Мерзімі: 14.02.2018ж.
|
Сыныбы: 9 «Д»
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Модель. Модель ұғымы. Модель
типтері.
|
|
Модельдер туралы жалпы мағлұмат беру,
модельдерді зерттеу ұғымдарымен таныстыру. Қолдану салаларын,
маңызын ұғындыру.
|
Сабақтың типі
|
Жаңа сабақ.
|
Сабақтың әдісі
|
СТО, АКТ, топтық, жұптық жұмыс формасы,
«Тілекті тізбек» әдісі, «Мозайка» әдісі, «Ғажайып алаң» әдісі,
«Сиқырлы сандар» әдісі.
|
Оқыту нәтижесі
|
Оқушылар модель ұғымын түсінеді. Модель
құру және зерттеу барысында компьютердің рөлін ұғынады. Қолдану
салаларын айта алады.
|
Білу
|
Модель, модельдеу, компьютерлік модель,
компьютерлік модельдеу ұғымдарын біледі. Модель түрлерін атай
алады. Модель құруды меңгереді.
|
Түсіну
|
Әр салада модель ұғымының маңыздылығын,
модельдерді зерттеу қалай жүзеге асырылатынын түсінеді.
|
Қолдану
|
Оқушылар түрлі салада пайдалануға болатын
модельдер жасап, өдерінің жаңаша идеяларын іс жүзінде көрсете
алады.
|
Талдау
|
Модельдерді белгілі бір ерекшеліктері
бойынша топтастыра алады.
|
Жинақтау:
|
Модель терминін жетік түсініп,
меңгереді.
|
Бағалау:
|
Модель құрудың адам өміріндегі маңызына
баға береді.
|
Ресурстар
|
Үлестірме парақ. Таныстырылым. Проектор.
Экран. Компьютер, әлем елдерінің географиялық картасы, жер шарының
кішірейтілген макеті, сызба жұмыстар, биологиялық муляж. А4, А5
форматтағы парақшалар, желім, қайшы, түрлі-түсті қаламдар. Қосымша
дидактикалық материалдар. Стикерлер т. б.
|
Сабақ кезеңдері. Уақыты
|
Жұмыстың мазмұны
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі.2 мин.
|
Жағымды ахуал
қалыптастыру.
Топқа бөлу.
|
Оқушылармен сәлемдесу. Көңіл-күй,
денсаулықтарына баса назар аударып, құрал жабдықтарын түгендеу.
Мозайка әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі. Көңіл-күйлерін
«Басбармақ» әдісі бойынша көрсетеді. Мозайка әдісі арқылы оқушылар
топқа бөлінеді.
|
Білімді өзектендіру.
8 мин
|
Тақырыпқа қызығушылық туғызу. Оқушыларды
ойлауға ынталандыру.Оқушы зейінін сабаққа аудару. Сабақтың мақсат,
міндеттерін саналы түрде қабылдауын қамтамасыз ету.
|
Әртүрлі модельдердің суретін
шығару. Бұл не? Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?Тақырыпты
көрсету.
Оқушылармен бірлесе сабақтың
мақсат, міндеттерін айқындау.
«Ребус» шешу әдісі арқылы жаңа сабақтың
тақырыбын айқындату.
|
Слайдтағы әртүрлі модельдерге
қарай отырып оларға ортақ ат береді. (модель, макет т б)Дәптерге
тақырыпты жазып алады.
Мұғалім сұрақтарына жауап бере отырып
бүгінгі сабаққа өздерінің алдына мақсат, міндеттер
қояды.
|
Білу:жаңа тақырыпты меңгерту.
2:47 мин. бейне баян
4 мин +постермен жұмыс
3 мин +постер қорғау
|
Негізгі
ұғымдарды меңгерту.
Модель
– бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі
көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
Модель – кез-келген
нысанның қарапайым кейіпі. Мысалы, қуыршақ қыздың модель. Бір нысанда бірнеше модель болуы
мүмкін. Мысалы: балықтың моделі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық.Автомобиль сызбасы графиктік модель.
Қарапайым ақпараттық модель – адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады.
Математикалық модельдерді математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз. Модельдеудің барлық кезеңдері мақсатқа және есептің қойылуына байланысты анықталады. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады.
Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.
|
Негізгі ұғымдарды дәптерге
жазады.
Көрсетілген бейне материалды тамашалай
отырып постер жасап, қорғайды.
|
Түсіну: 7 мин
|
Модельдерді құру қалай жүзеге
асырылатындығы жайында қосымша материалмен жұмыс жасайды. Пәнаралық
байланыс жасалады.
|
«Ой
қозғау» бейнебаян көрсету арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойланып,
өз ойларын постермен жұмыс барысында алға тартқызуға ықпал жасау.
Топтық тапсырма орындату.
Постер жасату, қорғату, бағалату,
қортындысын шығару.Үлестірме тапсырма тарату.
|
Оқушылар берілген тапсырма бойынша модель
құру жұмысымен айналысады.
|
Қолдану.
5 мин +
1 мин
|
Кесте құру, жазбаша сипаттау, графиктік
редактор көмегімен модель құрып көреді. Еліктеу моделіне
ену.
|
Компьютерде модель құрдыру. Модельдің
барлық түріне жеке-жеке тапсырмалар орындау.
|
«Сиқырлы сандар» әдісі арқылы әр оқушы
таңдаған санның тапсырмасын орындайды.
|
Талдау
2 мин
|
Модельдерді қандай да бір белгілері
бойынша топтастырады.
|
«Топтастыру». Экранда модель суреттері
беріледі.
|
Экрандағы суреттерді топпен ақылдаса
отырып топтастырады. Ауызша айтып береді.
|
Жинақтау. Топтық жұмыс
|
Тақырыптың өзектілігіне баға беру. Ой
жинақтау.
|
Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың
алған білімдерін пысықтауды ұйымдастыру.
Бұл сабақты мен қалай түсіндім ? Білімді
өмірлік тәжірибеде қолдану денгенді қалай түсінесіз ? Модельдің
маңыздылығы тб.
|
Өз ойын айтуға дағдыланады.
|
Бағалау.3 мин
|
Топтық жұмыс. Топтар бірін –бірі
«басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
|
Бағыт-бағдар беру
|
Модельдеудің маңыздылығына баға
береді.
|
Үй тапсырмасын беру
1 мин
|
«Болашақ - менің көзіммен»
тақырыбында модель құру .
§ 14-135 бет.
Оқу
|
Оқушыларға үй тапсырмасын беру орындалу
жолын түсіндіру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып
алады.
|
Бағалау
2 мин
|
Оқушылардың іс-әрекетін бағалау. Сабаққа
кері байланыс алу.
|
«Бағдаршам» әдісі бойынша кері байланыс
жасау парақшаларын үлестіру.
|
«Бағдаршам» әдісі бойынша кері байланыс
жасау парақшаларын толтырып, сабақтың жағымды және жағымсыз
тұстарын жеткізу.
|