Материалдар / Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ

Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп:"О.Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі" КММ Мерзімі: 29.01.2018 жыл Мұғалiм: Кулетаева А.А. Сынып: 6 Оқушылар саны:7 Тақырып: «Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ»Құндылық: Сүйіспеншілік.  Қасиеттер: кешірімді болу, шынайылық, жанашырлық. 
Сабақ мақсаты: Оқушылардың бойындағы қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік құндылығын ашуМіндеттері:1. Табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;2. Баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін дағдыландыру;3. Табиғаттың әрбір бөлшегіне жанашырлық танытуға тәрбиелеу;Ресурстар: ( құралдар, мәліметтер)
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.Үй тапсырмасын тексеру    -Сәлеметсіздерме балалар!Ағаш түрлері арқылы 3 топқа бөлу.Тәртіп.Талап .Тыныштық .Тазалық.Татулық сақтай отырып сабағымызды бастайық

 ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН. Арқамызды тік ұстап отырайық. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Ескерту
Үй тапсырмасын тексеру.  ( Мәтінмен жұмыс)74 – беттегі А.Сейдімбектің «Бетпақдала» әңгімесін оқу, талдау. 1. Хан жарлығы мен ел – жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?2. Құнарлы жердің бетпақдалаға айналуының себебі неде?3. Ханның орнында сен болсан не істер едің? 4. Қазіргі заманда осындай жағдайларды кездестіреміз бе?

Дәйексөз.«Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді.» Махатма Ганди1.Шексіз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?2.Табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалай түсінесіздер? 3. Ұлдар, қыздар, барлығы қайталайды.

Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат) Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты.Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық,қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап,оның жолын қайдан табамыз деп,ұзақ кеңесіпті.Әрі ойланып,бері ойланып,ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болады.Үлкен ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Саялы орманынан»,ортаншы ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен,ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.Ұлдарына риза болған қария,үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты. Қария бақытты да баянды,ұзақ ғұмыр кешіпті.1. «Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» көз алдыңа қалай елестетесін?2.Ұлдарының әкелеріне деген сүйіспеншіліктерін қалай көруге болады?(Таза ауа,таза су,пайдалы тағам,көтеріңкі көңіл күй, адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.)Өсиет әңгіме
Шығармашылық іс- әрекет, топтық жұмыс.
  • Сүйейік........... , аялайық!
  • Бізде де онан ...........аямайық!Анадай.......... аясындаЖадырап жас ......... балаша демалайық!
  • «Табиғатқа сүйіспеншілік» тақырыбына коллаж жасау.
  • Өз туған жеріңнің табиғатының суретін сал


  • Топпен ән айту. Өмір сүрейік алмасып                 Жапырақ жүрек жас қайыңЖанымды айырбастайынСен адам бола бастасаң Мен қайың бола бастайынКелісемісің жас қайың?!Көрінер мүмкін кімге ерсізӨміріңді маған бір бершіДүрбілең мына дүниені Қайың көзімен бір көршіҚайың боп менде бағайынОрманнан орным табайынБеймәлім маған өміргеҚайың көзімен қарайынСен дағы жерден нәр алдыңМен дағы жерден нәр алдымБіреуден сен де жаралдыңБіреуден мен де жаралдымТілі жоқ жансыз қайыңсың Айырмашылығым - Адаммын!Сондықтан ұзақ жасарсыңҚұрдасы келер заманныңМендегі барі бір  жүрекОл өлсе мәңгі кеткенімСендегі семсе мың жүрекКелгенде жасыл көктеміңТірілер қайта дүркірепБар жоғы менде бір жүрекБеріпті жүрек саған мың                                                                      Сондықтан ұзақ жасарсыңҚұрдасы келер заманныңЖапырақ жүрек жас қайыңЖанымызды айырбастайық?Адам боп тұрсаң қасқайыпҚайың боп тұрам қасқайып                                                               Келісемісің жас қайың?!  (4рет)Тәуекел айырбастайық(2 рет)Өмірге-өмір жалғасыпАнамыз жерге жармасыпБірде адам,бірде қайың бопСүрейік өмір алмасып... 

    Үй тапсырмасы. Мәтінмен жұмыс.77- беттегі  А. Сейдімбектің  әңгімесін оқып келу.

    Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка қосылады. Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!











    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ