400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мөлдір бұлақ– жасыл құрақ. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаты: Табиғаттың үйлесімді байланысы арқылы қоршаған ортаға қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу; Міндеттері: Оқушыларға табиғаттың үйлесімді байланысы арқылы қоршаған орта туралы түсінік беру; Оқушыларды қиянат жасамауға баулу; Оқушыларды қамқорлыққа, шыдамдылыққа, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн–өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы № 21сабақ

Тақырып: Мөлдір бұлақ– жасыл құрақ.

Құндылық: Қиянат жасамау.

Қасиеттер: Қамқорлық, шыдамдылық, қоршаған ортаны қорғау.

Мұғалiм: Сералиева Мариям Сералықызы

Класс: 6 «А» Оқушылар саны:14

Сабақ мақсаты: Табиғаттың үйлесімді байланысы арқылы қоршаған ортаға қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу;

Міндеттері: Оқушыларға табиғаттың үйлесімді байланысы арқылы қоршаған орта туралы түсінік беру;

Оқушыларды қиянат жасамауға баулу;

Оқушыларды қамқорлыққа, шыдамдылыққа, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық;

Дәптер;

Қалам-қарындаш;

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Бес «Т» сақтау керектігіне тоқталып кету,

Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен»

Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру А.Сейдімбек

  • Табиғат неліктен әрі мейірімді, әрі қатал?

  • Табиғат аясында тәртіп пен тазалықты сақтау неліктен қажет деп ойлайсыңдар?

  • Адамның табиғат алдындағы парызы неде?


2. ӘңгiмелеуМұғалім сыйы:

"Қырыққыз" туралы аңыз...





«Қырық қыз» – таңқаларлық құбылыс.

       Ел аузындасақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болыпкележатқанкөнеаңызбылайдеп сыр шертедi: «Ерте, ерте, ертеде, бәлкiм, Ер Төстiктiңзаманындаболар, осы өңiрдебiрбайдыңқызыбойжетiп, бесiктежатқандаатастырылыпқойғанжiгiтiнеұзатылатынкүн де келiпжетедi. Құда-құдағилар той жабдығындайындап, мәре-сәребопқуаныпжатады. Сұлуқыз, серiжiгiттерқосылыпәншырқап, балуандарбелдесiп, шабандоздаркөкпартартып, ұлан-асыржиынныңкөрiгiн қыздырады. Әне, күйеужiгiт те келiпқалдыдегенқуанышты хабар жетедiбiркезде. Мұныестiгенауылқыздары топ-топ болып, бөркiнетаққанүкiлерiжелбiреп, етегiжерсызғанбүрмекөйлектерiнжелтолқытып, болашақжездесiнiңалдынаншықпайма, керiлiп…

     Кенетбiрқиырданшаңкөтерiлiп, жантүршiгерлiкайқайестiледi. «Жау... Жаушаптыы...». Қалың ел аяқастынандүрлiгiп, қолынақаруұстауғажарайтын ер-азаматтыңбарлығыатқақоныпжатады. Бiрақ, тұтқиылдан тап бергенжауолардыңбасынбiрiктiрмей, тоз-тозетiп, қанғабөктiрiп, қынадайқырыпсалады…

       Әне, солкездекүйеужiгiттiкүтiпаламыздеп топ-топ болып шыққан сұлуқыздаршыңбасындажылап, еңiрептұрып: «О, Жаратқанием, жерiмiзотқаоранды, елiмiзкүлгеайналды. Ендiбiздiжауқорлығынанқұтқарып, тасқаайналдырыпжiберегөр...» депзарлап, құдайғажалбарынғанекен…

Оңтүстiк Қазақстан облысының таулы аймақтарындағы Қаратау жоталарының Боралдай шоқыларынан басталып, Құлан, Шақпақ, Иiрсу, Дәубаба, Өгем, Қаржантау сияқты табиғатымыздың әсем аймақтарымен ұласады. Өгем – Тәңiртаудың iрi сiлемдерiнiң бiрi. Оның бөктерiнде сарқырап өзен ағып жатыр.

      Өгемшатқалына  түсетiнжолқиын. Бiржағы  – жар, бiржағы – құз. Осы шатқалдантөментүссеңіз, бiр топ адамғаұқсап көрiнген ұзын-ұзын тастарға қарап таңғаласыз. Расында да, ғажапкөрініс! Алыстанқарағанда, бүрмекөйлегiнiңетегiжелбiрептауғақарайкележатқанқайсарқыздарғаұқсайтынүлкентасескерткiштердiұлытабиғатшебердiңөзiғасырларбойысомдап, қылта-қылтадағыжартастардан қашап жасаған сияқты. Бiрiненбiрiұзақемесекi-үшқылтаданбойынсозып, топ-топ болып көрiніп тұр.

- Бейбіт ел неге тұтқиылдан келген жауға төтеп бере алмады?

- Бұл оқиға қай өлкеде болған?

- Жаудың қиянат жасауынан қыздар қалай құтылды?

- Сонда неліктен табиғатсыз өмір сүруге болмайды?


Дәйексөз

«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» (Нақыл сөз)

Оқушыларға хормен оқыту;

Бірінші жай сөйлемді қыз балалар оқиды;

Екінші жай сөйлемді ұл балалар оқиды;

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіні сұралады;

Дәптерге жаздырылады;


Топпен ән айту. «Қос қарлығаш» әні

Сөзі: Б.АуданбаевӘні: Н.Еспанов

1.Бір күн келіп алмастырып, бір күнді,

Көктем келіп, айналамыз құлпырды.

Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,

Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.

Қайырмасы:

Қос қарлығаш көктемде

Сағындырып жеткен бе?

Қандай сезім жетеледі туған мекенге?

Тағып алып ақ тұмар,

Жұлдыздай боп ақтыңдар,

Ерте өшкен үмітімді қайта жақтыңдар,жақтыңдар.


2.Қос қарлығаш қияқ қанат достарым,

Қанатыңмен тілгілеген аспанын.

Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегім,

Ұя салса ауласына басқаның.

Қайырмасы:

Қос қарлығаш көктемде

Сағындырып жеткен бе?

Қандай сезім жетеледі туған мекенге?

Тағып алып ақ тұмар,

Жұлдыздай боп ақтыңдар,

Ерте өшкен үмітімді қайта жақтыңдар,жақтыңдар.

Туған жер, туған ел.


3.Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген,

Тірліктерің туған жерге өң берген.

Әрбір адам туған жерін сүюді,

Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден.

Қайырмасы:

Қос қарлығаш көктемде

Сағындырып жеткен бе?

Қандай сезім жетеледі туған мекенге?

Тағып алып ақ тұмар,

Жұлдыздай боп ақтыңдар,

Ерте өшкен үмітімді қайта жақтыңдар,жақтыңдар.


Соңғы тыныштық сәтi.

Ақырын әуен қойылады;

-Бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар;

- Бүгінгі сабақ үшін сіздерге рахмет!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі