Материалдар / М.Мақатаев әдеби сазды кеш
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

М.Мақатаев әдеби сазды кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
М. мақатаевқа арналған әдеби сазды кеш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Шілде 2018
498
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жырлайды жүрек» атты М. Мақатаевтың туған күніне орай поэзия кеші.


1-жүргізуші: Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім,

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттардан іздедім, сағаттан да,

Сені іздедім.

Іздеймін, тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!


2-жүргізуші: Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,

Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар.

Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, адамдар,- деп Мұқағалидың сәлемдесу салтымен амандасып алайық.

М.Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылып отырған «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық кешке қош келіпсіздер өлең сүйер қауым!

1- жүргізуші: Қуат алып Абайдың тіл күшінен

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен

Абай болып табынсам бір кісіге

Абай болып түңілем бір кісіден

деп Абайша жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев небәрі 45-ақ жыл өмір сүрді. Өртке тиген дауылдай өжет өлеңдерімен артына өшпес із қалдырды. Тірі болса ақпанның 9 –да 83 жасқа жеткен болар еді.

Олай болса бейнебаянға назар аударайық.

Ән: «Арыз жазып кетейін» орындайтын 8 Ә класс оқушысы

Камунов Сержан.

2-жүргізуші: Таудай едің, таудың алып тумасы,

Қарапайым қазақ едің турасы.

Қыр басында неге шөгіп жатырсың,

Ей, өлеңнің буырқан бурасы.-деп келе келесі кезекті ақынның өзі туралы «Менің анкетам» өлең шумағына береміз.

Оқитын 8 А класс оқушысы Жумагереев Мирас.

Ән: «Қуанышыңмен» орындайтын 2 А класс оқушысы

__________________________________________________________________


1-жүргізуші: Әлем- дархан, саялаңдар,

Бәріңе де орын бар.

Қорған емес салтанатты,

Сәнді сарай соғыңдар.

Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар,- деп жырлаған Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Тума дарын Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталып, өзі сүйген Алматысында аяқталған еді.

Өлең «Қайран, Қарасазым- ай!» оқитын 8 «А» класс оқушысы Назарбаев Елдуман.

2-жүргізуші: Мұқағали өмір сырын жырлаған

Жүрегінің айтқанын тек тыңдаған

Өлеңдері құдірет қой құдірет

Табылама сүймейтұғын бір адам-деп «Музаға» өлеңіне кезек берейік. Оқитын 8 Ә класс оқушысы Камунов Сержан.

1-жүргізуші: « Поэзия! Менімен егіз бе едің?

Мен сені сезесің бе неге іздедім? –

деп поэзиямен егіз жаратылған ақын кие жырдың шапағатына бөлене білді, сол жырымен бүкіл қазақтың жүрегінің түкпірінен орын алды, жыр сүйер қауымның піріне айналды. Бүгінгі жас ұрпақ өз сағынышын, жүректегі ыстық ықыласын Мұқағали өлеңдерімен жыр шашу етіп шашады.

«Поэзия» оқитын 8 «А» класс оқушысы Едилова Акдана.

2-жүргізуші: Өлмеу үшін, құлқыңды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін, -

деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап, өзі қазақ поэзиясында Абай салған соны соқпақ жолды жалғастырған Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді.

«Мен-дағы өлең жазбаймын» оқитын 7 «А» класс оқушысы

__________________________________________________________________

1- жүргізуші: Ойласам, талай-талай қыр басыппын,

Досым деп, «доңызбен» де мұндасыппын

...Шәміл-ау!

Қалың достан қалғаны сен ең, - деп ақын досы Шәмілге

жазған хаттарынан сыр шертейік.

Кезекті 9- класс оқушыларына береміз

2-жүргізуші: Ғашықпын!

Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба?

О, Тәңірім! Неткен жан ед қайрылмайтын,

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?! – деген сыршыл ақынның жастық алау шағында жазған махаббат, ғашықтық жайындағы өлеңдер топтамасы бір арна.

«Ғашықпын!» оқитын 9 «А» класс оқушысы Қонысов Абылайхан.

1-жүргізуші: Махаббат па, әлде басқа сезім бе?

Сезінбедім сол бір сәтте өзім де.

Қысқа өмірдің қызғылықты сәтінің

Негативі әлі менің көзімде.

«Махаббат диалогы» оқитын 8 «А» класс оқушылары Жетісов Мейрамбек пен Имамбаева Каусар.

ән: «Бақыт деген» орындайтын 8 «А» класс оқушысы Тузелова Нұрсұлу

2-жүргізуші: Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа,- деп дарынды ақынымыз жырлағандай, өлеңдері көркем қуатымен, еркелігімен халқының жүрегіне жол тауып жатты

«Қара өлең» оқитын 8 «А» класс оқушысы Тузелова Нұрсұлу

1-жүргізуші: Мұқағалидың еліне, халқына, Отанына,туған жеріне арнаған өлеңдері көп-ақ

Ең бірінші бақытым- халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің,- деп жырлағанын бәріміз жақсы білеміз. Кезекті жыр шумақтарына берсек.

«Үш бақытым» оқитын 8 «А» класс оқушысы Қыдырбаева Қолғанат.

2-жүргізуші: Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,

Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.

Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,

Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!

«Бесік басында» оқитын 8 «А» класс оқушысы Пірәлі Гүлдана.

1-жүргізуші: Аттанып бара жатыр аққу-қаздар,

Қош енді, қош болыңдар, гәкку-наздар!

Кеудемде күңіренген дастан қалды,

Киелі қанатымен аққу жазған.-деп ақынның «Аққулар
ұйқтағанда» дастанынан үзінді тамашалаңыздар.

Көрініс «Аққулар ұйықтағанда...»

Өлең «Ана сен бақыттысың» оқитын 9 «А» класс оқушысы Аймуханова Гүлсая

2-жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін

Бүтінделмей кеткен бір ер – тұрманы, - деп сардар ақын өзі жырлағандай ақын өлеңіне кезек берейік.

«Жазылар естеліктер мен туралы» оқитын 8 А класс оқушысы Базарбаева Света.


1-жүргізуші: Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,

Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар.

Сел-жырым ақтарылса арнасынан,

Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар:

Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар, -

деп тебіренген ақын жырының жалғасындай болып біздің мектебімізде Мұқағали жырынан үлгі алып, өз сезімдерін жырмен өрнектеп жүрген талантты шәкірттеріміз бар екендігін айтамыз.

Сіздердің алдарыңызда «Мұқағалиға арнау» өлеңімен 8 «А» класс оқушысы Түзелова Нұрсұлу.

2-жүргізуші: Жанарымды тұманмен тұмшаладым,

Серіппесі үзіліп тұр садағым.

Жігітінен қазақтың дос таба алмай

Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын. – деп қазақтың ақын қызына мұңын шағып еді Мұқағали Мақатаев. Ендігі кезекті Ақынымыздың «Фаризаға» атты әніне берейік.

1-жүргізуші Пір тұтқан Абай менен Махамбетті,

Дәл сендей болса болар, адам текті.

Егізі поэзияның қайран Мұқа,

Даңқыңды дабылдатты заман лепті

Халқыңның қазынасы жыр – дастаның,

Күні боп көңіліңнің нұр шашты анық.

Түбіне жүрегіңнің бойлатқандай.

Түңіле Фаризамен сырласқаның.

2-жүргізуші:

Жазбадың арзан ойлы жасық өлең,

Қашанда жасық жырдың бәсі төмен.

Жауладың жүректерін жас өркеннің,

«Аққулар ұйықтағанда», «Бәсіремен».

«Жырлайды жүрек» және «Өмір дастан»

Көпшілік көңілінің көзін ашқан.

«Соғады жүрек» пенен «Өмір өзен»,

Танытты ақынды өзі сөзі де асқан

Соғады жырмен ұлттың қан тамыры,

Ел аман, тәуелсізбіз, таңдар нұрлы.

Жасай бер, мәңгі бірге халқыңменен,

Қара өлең үшін дара- Хантәңірі!

Бейне ролик

1-жүргізуші: «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп Абай атамыз

айтқандай Мұқағали Мақатаев өмірден ерте кетсе де біз үшін, кейінгі ұрпақ үшін мәңгі тірі өшпес бейне, жүрегімізде жатталып, көңілімізде сақталып қалмақ. Әлі де бізбен бірге. Біз оны мәңгі есте сақтап, еске аламыз!


2-жүргізуші: Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,

Жақсы жыр жазсам халқым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда, өлеңді ешкім.

Расында да Мұқағалидың өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес дей отырып, «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық кешімізді аяқтаймыз. Сау – саламатта болғайсыздар!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!