Материалдар / Модельдеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Модельдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1671
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән аты: Информатика

Класы:
Сабақтың тақырыбы: Модель .

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру, модель түрлерімен, модельдеу кезеңдерімен таныстыру. Статистикалық және динамикалық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып ой – өрістерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен материалды қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру

Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықщам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың (макетін) құру.

Әрбір адамның күнделікті іс - әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.

Модель – көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.

Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз.Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіпқайта жаңарту болып табылады.

Модель түрлері

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктейді:

1. Қолданылу аймағы

2. Модельде уақыт факторын ескеру

3. Білім саласына қарай топтау

4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау

Қолданылу аймағына қарай модельдеу келесі түрде жіктеледі.

1. Оқу

2: Тәжірибелік

3. Ғылыми – техникалық

4. Ойын

5. Имитациялық

Оқу моделі - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.

Ғылыми - техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.

Ойын моделдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.

Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.

Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.

Динамикалық модель уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.

Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл – үйдің статистикалық моделі. Сондай – ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторларына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады.

Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау

Модель

Материалдық Ақпараттық

3. Таңбалық Вербальдық

Компьютерлік Компьютерлік емес

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.

Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмеіндік береді.

Ақпараттық модель дегеніміз – объектіні, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

Таңбалық және вербальдық ақпараттық модельдер

Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.

Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге болады:

Геометриялық модельграфикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Ауызша модельиллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модельобъект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

Құрылымдық модельдерсхема, графиктер мен кестелер т.б.

Логикалық модельой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс - әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдерноталар, химиялық формулалар.

Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер

Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.

Компьютерлік модель деп программалық орта іске асатын модельдерді айтады.

Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс - әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Ол шын мәнінде бар немесе жобаланатынын объект(процесс) болуы мүмкін.

Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Күнделікті тұрмыста адам әр түрлі шешім қабылдайды. Демек, модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады.

Модельдеудің енгізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады. Модельдеудің жалпы кезеңдерін келесі төменнен көруге болады. Бірақ, модельдеу шығармашылық процесс болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, ал бірқатары толықтырылуы мүмкін.

1 – кезең.Есептің қойылуы 2 – кезең. Модельді құру

Есептің берілгені Ақпараттық модель

Модельдеу мақсаты Таңбалық модель

Объектіні талдау Компьютерлік модель

3-кезең.Компьютерлік эксперимент 4 – кезең. Модельдеу нәтижесін талдау

Модельдеу жоспары Нәтиже мақсатқа Нәтиже мақсатқа

Модельдеу технологиясы сай келеді сай келмейді

Жалпы алғанда еспеп дегеніміз – шешілуге тиісті мәселе болып табылады. Есептің қойылымнда берілген бастапқы мәліметтермен қатар мақстаны анықтау және объектіні немесе процесті талдау анық көрсетілуі қажет.

Шығарылуы: 1 – кезең. Жазықтықтағы үш нүкте арқылы үшбұрыш сызу сол нүктелердің орналасуына байланысты болады. Сондықтан үш нүкте қалай орнлаласқан кезде үшбұрыш сызуға болатындығын анықтау керек. Мысалы:келесі суретте көрсетілгендей а), ә) жағдайларында берілген үш нүкте арқылы үшбұрыш сызуға болмайды, үш нүкте бір түзудің бойында жатады;ә)жағдайында үш нүктенің координаталары бірдей; б)үшбұрыш құрылады. Сонымен модельдеудің мақсаты үшбұырш төблерінің координаталары қандай болған кезде үшбұрыш құрылатынын анықтау. Объектіні талдау мақсаты үшбұрыш құрылған жағдайда сол үшбұрыштың қандай болатындығын анықтау болып табылады.

2 – кезең. Модель ұру. 1. Ақпараттық модель құру мақсатында қандай ақпаратпен жұмыс атқару керектігін анықтау қажет. Біздің жағдайымызда жазықтықта орналасқан үш нүктенің координаталары берілуі тиіс. Координаталара міндетті түрде сандық мән арқылы беріледі, яғни олардың типі бүтін немесе нақты болуы мүмкін. 2. Үш нүктенің координаталарын сәйкес (х1,у1), (х2,у2), (х3, у3) деп белгілейік. Сонымен, ақпарат сөз түрінен таңбалық белгілеуге көшірілді. Енді оны таңба түрінде де жазуға да болады. Алынатын нәтижені де таңба түрінде, мысалы үшбұрыш құрылады дегенді «1», ал құрылмайды дегенді «0» арқылы белгілеуге немесе сөз арқылы жазуға да болады.

3 – кезең. Компьютерлік модель құру және алгоритм анықтау үшін үшбұрыштың құрылу шартын жазу және құрылған жағдайда оның түрін анықтау керек. 1. Жазықтықта үш нүкте бір түзудің бойында жататын жағдайды қарастырайық. Оны аналитикалық жол арқылы, яғни ұқсас үшбұрыштардың қабырғаларының пропорционалдық қасиеті арқылы анықтауға болады.

М1М2А және М1М3В үшбұрыштарының ұқсастық шартынан төмендегі қатынасты жазуға болады:

|M2|/|M1|=|B3|/|B1| немесе y2-y1/x2-x1=y3-y1/x3-x1.

Демек, үш нүктенің бір түзудің бойында жату шарты:егер екі төбесі бір нүкт бойында орналасса, онда 0/0=у3-у1/х3-х1 (1, а – сурет), ал үш төбенің бір нүктесінде орнласса, онда 0/0=0/0 (1, ә - сурет) зерттеу қажет етілмейді.

(у2-у1)(х3-х1) =(у3-у1)(х2-х1).

Бұл шартты программа арқылы тексеру өте оңай. Яғни алгоритмдік тілде:

онда нәтиже: =«үшбұрыш құрылмайды»;

әйтпесе нәтиже: «үшбұрыш құрылады» бітті.

4 – кезең. Жоғарыда қарастырылған модельге және оған сәйкес алгоритмге Паскаль тілінде программа құрып төбелерінің координаталарын әр түрлі мәндер беріп, тәжірибе жүргізейік:

program ysb;

label 5;

const n=3;

var x:array [1..n] of real;

y:array [1..n] of real;

a,b,c,r:real; i:integer;

begin

writeln (‘координатасын енгізу’);

for i=1 to n do

read (x[i], y [i]);c:=sqr(x[2]-x [1])+sqr(y[2]-y [1]);

a:= sqr (x[3] -x [2])+ sqr (y[3] -y[2]);

b:= sqr (x[3] -x [1])+ sqr (y[3] -y[1]);

writeln (‘a=’, a:8:3, “:4, ‘b=’,b:8:3,’:4,c’ ,c:8:3);

if(x[3] -x[1])* (y[2] -y[1])<> (x[2] -x[1])* (y[3] -y[1]) then

writeln (‘үшбұрыш құрылады’)else

writeln (‘үшбұрыш құрылмайд’);goto 5;

if a=b+c then writeln (‘үшбұрыш тікбұрышты’)else

if a<="" (‘үшбұрыш="" writeln="" then="">

writeln (‘үшбұрыш доғал бұрышты’);

5: end.

5 – кезең. Программа орындалғандағы нәтиже есептің дұрыс жауабын көрсетеді.

Сабақты бекіту сұрақтары

* Модель дегеніміз не?

* Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процестен қандай айырмашылығы бар?

* Модельдеу деген не?

* Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

* Статистикалық модель мен динамикалық модельдің айырмашылықтары қандай?

* Материалдық модель дегеніміз не?

* Ақпараттық модель дегеніміз не?

* Вербальдық модель дегенімізне?

* Таңбалық модель дегеніміз не?

* Көрсету әдісіне қарай модель қандай топтарға жіктеледі?

* Компьютерлік модельдеу не үшін қажет?


Үйге тапсырма: Сынақ жұмысына дайындық.


Пән аты: Информатика

Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Графика. Компьютерлік желілер. Модельдер және модельдеу

түрлерінен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Графика. Компьютерлік желілер. Модельдер және модельдеу түрлерінен оқушылардың алған білімдерін тексеру.

Дамытушылық: Сынақ жұмысын алу барысында оқушылардың ойлау қабілетін,

ой - өрістерін, білі – білік дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сынақ жұмысы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Сынақ жұмысын тапсыру

3.Сынақ жұмысын талдау

4.Үй тапсырмасын беру


Сынақ жұмысы

І – нұсқа

1. Паскаль тілінде Графикалық режимге ауысу процедурасы

А) DRIVERS Ә)USES GRAPH Б) INITGRAPH В) DETECT

2. Суреттің ағымдағы түсін беретін функция

А) MOVETO Ә) CLEAR VIEW PORT Б) DETECT GRAPH В) SETCOLOR

3. Ағымдағы фонның түсін беретін функция

А) SETBKCOLOR Ә) SETGRAPH PALETTE Б) SETFILLPATTERN В) SETCOLOR

4. Тұйық облыстың ішін бояу.

А) FLOODFILL Ә) GETGRAPH PALETTE Б) SETFILLPATTERN В) SETCOLOR

5. LINE (х1,у1,х2,у2: integer) процедурасының қызметі...

А) түзу сызық сызу Ә) төртбұрыш сызу б) шеңбенр сызу в) доға сызу

6. Эллипс доғасын сызу процедурасын көрсетіңіз:

А) FillEllipse (x,y:integer;XR,YR:word) Ә) Ellipse (x,y:integer;B1,B2,RX,RY:word)

Б) Pbielice (x,y:integer;B1,B2,R:word) В) Sector (x,y:integer;B1,B2,XR,YR:word)

7. Arc (x,y:integer;B1,B2,R:word); процедурасының қызметі...

А)іші боялған эллипс сызу Ә)доға сызу

Б)эллипс доғасын сызу В)шеңбердің іші боялған доғасын сызу

8. Outtext (Tex : String); процедурасының қызметі...

А) экранға текст шығару Ә) берілген позициядан бастап текст шығару

Б) шығарылған текстің стилін орнату В) шығарылған текстің символдарының мөлшері

9. SetTextStyle (Font;word;Direction;word;CharSise:word); процедурасының

қызметі...

А)экранға текст шығару Ә)берілген позициядан бастап текст шығару

Б)шығарылған текстің стилін орнату В)шығарылған текстің символдарының мөлшері

10. Бағдарламаларды, құжаттарды, принтерлерді бірігіп пайдалану үшін бір – бірімен

байланыстырылған компьютерлер тобы...

А) Компьютерлік желі Ә) Компьютерлік байланыс Б) Жалпы желі В) Интернет

11. Компьютерлік желілер неше топқа бөлінеді және қандай?

А) 2, қарапайым және күрделі Ә) 3, жалпы,жергілікті,қосымша

Б) 2, жергілікті және жалпы В) 3, қарапайым, күрделі, жергілікті

12. Топология түрлері

А) шина,сақина,броузер,жұлдыз Ә) шина,сақина,жұлдыз,домен

Б) шина,броузер,домен,ақшақар В) шина,жұлдыз,сақина,ақшақар

13. Компьютерлік желі арқылы хабарлама жөнелту және қабылдау тәсілі –

А)Интернет Ә)электрондық пошта Б)Модем В)Сервер

14. Компьютердегі HTML пішімі түріндегі Web – құжаттарды оқуға арналған программа

А)Броузерлер Ә)Бранмауэр Б)Провайдер В)
Web парақтары

15. Саны шектеулі компьютерлердің байланысы қалай аталады?

А)Интернет Ә)Компьютерлік желі

Б)Ауқымды желі В)Корпоративтік желі

16. Компьютерлік желіде тасымалданатын мәтіндік құжаттарды түрлендіре отырып

пішімдеуге арналған арнай тіл

А) ТСР/ІР Ә) Pascal Б) Web В) HTML

17. … дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде

бейнелеп көрсету

А) Модельдеу Ә) Модель Б) Прототип В) Шешім қабылдау

18. Модельдің қасиеттеріне қарай топталуы

А) статистикалық және динамикалық

Ә) материалдық және ақпараттық

Б) оқу, тәжірибе, ғылыми – техникалық, ойын, имитациялық

В) компьютерлік және компьютерлік емес

19. Объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін… модель

деп айтады.

А) статистикалық Ә) динамикалық Б) таңбалық В) вербальдық

20. Вербальдық модель дегеніміз не?

А) Арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық

модель

Ә) Уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін беретін модель

Б) Ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель

В) Программалық орта көмегімен іске асатын модель

21.Тарату тәсіліне қарай модельдер қандай топтарға бөлінеді?

А) компьютерлік және компьютерлік емес Ә) статистикалық және динамикалық

Б) материалдық және ақпараттық Б) вербальдық және таңбалық

22.Объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс қандай модель болып табылады?

А) компьютерлік Ә) статистикалық Б) материалдық В) ақпараттық

23.Компьютерлік модель дегеніміз -

А)алдын ала нәтижелері белгілі болатын бастапқы мәліметтердің жинағы

Ә)программалық орта көмегімен жүзеге асатын модель

Б)иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар

В)графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар


















Сыныбы:_____________________ Күні: _______________________________________

Мұғалімі: __________________________ Тексерген: ____________________________


Сабақтың тақырыбы: МӘТІНДІ ПІШІМДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер,

мәтіндік құжатты пішімдеу, пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыру;


Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;


Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау

арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум, тақта.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

5. Үйге тапсырма




Формат/шрифт


Гарнитура (қаріп түрі)


· Кегль (қаріп мөлшері)


· Жартылай қарайтылған шрифт


· Курсив (қаріпті қисайту)


· Астын сызу


· Маркер (түспен белгілеу)














Shape3 Shape2 Shape1

Панель батырмалары:

Форматирование,

Форматная кисть



Контекстік меню:

Шрифт

Менюден:

ФОРМАТ – Шрифт

ФОРМАТ – Стиль







Формат - Шрифт командасы арқылы:

^ Қаріп түрін;

^ Қаріп мөлшерін;

^ Қаріптердің астын сызу

^ Қаріп символдарының түсін;

^ Астын сызу;

^ Арнайы эсерлер;

^ Жоғарғы және төменгі индекс;

^ Белгіленген үзіндіні кіші эріптерге немесе үлкен әріптерге айналдыру;

^ Белгіленген үзінділерді жасырын түрінде т.б рәсімдеу түрлерін өзгертуге болады.


Формат - Границы и заливка қосымшасы арқылы мына эрекеттерді орнатуға болады:

^ Шекара түрін;

^ Қолданатьш сызықтың түсі мен қалыңдығын;
^ Заливка түрі мен түсін;

^ Заливка фоны мен түсін;

^ Бетгі пішімдеу үшін суреттің түрін;.

Формат - Буквица командасы арқылы мәтіннің бірінші әрпін үлкейтуге болады.


Формат - Колонки командасы арқылы мәтінді бағандарға бөлуге болады.


Формат – Список командасы арқылы мәтінді нөмірлеуге және маркерлеуге болады.


Тасымал жасау үшін Сервис – Язык – Расстановка переноса командасын таңдаймыз.


Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Оқулық: 128 – 134 беттердегі тапсырмаларды орындау. Практикум. 9.1, 9.4, 9.5, 9.8, 9.13, 9.18 тарсырмаларды орындау.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Мәтіндік қүжатты пішімдеу деп. нені түсінесіңдер?

  2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?

  3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?

  4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?

  5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?


Оқушыларды бағалау.






Сыныбы:_____________________ Күні: __________________

Мұғалімі: __________________________ Тексерген: ____________________________


Сабақтың тақырыбы: Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер,

мәтіндік құжатты пішімдеу, пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыру;


Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;


Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау

арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум, тақта.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

5. Үйге тапсырма




Формат/шрифт


Гарнитура (қаріп түрі)


· Кегль (қаріп мөлшері)


· Жартылай қарайтылған шрифт


· Курсив (қаріпті қисайту)


· Астын сызу


· Маркер (түспен белгілеу)








ФShape5 Shape4



Контекстік меню:

Шрифт

Менюден:

ФОРМАТ – Шрифт

ФОРМАТ – Стиль

ормат - Шрифт командасы арқылы:

^ Қаріп түрін;

^ Қаріп мөлшерін;

^ Қаріптердің астын сызу

^ Қаріп символдарының түсін;

^ Астын сызу;

^ Арнайы эсерлер;

^ Жоғарғы және төменгі индекс;

^ Белгіленген үзіндіні кіші эріптерге немесе үлкен әріптерге айналдыру;

^ Белгіленген үзінділерді жасырын түрінде т.б рәсімдеу түрлерін өзгертуге болады.


Формат - Интервал командасы арқылы:

^ Интервал (символдар ара қашықтығы) - обычный, разреженный,
уплотненный

^ Смещение (выше, ниже строки) - нет, вниз, вверх

^ Кернинг шрифта - символдар ара қашықтығын автоматты түрде
тағайындау. Кернинг қосқышы символдарды бір біріне жақ
ын
орналастырады.

^ Символдар анимациясын тағайындауға болады.


Жартылай қарайтылған

Ctrl + B

Курсив

Ctrl + I

Астын сызу

Ctrl + U

Жоғарғы индекс

Ctrl + =

Теменгі индекс

Ctrl + +

Символдар регистрін өзгерту

Shift + ҒЗ


Абзацты пішімдеу


Пішімдеу панеліндегі

батырмалар


Контекстік меню


Масштаб сызғышы


Меню

ФОРМАТ -Абзац


А бзацты пішімдеу.


Сол жақ шеті бойынша туралау

Сtrl + L

Оң жақ шеті бойынша туралау

Ctrl + R

Ортасы бойынша туралау

Сtrl + Е

Оң және сол жақ шеті бойынша туралау

Ctrl + J


Формат - Абзац диалогтық терезесіндегі Отступы и интервалы қосымшасы арқылы мына әрекеттерді орындауға болады:

^ Абзацты тегістеу;

^ Басылатын қағаз абзац шегіністерін тағайындау;

^ Жеке абзацтар арасындағы интервал;

^ Абзацтың бірінші қатарының түрі - красная, висячая, без отступа;

^ Абзац ішіндегі қатараралық интервал (одинарный, полуторный, двойной и др.)

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?



Оқушыларды бағалау.












19 сабақ

Сыныбы:_____________________ Күні: ___________________________________

Мұғалімі: __________________________ Тексерген: _______________________________


Сабақтың тақырыбы: МӘТІНІҢ ОРНЫН АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ КӨШІРМЕЛЕУ.

МӘТІНДІК ҚҰЖАТТЫ БАСПАҒА ШЫҒАРУ.

Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: МӘТІНІҢ ОРНЫН АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ КӨШІРМЕЛЕУ,

МӘТІНДІК ҚҰЖАТТЫ БАСПАҒА ПІЫҒАРУ, беттерді нөмірлеу, құжаттарды басу, кесте құру ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;


Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Окушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,

баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум, тақта. Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

5. Үйге тапсырма

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?

  2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?

  3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?

  4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?

  5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтіндік блокты көшіру үшін, ең алдымен оны белгілеңдер, содан кейія <СТRL> пернесін басып тұрып, белгіленген блокты шертіңдер де, оның орнын ауыстырыңдар. Көшіру кезінде ішінде «плюс» белгісі бар кішкене тікбұрыш пайда болуы тиіс. Ақпаратты көшіру жэне орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады.

Правка-Копировать командасы арқылы буферге көшіргеннен кейін Правка-Вставить командасы арқылы буферден қою керек..

Үлкен көлемді құжатпен нсрлыс жасау барысында қүжат беттерін нөмірлеген ыңғайлы. Ол үшін Вставка-Номера страниц командасын таңдау қажет.


1. Положение - бөліміндегі тізімнен нөмірді орналастыратын орынды таңдау қажет.

  1. Выравнивание - тізімнен тегістеуді таңдау қажет.

  2. Егер Номер на первой странице пункітінде қосқыш қажет болса қосқышты
    орнатуға болады.

4. Ок немесе Отмена батырмасын таңдау қажет.

Формат... диалогтық терезесі арқылы Формат номера страницы бөлімі ашылады.

1. Формат номера бөілімінде нөмірлеу форматын
таңдауға болады.

2. Включитъ номер главы бөліміндегі қосқышты қосуға
немесе ажыратуға болады.

3. Нумерация страниц бөлімінде продолжить немесе начать с басталатын немесе жалғастыратын өрісті тағайындау қажет. Кдаалдар панелі арқылы да беттерді нөмірлеуге болады.

  1. Вид - Колонтитулы командасын таңдау қажет.

  2. Колонтитулы құралдар панелінен - верхний/ нижний колонтитул белгісін
    таңдаймыз.

Қ ұжатты баспаға жіберместен бұрын Файл-Предеарительный просмотр командасын таңдаймыз. Файл-Печать командасын таңдаймыз.

  • Принтер бөлімінен қажетті принтерді тавдау қажет.

  • Копии бөлімінде Число нопии өрісінде кұжаттың қанша

данасы қажет екенін тағайьшдау қежет.

- Страницы бөлімінде құжаттың қай бөлігі баспаға

берілетіндігі тағайындалады. Бүкіл құжат үшін - всі белгіленген бөлік үшін Выделенный фрагмент, ағымдағы бет үшін -Текущая, нөмірлері бойынша - Номера бөлімдерін таңдау қажет.



КЕСТЕ ҚҰРУ

Shape6 Shape7

Қ

А

Т

А

Р

Л

А

Р



ФИЛИАЛДАР

САТЫЛЫМ

Алматы

4654 млн.т

Шымкент

3454 млн.т

Жамбыл

3654 млн.т

Қарағанды

4789 млн.т

Барлығы:




Shape8

Shape9

Shape10

Shape11




КShape12 есте - бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысы ұяшықты құрайды. Кестені екі түрлі әдіспен: меню жэне құралдар панелі арқылы құруға болады.

1. Таблица -Добавить - Таблицу командасын таңдау керек. Вставка таблицы диалогтық терезесіндагі Число столбцов бөлімінде кестедегі бағандар санын, ал Число строк бөлімінде қатарлар санын тағайындау қажет.





2 . Құралдар панеліндегі батырмасын шерту қажет. Кестедегі келесі ұяшыққа Tab немесе бағыттауыш арқылы өтуге болады.


Ұяшықшарды қосу және біріктіру, өшіру:

Ұяшықтарды біріктіру үшін қажетті ұяшытарды белгілеп, Таблица - Объединить ячейки командасын

Таңдау қажет.

Ұяшықтарды бөлу үшін қажетті ұяшықты белгілеп, Таблица - Разбить ячейки командасын таңдау қажет.

Ұяшықтарды қосу үшін Таблица - Вставить - ячейки командасын таңдау қажет. Қатар және баған қосу үшін Таблица - Вставить командасын таңдау қажет.



Ұяшықтар мен қатарлар мөлшерік тағайындау және сызықтар қосу үшін кестенің


ұяшықтары мен бағандарының қиялысқан жеріне мауысты белгілеп жылжыту қажет. Содан кейін Таблица Свойства командасын таңдау қажет






ДОБАВЛЕНИЕ ГРАНИЦ И ЗАЛИВКИ

Әр түрлі шекаралар типін таңдау және үяшыцтардың ішін бояу үшін Формат -Границы и заливка командасын таңдаймыз немесе құралдар қатарынан Таблицы и

г раницы құралдарынан белгісін таңдау керек.


Таблица – Автоформат командасы арқылы кестені пішімдеудің дайын үлгілерін таңдауға болады.


Ұяшыктағы мәліметтерді горизонталь және вертикаль түрде орналастыру үшін Формат -Направление текста командасын таңдаймыз.



Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар

Оқулық:141-147 беттердегі тапсырмаларды орындау. Практикум: 9.23,9.27,9.30,9.31,9.32 тапсырмалар

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?

  2. Қү_жаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?

  3. Кесте деген не?

  4. Кесте құру жоддарын ата?

  1. ¥яшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?

  2. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.

20 сабақ

Сыныбы:_____________________ Күні: ___________________________________

Мұғалімі: __________________________ Тексерген: _______________________________

Shape13 Сабақтың тақырыбы: WORD ТЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ,

Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, Фигуралық мәтін кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік WORD - ТЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ мәтіндік

құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, фигуралық мәтін

Тәрбиелілік Дамытушылык


Сабақтың түрі:

кірістіру туралы білімдерін қалыптастыру;

Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,

баяндау арқьшы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Тапсырмаларды орындау

  4. Үйгетапсырма

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?

  2. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?

  3. Кесте деген не?

  4. Кесте қүру жолдарын ата?

  5. Үяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?

  6. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін Вставка—Рисунок—Картинки... командасын орындау қажет.

а) суреттер... ( СlірАгt программасы объектілерінен);

б) файлдан... (файл түрінде сақталған объектілер);

в) автофигуралар;
д) сканерленген;

е)диаграммалар (Ехсеl электрондық кестесі арқылы тұрғызылған диаграммалар).

1. Вставка – Рисунок - Картинки...командасын таңдағанда Місrosoft СliрСаllегу диалогтық терезесінде Картинки қосымшасынан және Рисунок категориясын таңдаңдар.

2. Суретті таңдағаннан кейін Вставить батырмасын шерту қежет. Суретті
орналасуын тағайындау үшін Динамикалық менюден
Формат рисунка - Положение
командасын таңдау қажет.


Вид -Панель инструментов -Рисование командасы арқылы түрлі дайын геомтриялық фигуралар мен түрлі графикалық әрекеттерді орындауға болады. Түрлі автофигуралар мен WordArt коллекциясын пайдалануға болады.















Практикалық жұмыс

























Жаңа сабаққ орындалатын тапсырмалар: Практикум 9.37,9.38 тапсырмлар.


Сабақты бекіту сұрақтары:


  1. Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін қандай амалдар орыядаймыз?

  2. Рисование панелі арқылы қандай эрекеттер орындаймыз?

  3. Формат рисунка - Положение командасы қандай қызмет атқарады?


Үйге тапсырма беру. Практикум: 9.36,9.39,9.41 тапсырмалар


Оқулық: 6-тақырып. WORD-ТЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ,

Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, Фигуралық мәтін кірістіру (МАЗМҰНДАУ). ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУ.


Оқушыларды бағалау.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!