Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Мобильді қосымшаларды құру. Мобильді қосымшаның интерфейсі
Мобильді қосымша (ағылш. mobile app)
– нақты платформа (iOS, Android, Windows
Phone және т.б.)
үшін әзірленген смартфондарда,
планшеттерде және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған программалық жасақтама.
Мобильді қосымшаларды құру кезеңдері:
•
мобильді қосымшаны құру мақсаты;
•
техникалық құралдарын түгендеу.
Нақты сметаны құру;
•
брейнсторминг (миға шабуыл,
яғни идеяны ұжымдық түрде білдіру арқылы мәселенің шешімін табу әдісі)
және эскиздер;
•
интерфейс стилін таңдау;
•
қосымша дизайнын әзірлеу;
•
программалау;
•
қосымшаны жариялау және тестілеу.
Мобильді құрылғыларға арналған қосымшаларды құру –
қазіргі кезде программалаудың танымал және сұранысқа ие бағыттарының бірі.
Визуалды программалау ортасы алгоритмдеу және программалау саласында мобильдік қосымшаларын құруды үйренуге мүмкіндік береді.
Мұндай орталарда программалаудың мәтіндік тілінің орнына дайын іс-әрекеттері,
әлеуметтік желілермен,
веб-сайттармен немесе құрылғының сенсорларымен жұмыс істеу функциялары және т.б.
бар визуалды логикалық блоктар қолданылады.
Визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы мультимедиалық мазмұнды Еcтеріңе түсіріңдер:
•
виртуалды және кеңейтілген шындық;
•
виртуалды және кеңейтілген шындықтың айырмашылықтары;
•
виртуалды және кеңейтілген шындықтың қолдану мақсаттары;
•
виртуалды және кеңейтілген шындықтың адамның психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі;
•
виртуалды тур және 3D
панораманың жасалу түрлері.
Меңгерілетін білім:
•
мобильді қосымша;
•
мобильді қосымшаларды құру кезеңдері;
•
MIT App
Inventor визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы;
•
MIT App
Inventor программалау тілінің интерфейсі.
Сөздік:
Мобильді қосымша –
Мобильное приложение – Mobile
application Интерфейс –
Интерфейс –
Interface Визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы –
Среда визуальной разработки – Visual Development
Environment Брейнсторминг –
Брейнсторминг – Brainstorming
117 өңдеуге,
сөйлеу командаларын тануға және сөйлеуді синтездеуге мүмкіндік береді. MIT (Massachusetts Institute
of Technology) App Inventor (http://ai2.appinventor.mit.edu/) –
Java және Android
SDK программалау тілін,
алгоритмдеудің қарапайым негіздерін білуді талап етпейтін OS
Android платформасына арналған қосымшаларды визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы. MIT App
Inventorде жұмыс істеу үшін Google
немесе Google
Apps аккаунты болу қажет,
ал программаларды құру программалық код блоктарын пайдалану арқылы визуалды режимде жүзеге асырылады. MIT App
Inventor визуалды программалау ортасына кіргеннен кейін,
пайдаланушы оның жобаларының тізімі көрсетілетін бетке түседі.
Барлық жасалған жобалар «Менің жобаларым»
бетінде сақталады (60-сурет).
60-сурет.
«Менің жобаларым»
беті
MIT App
Inventor программалау тілінің интерфейсі екі негізгі бөліктен тұрады:
дизайнер және блоктардың редакторы.
Дизайнер режимі (61-сурет)
Дизайнер қолданба интерфейсін жасауға арналған.
Бұл режим түрлі компоненттерді:
батырмалар,
мәтіндік өрістер,
суреттер және т.б.
орналастыру үшін қолданылады.
App
Inventor интерфейсі қарапайым және интуитивті.
Ол мынадай негізгі элементтерден тұрады:
Палитра –
қосымша компонентінің жиынтығы.
Маңызды мәлімет Бастапқыда жобаны Google
қызметкерлері Java
тілінде жазды.
Программаны Java Web
Start қолданбасы арқылы іске қосты.
Жоба MIT-ке берілді және бір жарым жылдан кейін Blockly
кітапханасын пайдалана отырып толығымен қайта жазылған,
енді ол «App Inventor
2» деп аталды және оны әдеттегі браузерде іске қосуға болады.
Көру –
мобильді қосымшаның экраны.
Компоненттер –
жобадағы компоненттер тізімі. Android
құрылғысының түрлі датчиктеріне қосылуға арналған батырмалар,
суреттер,
мәтін,
мәтінді енгізу өрістері,
интерфейстер сияқты қолданбаның функционалдық элементтері:
акселерометр, GPS (Global Positioning
System), деректер қоры компоненттер деп аталады.
Акселерометр –
ұшақ,
ракета,
кеме,
автокөліктің және т.б.
үдеу,
баяулау шамасын көрсететін аспап.
Қасиеттер бөлімінде компоненттердің параметрлері мен қасиеттері көрсетіледі.
Медиа –
пайдаланылатын медиафайлдар тізімі (суреттер,
видео,
аудиороликтер және т.б.)
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз