Материалдар / мнемотехника
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мнемотехника

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезеңдегі қоғам дамуында мемлекеттік тілге үйрету - мектепке дейінгі білім берудегі өзекті мәселеге айналып отыр. «Басқа тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз бекер айтпаған. Тілді үйрену - оңай емес, бір тілді білгеннен гөрі бірнеше тілді білген адамның рухани байлығы мол болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
968
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Павлодар облысы Лебяжі ауданы

Аққу ауылы

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

«Айналайын» балабақшасы













Баланың тілін мнемотехника тәсілі арқылы байланыстыра сөйлеуге үйрету.










Құрастырған тәрбиеші: Сагалова.Г.С
















Аққу ауылы.

Мазмұны


Түсінік хат 3

Әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты 4

Әдістемелік нұсқаулықтың міндеттері 4

Күтілетін нәтиже 4

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 5-6

мнемотехника әдісінің маңызы

«Балалар бақшасы» туралы сурет бойынша әңгіме құру. 7

«Мысық отыр тақпақ» 8

«Мақта қыз бен мысық» 9

Жұмбақ «Бақбақ» 10

Санамақ «Біз үйде нешеуіміз?» 11

Санамақ «Сандар мен киімдер» 12

Үй жануарлары 13

Қосымша суреттер 14-36

Әдебиеттер тізімі 37




















Түсінік хат


Қазіргі кезеңдегі қоғам дамуында мемлекеттік тілге үйрету - мектепке дейінгі білім берудегі өзекті мәселеге айналып отыр. «Басқа тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз бекер айтпаған.
Тілді үйрену - оңай емес, бір тілді білгеннен гөрі бірнеше тілді білген адамның рухани байлығы мол болмақ.       

Мнемотехника - балалардың тілін дамыту үшін табысты тәсіл. Балаларды жан-жақты дамыту. Олардың барлық кемістіктерін жөндеу мектепке дайындаудағы және балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу-басты мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындайды. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес.

 - Сөздік қорының кемдігі;
 - Сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
 - Дыбыстау кемшілігі;
 - Берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
 - Өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.

Балабақша жолында көрнекілік бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника.

Бірақ, жалғыз мнемотехникамен шектеуге болмайды.

Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әңгіме барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.

Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін баланың тілін мақсатты нәтижелі өтуге қолданатын тәсіл.

Мнемотехника - оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте қарапайымнан басталып, күрделене түседі.

Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеу кезінде мнемотехника тәсілдерін тиімді құрал ретінде қолдану, балалардың есте сақтау қабілетінің ерекшелігін арттыру, өмір тәжірибелеріне жақын фактілерді, заттарды, құбылыстар мен оқиғаларды ажырата алып, айырмашылықтарын жетік әңгімелей алуға дағдыланған, жан-жақты тіл байлығы дамыған, сөзге шешен бала тәрбиелеу.

Міндеттері: Тіл - халық қазынасы. Болашақта бөбектердің жан-жақты және үйлесімді дамуына, тілін ерте жастан дамыту, оның айнала қоршаған ортаға көз қарасын қалыптастыру, білімін жетілдіру көзделеді. «Мен-жеке тұлға» бағдарламасынан тақырыптық бөлімдері бойынша балаларды қоршаған ортамен, халық педагогикасымен таныстыру арқылы таным-түсініктерін қалыптастырып, алған әсерлерін қарапайым тілмен мнемотехника тәсілдерін қолданып жеткізе білуге машықтандыру.

Күтілетін нәтиже.

Біледі: Балалар танымдық сабақтарда есте сақтау, таным және сөйлеу белсендiлiктiң биiк деңгейiмен бiледi.

Игереді: Салыстырып, заттың маңызды белгiлерiн жалпылап, ерекшелеуге талдауға икемдi болады.

Меңгереді: Мнемокесте арқылы заттармен қоршаған орта туралы мәліметтерді өз беттерінше белгілеп, айта алады.
















Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехника әдісінің маңызы.

Мнемоника (гр. mnematik - есте сақтау өнері) - табиғи ассоциациялар жасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы.

Мемлекеттік стандартына сай әңгіме құрастыру, жаттау айына 2-3 рет. 5-6 жастағы балалар әңгіме құрастырғанда 3-5 сөйлем, ал 6-7 жастағы балалар

5-7 сөйлем құрастыру қажет.

Сызба – схемалар тақырыптарға байланысты үйренген жеке сөздермен сөйлем құрастыруға, сөйлемдермен әңгіме құрастыруға таптырмайтын қазына. Сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Әсіресе отбасы тақырыбына арналған сызбаны әр сабақта қолдануға болады. Бұл сызбаға қарап, балалар отбасы мүшелерінің атауын тез есте сақтауға, адамдардың әрекеттерін әңгімелеуге үйренеді.

Жеміс-көкөністерге арналған сызба бойынша балалар олардың түрін, түсін, дәмін, қайда өсетінін сипаттап бере алады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Біз оны жейміз.Ойыншықтарға арналған сызба бойынша балалар олардың түсін, пішінін, мөлшерін атап беруге үйренеді.

Міне, осылай әрбір жаңа тақырып бойынша сызбалар қолдануға болады. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.

Мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі.

Осы жастағы балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін суреттерді қолданған қолайлы. Өлең жаттауда әр сөзді рәміздермен алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады. Мектепке дейінгілерді өлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Балалармен бірге қайталағанда педагог интонацияға, дикцияға, дем алуына назар аударады.

Балабақша, балабақша қызметкерлер туралы әңгіме құрастыру білу. Сенің атың кім? Кім? Не істеді? сұрақтарына жауап беруді білу. Ойыншықтардың атауын, түсін, пішінін айта білу. Адамның дене мүшелерін атау және таныс сөздерді сөйлемде қолдану. Сонымен қатар отбасы мүшелерін, киім, аяқ-киім атауын айта білу. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін дамыту және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Байланысты сөз ойға мағына беріп, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара түсінуін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді. Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу коммуникативтік біліктілікті, тілдік (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) және тілдік емес (ым, мимика, қалып, көзқарас, іс-қимыл) құралдардың көмегімен айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасауды реттеу қабілетін дамытуға бағытталған. Тілді дамытуда өз қатарларымен сөйлесе білудің маңызы ерекше.

Жалпы міндет:

- тілді дамыту танымдық және ойын қызметінің негізі іспеттес;

Негізгі міндеттер:

Тілге деген тиянақты, мүдделі көзқарасты және құрмет сезімін қалыптастыру;

- қарапайым диалогтық және монологтық сөйлеуді қалыптастыру;

- қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу;

- сөздік қорды толықтыру және жандандыру.

Мнемотехника әдісін қолдану өз нәтижелерін де берді.

Балалармен бағдарламалық материалды меңгеру бойынша 1 және 2 жартыжылдыққа арналған педагогикалық диаагностика материалы жасалынып шығарылды.

Деңгей бойынша меңгерудің бағасының жүйесі талданып шығарылды

1 деңгей–бала педагоктың үлгісі бойынша іс-әрекетті елестетеді
2 деңгей – не істегенін түсінеді; белгілі білім қоры бар
3 деңгей- білгенін және не істей білетінін өз бетімен қолданады, шығармашылық және дәстүрлі емес жағдайларда.

Жұмыстың мақсаты:

Балалардың зерделi дамытуын деңгейдi жоғарлату.

Міндеттері:

I. Танымдылық  Қоршаған орта туралы танымдық мәлiметтердi жүйелеуiн реттеуде балаларға көмектесу.

ІІ. Дамытушылығы: Мнемотехниканы меңгеру арқылы мәлiметтi (кодтау ) есте сақтау көлемi ұлғаяды.(маңызды белгiлермен заттар және құбылыстардың атрибуттарын айқындау, жұмбақтардың шешуi) аналитикалық және ойлауды (базистiк таңбалар көмегiмен мәлiметтiң кодтау және қайта кодтауы) бейнелi түрде функцияны, ұғымдық ойлау, ықылас, елестетудi дамыту.

Монологты сөйлеуің жетiлдiру,ойын жеткізе білуге,өз жауабының дұрыстығын дәлелдеуге дағдыландыру.

III. Тәрбиелiгi: Мәлiметтер жинау арқылы қысқа- әңгімелерді құруға дербестiгін жетiлдiру. Зерделi жұмыстың нәтижелерiнен көруге шақыру.

Балалар бiр-бiрiмендi ынтымақтасып, жора-жолдастардың жауаптары тыңдап естiп, оларды толықтырып, қажеттiлiк жағдайда көмектесуге үйрету..

Күтілетін нәтиже.

Балалар танымдық сабақтарда есте сақтау, таным және сөйлеу белсендiлiктiң биiк деңгейiмен бiледi.

Салыстырып, заттың маңызды белгiлерiн жалпылап, ерекшелеуге талдауға икемдi болады.Мнемокесте арқылы заттармен қоршаған орта туралы мәліметтерді өз беттерінше белгілеп, айта алады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!