайдың поэмасында, Мағжанның өлеңінде болсын батырлық тұлғасы ерекше дәріптеледі.
Айтады оған Ескендір:
«Қорықпа, құлым, бері кел!
Тұрам десең дүниеде,
Аузыңа бірақ берік бол!». Осы жолдарда басты кейіпкердің шаштаразға сенім артқан тұсын айқын аңғарамыз. Жалпыадамзаттық құндылыққа сенім мен сенімді ақтау мәселесі енеді. Шаштараз өзіне сенім артқан адамның сенімін ақтай алды ма? Біреудің аманаттап берген сырын қаншалықты сақтай алды?
Өз ажалына асыққан шаштараздың басты қателігі – жасырын сырды аузынан шығару болды.
Аңғалдыққа бас ұрып, ішіне сыймаған сырын қамысқа сыбырлаған шаштараз өзіне –өзі ор қазды.
Автордың басты айтпағы – сыр сақтай алу да өнер екенін көрсеткісі келді.
Ұлттық құндылыққа ар, намыс, ана тілі, діл, рух, тәубашылдық, ризашылық, Отанының тарихы, туған жер, ізеттілік, парасаттылық, рақымшылық, қанағатшылдық, ата салты, дәстүр жатады. 27-бет. 8-кл
Заманында Ескендір
Жеті ықылымды билеген.
Асқан алып, киелі,
Түссе де отқа күймеген.
Ескендірдей алыптар
Дүниеге енді туа ма?
Алып адам денесін
Сынап-мінеп бола ма? Бұл үзіндіде басыт кейіпкердің рухты, мықты жан екенін көреміз. Өзгелерден артылып туған билеушінің нысаналы болып өмірге келуі де оның жай адам еместігін аңғартады. Біреудің кемшін тұсын немесе өзгешелігін сөз ету –қазақ ұғымына жат нәрсе. Ұлттық ділге жататын тағы бір ерекшелігіміз – біреудің ар-намысын аяқасты етпеу. Намысты Ескендір ердің рақымшылық жасап, шаштаразды тірі қалдыруы да адамгершіліктің белгісі болатын. Өзгеге көрсетпеген ізеттілікті осы шаштаразға көрсеткен еді, алайда сенім үдесінен шыға алмаған шаштараз біреудің құпиясының әлемге таралуына ықпал етті. Халқымыз «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды»деп бекер айтпаған болатын. «Үй менікі демеңіз, үй сыртында кісі бар» деген мәтелдің өзінен біраз нәрсені байқап-бағамдауға болады.
Ескендірдің
басында
Екі мүйіз –
нысана!
Жабайы жұртқа
көрсетсе,
Қасиеті қала
ма?
Қос мүйізін
жасырып,
Ескендір ер
жасынан
Алмайды екен еш
уақыт
Дулығасын
басынан,-деген өлең тармақтарынан ұлттық ділдің көрінісін
байқаймыз. Тіл, көз, сұқ тиеді деп қазақ халқы киеге ерекше
қараған. Мүйізді қасиетке балаған Ескендірдің шындықты көптен
жасыруының өзі кие ұғымына келіп тіреледі. Басқа біткен мүйіздің
қасиеті кемімесін деп жасырын ұстауы ата дәстүрін ұстанудың бір
белгісі десек те болғандай.
Жел өндірді у жырын.
Жырлады, құшты, улады,
Біліп алды бар сырын.
Сырын біліп алды да,
Қоштасып сүйіп, сыбырлап:
«Ескендірдің мүйізі!» –
Деп жөнелді жыбырлап.
Таң атқанша жүйрік жел
Жүгіруден талмады.
Ескендірдің мүйізін
Білмеген жан қалмады,-деп жырлаған Мағжан ақын сөздің «желмен ұшып тез тарайтынын» дөп басып айтты. Аманатқа қиянат келтірген, сырды жасыра алмаған кейіпкер «Айтылған сөз – атылған оқтың» құрбаны болып кете барды. Ескендір жасырын сырды біреуге айтсаң, басыңды аламын деп ескерткен болатын. Бұл жерде нағыз ердің бір сөйлейтінін айқын аңғарамыз.
Бабатайұлы Д. Замана сазы: Өлеңдер мен дастандар / Құраст., басп. əзірл. Қ.Өмірəлиев. — Алматы: Жазушы, 1991
— 160-б.
Дулат жыраудың дастандарынан өзіне тəн ой-өрнегі, сөз кестесі анық көрініп тұр.
Ақынның бірегей бітімді туындыларының ішінен «Шаштараз» шығармасын [2; 141–146] ерекшелеп айтуға болады. «Шаштараз» — мысал стилінде жазылған поэма. Мысалдың мазмұнына халық арасына кең тараған Ескендір патша туралы бір аңыз негіз болған. Аңыз бойынша Ескендірдің басында қос мүйізі болыпты-мыс. Патша оны жасырып жүріпті. Шашын қиып, тарап, күтіп тұру үшін сыр шашпайтын, аузына берік шаштараз таптырып, одан ант алып, сұрағанын беріп, шашын алдырып жүреді. Шаштараз уəдесін біраз күн ұстап жүргенмен,күндердің күнінде уəдені бұзып алады. Қанша айтпайын деп жүрсе де, ол ішін кернеген сырды жасыра алмай, ақыры далаға оңаша шығып, жерге етпеттеп жатып: «Патшаның басында мүйізі бар»
— деп қалады. Аузынан құпияның шығуы мұң екен, жел естіп, желден ел естіп тарап кетеді. Бейшара шаштараз аузына ие бола алмай басынан айрылады [3; 458–459].
«Шаштараз» дастанында: дүниені уысында ұстаған патшаның басында қос мүйіз болады. Оны жан баласы сезіп қойса, бақыты таяды екен. Патша тәжін басынан ешқашан түсірмейді. Шашы өсіп, патшаның сиқын кетіреді. Сонда шаһардағы ең епті шаштаразды шақырып алып, сырын ашып
айтады. Не сұрасаң бәрін беремін, қолдан келетін көмегін аямайтынын ашық айтады. Үй де, ділда да, жиһаз да, қызметшілеп де, саят құруға құс та, құралайды көзге ататын мерген де, құшағыңа сұлу қыз да беремін деп уәде етеді.
Дүнияда не қажет,
Керегіңнің бәрін ал –
Қызметкер –
күң мен құл,
Әлі жиһаз, тірі мал.
Алғыр құс, атқыш мерген бар,
Саясаттап сайран сал.
Ұнатып елден сұлу сүй,
Лебізі тәтті, шәрбәт –бал.
Бірақ саған үш түрлі
Қоятұғын шартым бар»
[2;93],- деп былай дейді.
Біріншіден, басымдағы қос мүйізімінің барлығын құпия ұстайсың, екіншіден, басқаның шашын қимайсың, үшіншіден, аузыңнан шыққан сөзге ие боласың дейді.
Шаштараз міндетін атқарады. Мүйізді көрген соң, есінен танады, іштей булығып айтқысы келеді. Бірде таң алдында, алакөбеде шаһардан шығып, ен далада етбетінен жатып, көрген-білгенін шыдай алмай ақыры қара жере сыбырлап қояды.
«Кеше күндіз патшаның
Шашын алып берді, - деп,
Қасиетті басынан
Қос мүйізін көрдім», - деп,
Жерге төсеп ауызын,
Өзінен-өзі күбірлеп,
Мақтан тойын тойлайды
Кеудесінде дүбірлеп.
Мың қайтара айтқанда
Ортайды куде толғаны.
Сілесі қатып ұйықтады,
Естіген адам болмады»
[2;95],Ішіндегі бар сырын жерге айтып, жеңілдеп қалғанын сезеді. Бірақ, аузынан шыққан сөзі,топыраққа сіңеді, топыраққа сіңген сөзі жеті жыл жерде сақталып, шаштараз ішіндегі сөзін айтқаннан кейін сауық- сайран салып, айтқан сөзінің жерге сіңіп кеткенін де білмейді. Күндер, айлар, жылдар өтеді. ол байлыққа кеңеліп, молшылықта өмір сүре бастайды. Патшаның ұсынған мол байлығына кеңеліп, өзіне лайықты жар таңдап бақытты ғұмыр кешіп жатады.
Күндердің-күнінде өзен тасып, сырын төккен ойпаң жерге құрақ өсіп, шаштараздың лебізін құрақ судырлап, жел жыбырлап, жалпақ әлемге жайып жібереді. Осы бір мезетте Дулат
ақын былайша баяндайды:
Көк құрақ басын иеді,
Жылы леп пен жылмақ жел
Бұраңдатып сүйеді,
Сылдырлатып ән салды..
Дүниеге хабар таралды,
Жел айтқанды ел айтып,
Патшаға хабар барады.
Қамыс айтты, жел айтты,
Ел айтқанда, шын айтты[2;97].
Серт пен сырға осалдық танытқаны үшін, шаштараздың басы алынады. «Ешкімді жамандама, қара жер де жеткізіп қояр» деген аталы сөздің мағынасы мен тағылымын жете түсінбегендігі ақыры түбіне жетеді. Екі елі аузыңа, төрт елі қақпақ сал деген қазақ мақалы бекерден-бекер айтылмаса керек.
Бабатайұлы Д. «Тұнық тұма» Алматы. Раритет, 2002
ж.
Поэманың түйініндегі ой — ұстамдылық, сырға беріктілік үлкен қасиет:
Елін баққан ер болмақ,
Жауын болжап, жер шолмақ,
Аузын баққан би болмақ,
Алыстан шолып, кең толғап.
Зейнеті көп пайдасы аз,
Айта берсең — бəрі сөз.
Құлақта қақас қоспа көп,
Дəл сөйленбес көрмей көз.
Сөз қоспай дəл айтпасаң,
Естіме, көрме, сөзден без.
Аузыңа ие болмасаң,
Бəле үйір, жала тез.
Аузыңнан шықса, жел есіп,
Жер түбіне жетер тез.
Осылайша,