М.Монтессори педагогикалық жүйесі, мақсаты, бөлімдері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Монтессори педагогикалық жүйесі, мақсаты, бөлімдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл педагогикалық жүйенің негізін қалаушы белгілі психолог, италиялық ғалым, педагогикалық жүйенің авторы, педиатр-дәрігер, педагог, философ М.Монтессори. Бұл әдістеме 5 бөлім бойынша жұмыс жасайды. Қоршаған орта, сенсорика, тіл дамыту, математика және космос. Мақсаты: - Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу - Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру - Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру Бала жан-жақты жақсы дамысын десек, балаға жақсы жағымды орта қалыптастыра білу керек. Сонда ол өзіне-өзі дамуға, үйренуге ұмтылады. Әрине баланың қабылдауы әр түрлі болып келеді. Бір-біріне қарап отырып, өзі де жұмыс жасай алатынын түсінеді, қызығушылық пайда болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы





М.Монтессори педагогикалық жүйесі, мақсаты, бөлімдері.

Бұл педагогикалық жүйенің негізін қалаушы белгілі психолог, италиялық ғалым, педагогикалық жүйенің авторы, педиатр-дәрігер, педагог, философ М.Монтессори. Бұл әдістеме 5 бөлім бойынша жұмыс жасайды. Қоршаған орта, сенсорика, тіл дамыту, математика және космос.



Мақсаты:

- Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу

- Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру

- Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру



Бала жан-жақты жақсы дамысын десек, балаға жақсы жағымды орта қалыптастыра білу керек. Сонда ол өзіне-өзі дамуға, үйренуге ұмтылады. Әрине баланың қабылдауы әр түрлі болып келеді. Бір-біріне қарап отырып, өзі де жұмыс жасай алатынын түсінеді, қызығушылық пайда болады.





Педагогикалық жүйенің авторы М.Монтессоридің өмірбаяны

М.Монтессори кім?

М.Монтессори 1870 жылы дүниеге келеді.

12 жасында гимназияда оқуды армандайды.

1896 жылы М.Монтессори университет бітіріп, италияда ең бірінші әйел врач болады. «Женщиной – доктором медицины». Италия ол кезде өте қатаң католиктік діни бағыттағы ел болды.



Француз психологтары Эдуард Сеген, Госпардың еңбектерін зерттейді. Ауру балдарға арнап арнайы орталық ашады. Дидактикалық материалдар ойлап табады. Осылай еңбектене келе 1900 жылы Рим қаласында бастауыш класс балаларының арасында олимпиада болады. Сонда Монтессори оқушылары жәй мектептің балаларынан жазу, оқу, санау арқылы озып шығады. Бұл дүниежүзілік сенсация болады.



Баланың психологиясымен қатар, жан дүниесін түсініп зерттеу үшін Монтессори қайтадан университеттің философия факультетіне оқуға түседі. Монтессори жақсы орта бала-бақша мен бастауыш мектепте қалыптасу керек деп айтты. Осындай үлкен еңбектің арқасында жеке авторлық педагогикалық әдістеме пайда болды.



М.Монтессори педагогикалық жүйесінің атқаратын қызметі және ерекшелігі

Алты жасқа дейінгі шақ адам өмірінің ең маңызды кезеңі болып табылады. Яғни адам зердесінің іргетасы қаланады. Баланың барлық дене мүшелері дамып қалыптаса бастайды. Осы кезде тәрбиені жан-жақты жақсы бере білуіміз қажет.



Монтессори жүйесінің ерекшелігі ол балаға кішкентай кезінен тұлға ретінде қарап, оның әрбір ісіне мән беру, құрметтеу, сыйлау.

Незізі бала 3 жастан кейін жұмыс жасап отырған құралымен эксперимент жасап көруі керек. Әр түрлі эксперимент жасап көру арқылы баланың математикалық, логикалық қабілеті дамиды. Салыстырып үйренеді.



Қазіргі таңда Монтессори әдістерін дүние жүзі мойындап отыр. Монтессоридің педагогикалық методикасы яғни әдістері жалпы адамға өз күшіне сенуге және жан-жағындағы болып жатырған тіршілікке жауапкершілікпен қарауды үйретеді. Сонымен қатар жоғары тұлғалық қасиеттерге баулиды.



Монтессори жүйесі бойынша Билл Клинтон АҚШ- тың 42 президенті, Франсуа Миттеран Францияның 21-і президенті, Уильям мен Гарри ханзадалары англияның патшалары отбасынан, Жаклин Кеннеди Онассис АҚШ-тың бірінші ханымының бірі, Габриэль Гарсиа Маркес – жазушы, әдебиеттен Нобель сыйлығының иегері, Google ізденістік жүйесін шығарған Ларри Пейдж бен Сергей Брин т.б. белгілі тұлғалар оқытылған.



Ендеше баланың жан-жақты тұлға болып өсуіне, мінез-құлқының қалыптасуына бұл әдістеменің де өзіндік берер тәрбиелік мәні зор деп айтуға болады.























БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ


Қоғаммен бірге біздің санамыз ісімізден озып, жаңғырып отыруы тиіс.

Өмір сүру үшін, өзгере білу қажет. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді!





Рухани жаңғыру бағыттары

  • Бәсекеге қабілеттілік

  • Прагматизм

  • Ұлттық бірегейлікті сақтау

  • Білімнің салтанат құруы

  • Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

  • Сананың ашықтығы



1. Латын әліппиіне көшу

2. 100 жаңа оқулық

3. Туған жер

4. Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы

5. Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет

6. 100 жаңа тұлға





Рухани жаңғыру бағдарламасы 4 кіші бағдарлама болып бөлініп, жобалар мен іс-шаралар бекітілді.

1. «Тәрбие және білім»

2. «Рухани қазына»

3. «Атамекен»

4. «Ақпарат толқыны»



«Тәрбие және білім» кіші бағдарлама бойынша

3 базалық жоба бар.

«Өлкетану», «Отаным тағдырым» және «Саналы азамат».

Мақсаты: Баланың бойында білімді, шынайы патриотизмді қалыптастыру және мәдени құндылықтарды сақтау мен насихаттау



Шығармашылық жұмыс

«Менің отаным Қазақстан»





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
1450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі