Материалдар / Модаль сөздер қызметін айқындау негіздері

Модаль сөздер қызметін айқындау негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қазақ тіліндегі модаль сөздердің танылуы мен ерекшелігі қаралып, семантикалық мәні түсіндіріледі. Олардың зерттелу бағыты, қазақ тіл біліміндегі орны, модальдық белгілері талданады. Сонымен бірге модаль сөздердің қазақ тілінде жеке сөз табы болу негіздемелеріне сипат беріліп, олардың дербес сөз ретінде де, көмекші сөз ретінде де қызмет атқару мүмкіндігі бары нақтыланады. Шет елдік зерттеушілердің модаль сөздер туралы пікірлеріне саралау беріледі. Модаль сөздердің модальдық қызметі астарлы белгі болып табылатыны тұжырымдалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2023
522
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МОДАЛЬ СӨЗДЕР ҚЫЗМЕТІН АЙҚЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ

Бауыржанқызы Жанеля

«Қазақ тілі мен әдебиет»» мамандығының 4-курс студенті


Ғылыми жетекші – Шақаман Ы.Б.

Филология ғылымының кандидаты, профессор

Ә.Марғұлан ат. Павлодар педагогикалық университеті



Аңдатпа. Мақалада қазақ тіліндегі модаль сөздердің танылуы мен ерекшелігі қаралып, семантикалық мәні түсіндіріледі. Олардың зерттелу бағыты, қазақ тіл біліміндегі орны, модальдық белгілері талданады. Сонымен бірге модаль сөздердің қазақ тілінде жеке сөз табы болу негіздемелеріне сипат беріліп, олардың дербес сөз ретінде де, көмекші сөз ретінде де қызмет атқару мүмкіндігі бары нақтыланады. Шет елдік зерттеушілердің модаль сөздер туралы пікірлеріне саралау беріледі. Модаль сөздердің модальдық қызметі астарлы белгі болып табылатыны тұжырымдалады.

Тірек сөздер: модаль сөздер, ерекшелік, қызмет, көмекші сөз, дербес сөз, астарлы мағына.

Аннотация. Аннотация.В статье рассматривается распознавание, специфика, смысловое значение модальных слов в казахском языке. Анализируются их изучение, место в казахском языкознании, модальные признаки. Также подчеркивается, что модальные слова имеют свойство быть отдельным классом слов в казахском языке и имеют возможность служить как самостоятельным словом, так и вспомогательным словом. Дается дифференциация мнений зарубежных исследователей о модальных словах. Делается вывод о том, что модальная функция модальных слов раскрывается в подтексте.

Ключевые слова: Модальные слова, особенность, функция, вспомогательное слово, самостоятельное слово, скрытное значение.

Annotation. The article discusses the recognition and specificity of modal words in the Kazakh language, explains their semantic meaning. The direction of their study, their place in Kazakh linguistics and modal features are analyzed. At the same time, a separate class of words in the Kazakh language is given a character to the grounds for highlighting modal words and explains that they can work both as an independent word and as an auxiliary word. The opinions of foreign researchers about modal words are differentiated. It is concluded that the modal function of modal words is a figurative sign.

Key words: modal words, sign, service, auxiliary word, independent word, figurative meaning.


Тілдегі модальдылық сөйлеушінің қимыл-әрекетке көзқарасын білдіруді түсіндіреді, өйткені ол – қарым-қатынастыққа түсуде сөйлеумен қатар көрінетін ішкі пікірлік қосымша нәтиже.

Тіл білімінде модальдықты нақты бірліктермен (формамен) ашатын түрлі тілдік амал-тәсіл бар. Оларға фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер мен интонациялық амалдың бәрі де енеді. Жеке мәнді сөздер де, көмекші сөздер де сөйлеуде модальдықты арттырады.

Жалпы алғанда осындай қызметтегі сөздер сөз таптары ішінен іріктеліп, жеке топ құрау арқылы, даралана бастады. Сөйтіп олар «Модаль сөздер» деген атауға ие болып, сөз табы ретінде жекеленді [1]. Бұл сөздер қазақ тілінде де, жалпы түркі тілдерінде де көмекші де, дербес те сөздер қатарында саналатын еді. Бірақ ғалым С.Исаев бұлардың ішінде толымды сөздердің болуына байланысты оларды жеке сөз табы деп ерекшеледі.

Ал ғалым Е.Жанпейісов «Морфологиялық сипатына келсек, модаль сөздердің жұрнақ не қосымша жалғауға қабілетті емес. Сөз тудырушы не сөз жасаушы жұрнақтар жалғанбайды» [2] – деген пікірі нақты көмекші қызметтегі модальдық бірліктерге қатысты берілген сипат болып табылатынын түсінеміз.

Қазақ тіліндегі модальділік мәселесін арнайы зерттеген ғалым Е.Жанпейісов [2] толық мағыналы модаль сөздерді болжалды, міндеттілік, сенімділік, күмәнділік, қалау мағынасын жеткізуде қолданылатынын түсіндіреді, бұл пікір зерттеуші М.Балақаев [3] еңбегінде де кездеседі.

Ғалым А.Ысқақов[8] модальдық мағынасын райлық мағына түрінде қараған. Жалпы алғанда рай дегеніміз қазақша модальдық болып табылады. Сондықтан ғалымның бұл орайдағы рай түрлерімен байланыстыруы дұрыс деп тану қажет.

Модальдық мағына туралы пікірлер Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Н.Оралбай, Т.Қордабаев, Ф.Ахметжанов, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі. Зерттеушілердің пікірлерін саралау арқылы модальдық мағынаның жинақталған тобы көрініс береді:

  • Міндеттілік мағыналы модаль сөздер;

  • Болжал мәнді модаль сөздер;

  • Мүмкіндік мағыналы модаль сөздер;

  • Қостау, растау мәнді модаль сөздер;

  • Қалау, тілек мәнді модаль сөздер;

  • Күмән, күдік мәнді модаль сөздер.

Мағыналық ерекшеліктерді жіктеп көрсетуші ғалым М.В.Зайнуллин ақиқат, неғайбыл модальдығын;міндеттілік, қажеттілік, қозғау, қалау, ниет, болжал модаль түрлерін саралаған[5,64-б.].

Орыс тіл білімінде модаль сөздердің жеті мағыналық тобы көрсетілген:

  • Сұраулы сөйлемдерде қолданылатын модаль сөздер: неужели, разве, ли;

  • Бір нәрсеге назар аударатын модаль сөздер: лишь, почти;

  • Көрсеткіш модаль сөздер: вот, вон;

  • Сезім мен эмоцияны көрсететін модаль сөздер: именно;

  • Күмән тудыратын модаль сөздер: вряд ли; едва ли;

  • Айтылғандардың әсерін күшейтетін модаль сөздер: ведь, даже.

А.Н.Кононов түркі тілінде модальділіктің үш формасы барын айтып, болымдылық, шарттылық, субъектілік түрлерін атайды. Е.Н.Петров түркі тілінде модальділіктің 30 тобы барын дәлелдейді. Д.Г.Тумашева модальдықты міндеттілік, мүмкінділік, қажеттілік, ниет, болжалды деп бес топқа бөледі. Бұдан модальдық мағынасының кең екендігі танылады.

Тілдік зерттеулер бойынша қарасақ, модаль сөздердің заттық-дербестік мағынасы болмайды. Олардың жеке сөз ретіндегі мағыналық сипаты модальдық (грамматикалық) қызметімен ұштасып жатады. Өйткені модальдық мағына астарлы мағына болып табылады. Оны айқындау сөйлеуде қолданылып тұрған бірліктің нақты мәнін, қызметін түсінумен байланысты көрінеді.

Модаль сөздердің жеке сөз табы болуын ғалым С.Исаев көзқарасы бойынша түсіндіру нақтырақ көрінеді. Модаль сөздер – өз алдына жеке сөз табы бола алатын өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктегі сөздер. Өйткені олардың лексикалық, категориялық мағынасы жағынан басқа сөзден ажыратылуы, жеке лексикалық мағынада болуы басты негіздеме болады.

Модаль сөздер көмекші сөз сипатында көрінгенмен, толық мағыналы сөз екенін тану мүмкіндігі бірден білінеді. Олардың бірде толық мағыналы, бірде көмекші сөз қызметінде қолдануы сөйлем аясындағы мәніне байланысты болады. Мысалы:

1. Керек іс бозбалаға – талаптылық, әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық» (Абай).

2.Біз де сіздің бір қажетіңізге жарай қалармыз дегендей, жастар жағы орнынан сеніммен тұрды» (Т.Теменов).

Мысалда «керек» пен «қажет» сөздері дербес сөз қызметінде бола отырып, астарлы мағынаны да білдіріп тұр. Бұл сөздердегі астарлылық мағына жеке талдауды қажет етеді.

Сондай-ақ болжал мәнді, күман мәнді модаль сөздер қосымша астарлы белгісіздік мәнін де білдіреді. Белгісіздік мән сөйлеушінің болып жатқан әрекетке болжау, күманды көзқарасынан-ақ көрінеді.

Сонымен Адамзат сөйлегенде, жазғанда белгілі оқиғаға қатысты өзіндік көзқарасын, пікірін, ойын білдіреді. Көзқарас, пікір оқиғаның анықтығын, айқындылығын, шынайылығын, күдіктілігін, мүмкінділігін, т.б. белгілерін аша түседі. Сондықтан модаль сөздер көзқарасты таныту арқылы өзіндік қосымша реңк беретіндіктен, модаль деп аталған.

Мысалы: Әрине, бәр-бәрін жалғастырып, септестіріп жүрген сол Алшынбайлар (М.Ә); Әлбетте, ең үлкен, ең дұрыс шешуді құраннан күтсе керек (М.Ә) дейтін сөйлемдерде «әрине», «әлбетте» модаль сөздері сөйлеушінің айтып отырған сөзіне деген сенімділігін білдіріп тұр.

Тағы: Баж еткенмен, ықтап еткен секілді...(М.Ә); Ат тұмсығы бір бітеу меңіреу қабырғаға тірелген сияқты» (М.Ә); Діндәр әкеге кітапшылап сөйлесе, парыз, уәжіп деген сияқтыны еске алуы мүмкін деген сөйлем қолданысындағы «-кен секілді», «-ген сияқты», «-уы мүмкін» модаль сөздері сөйлеушінің болжалдылық, мүмкінділік көзқарасын білдіреді.

Модаль сөздердің жеке сөз тобы, табы болуына олардың сөз тудырушы жұрнақ қабылдай алуы, жалғаулармен түрлене алуы теориялық негіздеме бола алады: керекті, керексіз, керекпіз, қажетсің, т.б.

Модаль сөздер көмекшілік қызмет атқару белгілерімен басқа көмекші сөзден дараланады. Өйткені олардың басты белгісі – астарлы мағынаны ашуы.

Ал ғалымдардың райлық мағынаны модальдықтан бөлек қарау мәселесін жеке зерттеу нысанына алу қажеттігін түсіндіреді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Исаев С. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Өнер баспасы, 2007. -336 б.

  2. Жанпейісов Е. Модальные слова в современном казахском языке. Алматы: Ғылым, 1988. -182б.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. -384б.

  4. Мамаділ Қ. Етістіктің модальдылық құрылымдары. –Астана: Елорда, 1996.

  5. Зайнуллин М.В. Модальность как функционально-семантическая категория. Саратов: Изд-во Саратовского университета, 1986.

  6. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі(Синтаксис). Алматы: Санат, 2003. -240б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ