Материалдар / "Мнемотехника технологиясын мектепке дейінгі мекемеде қолдану"

"Мнемотехника технологиясын мектепке дейінгі мекемеде қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған. Балабақшада қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2021
387
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мнемотехника технологиясын мектепке

дейінгі мекемеде қолдану



Сыздыкова Гульнар Канашовна

Павлодар облысы, Павлодар қаласы

КМҚК №32 сәбилер бақшасы

Лауазымы: Тәрбиеші



Баланы өзіне таныс емес бес сөзбен

оқытсаң-ол ойланады, ал жиырма

сөзді сурет арқылы жеткізе білсең,

ол жылдам есіне сақтап алады»

К.Д.Ушинский

Мнемотехника дегеніміз-көру образдары амалының құрылымы.Ол хабарды мига жүйелі жазып алуга мүмкіндік беретін ішкі хат жүйесі.Мұндай тәсілдер арқылы материалды балалар тез игереді.Балбақшадагы сабақтарда мнемикалық кестелерді қолдану балалардың көру арқылы ақпаратты тиімді қабылдауына және қайта өңдеуге,әрі оқу тапсырмасына сәйкес оны қайта тарқатуга,есте сақтауга және жаңгыртуга мүмкіндік береді.

Тәрбиеші сабақта сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы да баланың тілін дамытады.Серуен кезінде айналадагы табигат құбылыстарын бақылау,балабақша ауласында қандай өзгерістер болгандыгын сұрау кезінде баладан жауап ала отырып,тілін,ойын дамытумен қоса сәздік қорын молайтады.

Сондай-ақ,тілді дамытуда рөлдік ойындар мен мнемотехника тәсілін қолдану өте тиімді.Тәрбиеші көркемдік шыгармалар мен ертегілерді айтып қана қоймай,рөлдік ойындар арқылы ойнатса,ол баланың ойында қалады.Сахнада кейіпкер ретінде ойнап тұрган бүлдіршіннің тілі,ой-өрісі дамиды,оның бойында әдебиетке,мәдениетке,өнерге деген құштарлық артады.Рөлдік ойын ойнап тұрган бала өзін сол кейіпкерге теңеп,(мәселен,батырга,шешенге)жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді.

Бүлдіршіндер сахнада шагын рөлді ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге,әдемі киініп,жинақы жүруге,үлкендермен және балармен тіл табыса білуге үйренеді.Рөлдік ойындарды ойнау негізінде балардың ойынга деген қызыгушылыгы артады.

Сондықтан олар лайықты рөлді өздері таңдап алганы жөн.Сонда гана ойыны да,тілі де нанымды және сенімді шыгады.

Байланыстыра сөйлеу кезінде мнемотехника тәсілін тиімді құрал ретінде қолдану арқылы жеткіншектің есте сақтау қабілеті артып,өмірлік құбылыстар мен оқигаларды ажырата айтып,айырмашылыгын жетік әңгімелей алуга дагдыланады:

Өзімнің жұмысымда балалардың қазақ тілінде байланыстырып сөйлеуді дамыту мнемоника немесе мнемокестені қолданганды жөн көрдім.

Мнемокесте-есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.

Әдістемнің ерекшелігі-заттардың бейнесін емес,ал оларды есте сақтау үшін таңбаларды қолдану.Бұл балаларга сөзді таңдау мен оны есте сақтауды біршама жеңілдетеді.Таңбалар тілдік материалга максималды жақындатылган.2-ші сәбилер және естияр топтарының балаларына таңбалар түрлі түсті болуы тиіс,өйткені түстерді балалар тез қабылдап есте сақтауга мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәнерінде көптеген мәселелер болады.Олар мыналар:

-Ойының қысқа,жай сөйлемдермен жеткізілуі;

-Сөйлемнің дұрыс емес құрастырылуы;

-Сөздік қордың аз болуы;

-Диалогтың болмауы;

-Монолог құрастыра алмауы:мысалы,шыгарманы өз сөзімен жеткізу;

-Сөзді дауысын шыгарып және анық айтпауы.

Осы кезде,біз педагогтар,бала неге сөздерді байланыстыра алмайды деген сұрақты өзімізге қоямыз.

Баланың ойын суретті кестелер арқылы жеткізу тілін дамыту көп септігін тигізеді деген ой шыгарамыз.Мұндай кестелерді мнемокестелер деп атайды.

Мнемокетехника немесе мнемокесте дегеніміз-есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсңлдердің жүйесі.

Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу мына кезеңдерден тұрады:

1 кезең- Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау.

2 кезең- Жалпы символдардан бейнелерді жаңгырту,мысалы:Үй – шатыр, Қоян – ұзын құлақтар ,т.б.

3 кезең – Қайта кодтаудан кейін құрастырган символдар бейнелер бойынша әңгімені, ертегіні,тақпақтарды мазмұндап беру.

Мнемотехника әдісін қолданган кезде мнемошаршыдан,ягни бейнелік сурет арқылы кейін мнеможолдан өтіп,мнемокестеге көшті. 3-4 жастагы балалармен бастапқы мнемошаршыны тақырыпқа байланысты суреттерді қолданды.Ересек топтарында графикалық схемаларга ауыстырды.Әрине,бейнелік суреттер,тірек-сызба болсын ,ең бастысы балага түсінікті,тиімді болу қажет.

Мнемокесте және мнеможолдармен қалай жұмыс істеу керек?Бұл дегеніміз:

  • Есте сақтау,назар,бейнелі ойлау негізгі психикалық процесстерін дамыту;

  • Жалпы символдарды бейнеге аудару.

Менің ойымша,мнемокестені қолдану арқылы бала тілін дамыту тиімді.Мен жұмыс барысында мнемокестені мына багыттар үшін қолданамын:

-Cөздік қорларын байыту;

- Сөйлем ,әңгіме құрастыру;

- Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу;

- Тақпақтарды жаттау.

Қорытындылай келе, мнемокесте арқылы біз мына нәтижеге қол жеткіземіз:

  • Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дагдыланады;

  • Балалар бір-бірінен қалмауга тырысады;

  • Баланың жеке қабілеті анықталады;

  • Әр бала өз деңгейімен багаланады.

Деңгелер бойынша тапсырмаларды бөлеміз:

1ші деңгей.Оқу материалын меңгеруіне қарапайым тапсырмалар қарастырылган.Мысалы:»мазмұнда,»атап бер,»санап бер.

2ші деңгей.Оқу материалын меңгеруіне алгоритмикалық жазулар еңгізіледі,мынадай тапсырмалар тұжырымдалады:»Сызықша арқылы қос,»Екі қатарга орналастыр,»астын сыз.

3ші деңгей.Жартылай –іздестіру мінезді тапсырмалар еңгізіледі.Мысалы:тақпақты жаттауга үйрету үшін керек сөздерді қолдану балаларды қызықтырады,сабақты ойынга айналдырады.Алдымен таңдалган тақпаққа немесе ертегілерге тірек суреттерді іріктеп алу керек(әр жолга).Суреттер айқын танылатындай болу қажет.Оны оқыганнан кейін балалар тірек суреттер бойынша айтып береді.Осылайша балаларга мнемокестелердің көмегімен тақпақтарды,жұмбақ шешу және есте сақтауга қолайлы болып келеді.Схема бойынша деңгейлік тапсырмалар:1ші қыс мезгіліне байланысты сөдер айтады.

2ші суреттерді іліп сөз тіркестер айтады.

-Мынау шырша,мынау шана

3ші сөйлем құрастыру.

-Қыста қар жауады .

-Қыста күн суық,аяз.

Сондықтан бастапқы міндетім балалардың ана тілінде өз еркімен сөйлеуі тиіс, Өз ойларын дұрыс тұжырымдап жеткізуге машақтандырады.Осыган орай мен сызба-кесте,сызба таблицасына сүйенемін,Балалардың сөзге деген қызыгушылыгы мен зейіндері арта түседі,Мектеп жасына дейінгі балалардың шыгармашылық сөйлеу әрекеттері қалыптасады.Нәтижесінде өзім бір қатар жетістерге жеттім.Демек ,тіл дамыту сабақтарындагы ойындар баланы қызықтыратындай тартымды өтеді.Баланың сөздік қоры толық,байланыстыра сөйлеуге үйренеді,тілі дамиды,қарым-қатынас мәдиниеті бүлдіршіннің өз пікірін жеткізе білуіне жетелейді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ