М.Мақатаев "Әр өлеңі-бір әлем"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Мақатаев "Әр өлеңі-бір әлем"

Материал туралы қысқаша түсінік
әдебиетшілерге, кітапханашыларға іс-шара өткізуге дайын сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Әр өлеңі-бір әлемі» атты Мұқағали Мақатаев өлеңдері

Мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

М. Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Әдебиет- ардың ісі. Ақындар өз заманының пайғамбары, сөзі дуалы, сүйегі асыл.Ақын жүрегінде тулаған шалқар шабытты қасиетті қара өлеңге сыйдырып, бойындағы барын сарқып беруге жаратылған.Оның бар арманы да,мақсат-мүддесі де сол.Табиғи таланты мен дарынын туған халқының игілігіне жұмсау. Бүгінгі кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдаймыз. Өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ақынның өмір жолынан деректерге назар аударайық. Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931 жылы дүниеге келіп, 1976 жылы дүниеден өткен. Шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Жылдар сөйлейді, ақын хронологиясына келсек 1948–1949 жылдары - ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;

· 1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;

· 1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;

· 1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;

· 1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі Әдебиет және искусство журналында жарияланды;

· 1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;

· 1960-1962 жылдары - Советтік шекара газетінің бөлім меңгерушісі;

· 1963-1965 жылдары - Мәдениет және тұрмыс журналында жұмыс істейді;

Ал, енді Сәнгүл Ғосманқызы « Ақ кимешек», өлеңімен.

Ақын туралы қызықты 10 дерек: Ақынның лирикалық өлеңдерінің жалпы саны : 650-ден астам

Мұқағалидың 10 жасында әкесі соғысқа аттанған

Мұқағалидың аяқталмай қалған поэмасы: «Қашқын»

Мұқағали Мақатаевпен дос болған ақын қыз: Фариза Оңғарсынова

«Мұқағали да халыққа ұстаз болуға жарайды», - деген ойды кім айтқан: Бауыржан Момышұлы

Мұқағалиға Алтын қалам сыйлаған жазушы: Ғабит Мүсірепов

«Мұқағали жалғыздықты, мүләйім жағымпаздықты, әдебиеттегі саудагерлікті, жемқорлықты, бәлеқорлықты жан-тәнімен жек көрген ақын». Осы ойдың авторы: Шерхан Мұртаза

Ақын 2 мамыр 1974 жылы абақтыға қамалды

Мұқағали «Қазақтың Бальзагы» деп құрмет көрсеткен жазушы: С. Мұқанов

Ақын қай жерге жерленген: Кеңсай зираты

Ортада Ерғанат ағай «Сәби болғым келеді» әнімен.

«Айтылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»

Иә, ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.

Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық.

  1. Сангина «Шыда»

  2. Айзере «Үш бақытым»

  3. Дара «Қиын не бар...?»

  4. Жібек «Ажалға»

  5. Айсу «Не деген керемет күн!»

Шынында Мұқағали Мақатаевтың лирикалық поэзиясы – заманымыздың кешегі де, бүгінгі де талаптарымен үндесе, күбірлесе, ымдаса, жымдаса алған өршіл де дауылды жыр үлгісі.

«Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» деген Мұқағали ақынның өлеңдері ең әуелі адамдарды адалдыққа, тазалыққа, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жерді құрметтеуге, ана тілімізді ардақтауға, қарттарымызды қадірлеуге және дәл осындай бейбіт күннің қадірін білуге шақырады.

Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Оның әндері - таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген жанымызға жақын әндердің көбінің сөзін М. Мақатаев атамыз жазғанын біле де бермейміз.

Кезекті осы әсем әнге берейік.

Саян ағай «Есіңе мені алғайсың»

Бүгінгі кешімізге ат салысып жатқан оқырмандарға көп рақмет

Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы. Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2023
353
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі